Өскеменде марафон өтеді
Қазақстанда жеңіл атлетиканың құрылғанына жүз жыл толуына орай тұңғыш рет ірі марафон өткізілмек
Нақтырақ айтсақ, 3 маусым күні қаланың орталық көшелері жабылып, үш қашықтық бойынша жарыс басталады.
Атап айтқанда, балалар 1 шақырымға жүгірсе, қайырымдылық жарысына қатысқысы келгендер 2018 метрге жүгіреді, ал жартылай марафон 21,097 шақырымға созылады.
Марафонды ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мен ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасы, Өскемен қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі, Altay Athletics кәсіби клубы бірігіп ұйымдастырмақ.
Ал жеңімпаздарға ақшалай және заттай сыйлықтар беріледі.
Следующая →
Атап айтқанда, балалар 1 шақырымға жүгірсе, қайырымдылық жарысына қатысқысы келгендер 2018 метрге жүгіреді, ал жартылай марафон 21,097 шақырымға созылады.
- Марафонға кез келген адам қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ. Жарыс қайырымдылық шарасына орай ұйымдастырылып отырғандықтан, қатысқысы келгендер 2 мың теңге жарна төлейді. Марафонға 15 жасқа дейінгі балаларға қатысуға болады, - дейді ұйымдастырушылар.Марафон Республика алаңында сағат 10.00-де басталады. Бұл күні Сбербанк пен Республика алаңы арасындағы Орджоникидзе көшесінің бір бөлігі, Республика алаңынан Қабанбай батыр көшесі мен Пермитин көшесіне дейінгі аралық, М. Горький көшесі жабылады.