Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыс жемқорлық фактісі бойынша көш басында

ШҚО-да мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің әрекеттері негізінде сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстың қорытындысы жарияланды

Жыл басынан бергі 4 айдың ішінде 69 сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық фактілер анықталып, 40 адам жауапқа тартылған. 
- Көбінесе, мемлекеттік органдардағы қылмыстар пара алу және бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты. Шығыс Қазақстан жемқорлық бойынша республикада бірінші орында тұр, - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро департаментінің бастығы Сергей Потанин.
Белгілі болғандай, 69 факті мемлекетке 240 млн теңге шығын келтірген. Оның 70 млн теңгесі иесіне қайтарылған. Бүгінде жемқорлықты азайтуға бағытталған 59 заң қолданыста болса да "пара алу ісінің" динамикасы өспесе, азаяр емес.  Бұған не себеп?
- Көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Заң бойынша аса қатты қадағалаудың болмауы жемқорлық ісінің өсуіне себеп деп ойлаймын. Мәселен, ауыл шаруашылығын субсидиялаудағы мал өсіру мәселесін айтайық. Мемлекет субсидиялауға берген қаражаттың шеңберінде қожалық иесі өтініште "жалған" мал басын көрсетеді. Алайда оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тағы бір мысал, құрылыс нысандарын эксплуатациялауда негізгі тапсырыс беруші мемлекеттік орган болып табылады ғой. Ал тапсырыс алушы - лицензиясы бар жеке фирмалар мен компаниялар. Алайда олар мемлекеттік органдармен құпия келісімге келмегендеріне ешкім кепілдік бере алмайды. Әрбір саланың  өзінің ішкі мәселелері жетіп артылады. Олардың қылмыстық істерін дәлелдеу де қиын, - дейді Сергей Потанин.
Бұдан өзге де жарқын мысалдар келтірілді. Ол ақша жымқырып, 1 жыл бас бостандығынан айырылған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповқа қатысты іс. Бірақ өз қызметінің арқасында "Шығайбайға" айналған жалғыз шенеунік ол емес. Сондай-ақ, "ЖЭУ" ЖШС директоры басқарма есепшісімен бірігіп, екі үйді жөндеу бағдарламасы бойынша мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырғандығы да айтылды. 

Жемқорлықтың нағыз саласы ретінде құқық қорғау органдары, оның ішінде полиция қызметкерлері көш бастайды.  
- Үлбі полиция бөлімшесінің тергеу бөлімінің бастығы 1 млн теңге пара алмақшы болған. Алайда ол заң алдында жауап береді. Өкінішке орай, заң саласындағы адамдар сыбайлас жемқорлық фактілерін өршітіп отыр. Бұл, әрине, халықтың олардың жұмысына деген сеніміне әсер етеді, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық департаменттің Ұлттық бюро мамандары.
Айта кетейік, Transparency International сайтының хабарлауынша, биыл сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан әлемнің 180 елінің арасында 122-ші орында тұр.
Следующая →