Усть-Каменогорск
малооблачно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +23°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +16°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Латын әліпбиіне көшудегі игі қадам

Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі елдегі латын әліпбиіне көшу жұмыстарына белсене араласуда

Оған сәуір айында өткен облыс халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің ұйытқы болуымен өткен тәжірибелік семинар дәлел. Семинар Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған ойды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.
- Тәжірибелік семинар барысында тыңдаушыларды бекітілген латын әліпбиімен толық таныстырдық. Бұл жиынның ерекшелігі -  латын әліпбиі ішіндегі есте сақтауға қиындық туғызатын әріптер мен дыбыстарды  меңгерудің тиімді әдістерін қарастыру. Себебі, әліпбиді оқытудың әдістемесі бойынша әлі Өскемен қаласында бірде-бір семинар сабақтары өткен жоқ, - дейді мектептің директоры  Гүлжазира Ғабдулина.
Сонымен қатар, Гүлжазира Қалдыханқызы талқылау-кездесулерді жиі өткізгеннен гөрі тәжірибеге баса мән беру керектігін алға тартады. Семинар сабақтары 40-60 жас аралықтағы мемлекеттік тілді үйренуші азаматқа мол азық беруде. Себебі, дәл осы орта буын өкілдеріне латын әліпбиінің жазылуы қиындық туғызады.
- Мектеп екі бағытта, яғни, этникалық тілдерді және мемлекеттік тілді үйрету бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен тығыз байланыстамыз,  - дейді мектептің оқытушысы Раушан Изгуттинова.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің оқытушылары ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді әр түрлі мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға арнайы барып үйретеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке түсушілерді ҚАЗТЕСТ сынағының А1, А2, В1 деңгейлеріне, Өскемен қаласындағы кәсіпорын қызметшілеріне, әр түрлі этникалық топтардың өкілдеріне қазақ тілін үйретсе, керісінше, шет елден келген қандастарға, орыс тілін білмейтін топтарға орыс тілдерінен дәріс береді. 
Следующая →