Усть-Каменогорск
ясно
-21°
  • Усть-Каменогорск
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -12°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Император" сауда үйі Жеңіс күнін тойлауда

Қаланың ірі сауда кешені "Император" да жыл сайын Ұлы жеңісті атап өтуге мән береді

Бұл жолы сауда үйінің қызметкерлері соғыс жылдарындағы әндердің жандануына ықпал ету үшін "Соғыс жылдарындағы әндер" атты мерекелік бағдарлама өткізді. Шараның басында қасіретті соғыс жылдары қаза болған ардагерлерді еске алып, кейін таспабау таратылды. 

Сауда үйінің жанында екі әскери шатыр құрылып, бірінде тегін сарбаз ботқасы мен палау таратылса, екінші балалар штабында "Бейбітшілік құсы" атты акция өтті. Мұнда балалар әскер мен соғыс тақырыбында сурет салып, қағаздан қолөнер бұйымдарын жасады. 
- Шара ұнап жатыр. Үш немереммен, келін-ұлыммен бірге келіп отырмын. Немерелерім палаудан ауыз тиіп, мәз болып жүр. Өзім әскери жылдардың әндерін тыңдап, балалық шағыма бір сәт оралғандай болдым. Шараны өткізіп, халыққа көңіл бөліп жатқан ұйымдастырушыларға шексіз алғыс білдіремін, - дейді қала тұрғыны Нұрбала Босмойын.
Достық үйінің орыс және казак халық ансамбльдері соғыс әндерімен бірге халық әндерін де қоса орындады. 
- "Императордың" Жеңіс күніне арнап ұйымдастырып жатқан мерекелік шарасына екінші рет қатысып отырмын. Ең бастысы, халыққа ұнаса болды, - дейді орыс ансамблінің әншісі Ольга Алихимович. 

Следующая →