Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ресейден келетін құс етінен сальмонелла анықталды

Ресейден келетін құс еттерінен сальмонелла туысына жататын ішек таяқшалары тобының  бактериялары анықталды

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зертханалық тексеру кезінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша денсаулыққа зиян келтіретін азық-түлік өнімдерін байқаған. 
- Ресейден импортталатын  "Сытные" шұжығында 1,0 г ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Бұл факті нормалау көрсеткішінде болмауы керек. Өндіруші "Микояновский ет комбинаты" ЖАҚ, - деді мекеме басшысы Ғазез Сүлейменов. 
2018 жылдың басынан бері құс өнімдерінен алынған сынамалардан микробиологиялық көрсеткіштер бойынша бірқатар сәйкессіздіктер анықталған. Зерттеулердің барлығы тағамның қауіпсіздігін бақылау шеңберінде өтеді. Ғазез Сүлейменовтің айтуынша, сауда нысандарынан 39 құс өнімдері алынып зерттелді. Оның ішінен 3 отандық өнімнен сәйкессіздіктер шықты. Бұл табан астында жасалған тексеріс нәтижесінде анықталып отыр. 
- "Восток бройлер" ЖШС өндіретін "ARDAGER бройлердің" сан еті мен қанатынан, сондай-ақ, "Прииртышская бройлерная птицефабрика" ЖШС өндіретін "ARDAGER бройлердің" мойынынан табылды. Аталған өнімдер "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес емес, - деп атап өтті ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов.
Сондай-ақ, талапқа сай келмеген ірімшіктердің қатты және жұмсақ түрлері, йогурт өнімдері, балмұздақ, сары май және басқа да тұтынатын сүт өнімдері анықталды.
Следующая →