Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығысқа Түркиядан қарилар келді

Қари -  Құранды жатқа оқитын діни қызметкер. Ал биыл облыста тарауық намазын оқу үшін Түркиядан үш хафиз келді

Рамазан айында ғана өтелетін тарауық намазында Құран бастан-аяқ оқылатыны белгілі. Ал тарауық намазын Құранды оқу ережелеріне сай оқыса, сауабы мол болмақ. Елде мұндай діни қызметкерлер аз болғандықтан, мешітте тарауық намазын оқуға имам жетіспей жатады. Соған орай, биылғы оразада Бас муфтият Қазақстанға Түркия мен Мысырдан бірнеше қари шақыртып отыр екен. 
- Оның үшеуі Шығыс Қазақстанға келді. Бірі Халифа Алтай мешітіне имам болса, енді екеуі Зайсан қаласы мен Ұлан ауданына жіберілді. Былтыр тек Түркиядан ғана бір имам шақыртқан болатынбыз. Елімізде Құранға жетік қарилар бар, біртіндеп көбейіп келеді. Бірақ әлі де жетіспей жатыр, - дейді облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Мұсылман жамағатының ораза құлшылығының басталуына орай, имам таксилер де өз қызметін бастамақ. Былтыр облыс бойынша 50-ден астам имам такси тарауық намазынан шыққан жамағатты үйлеріне жеткізіп салумен айналысты. Биыл да олардың саны бұдан кем болмауы тиіс. 
- Қайырымдылық жасағысы келген кез келген мұсылман имам такси қатарына қосыла алады. Имам такси тұрғындарды үйіне дейін жеткізе отырып, уағыз бен насихат айтады. Жамағаттың түсінбей жүрген сауалдарына жауап береді. Биыл намазға жиналған жұртты жеткізіп салу үшін автобустар да тегін қызмет көрсетуі мүмкін, - дейді Ермек қажы.
Елдің Бас муфтиі Серікбай қажы Ораз Қасиетті Рамазан айында мұсылман жамағатына үндеу тастап, алкогольді ішімдік сатпауға шақырған болатын. Облыстық мешіттің бас имамы да мұсылмандарға ескерту жасап, ораза айында ішімдік сатуды доғаруға үндеді.
- Әлбетте, Алланың ризашылығы үшін жаман істен бас тартқан адамның әрекеті сауапқа кенелері хақ, - дейді бас имам.

Следующая →