Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мал бордақылауға жер жетпеуі мүмкін

Былтыр Жарма ауданының Бірлік ауылында үш мың ірі қараны жемдеуге арналған орын ашылған болатын

Қазір бұл бордақылау алаңының еншісінде 6 мың гектар жер бар. Бордақыға қажетті малды Жарма мен Көкпекті, Тарбағатай ауданының шаруаларынан сатып алады. 

Алайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің ойынша, бұл жер кәсіпкерге мал бордақылауға жетпеуі мүмкін. Өйткені әрбір гектардан 10-15 центнер шөп алғанның өзінде алты мың гектардан алынған шөп үш мың ірі қараны асырай алмайды. 
- Алты мың гектар жер жетпейді, бұл - айдан анық. Үш мың бас сиырды жемдеу үшін 21 мың гектардай жердің шабындық шөбі қажет. Алты мың тонна шөп алды дегеннің өзінде, бұл көлем қай уақытқа дейін жетуі мүмкін? Осының барлығын есептеп қарау керек. Олай болмаса, субсидия алған шаруа ертең кәсібін жауып, қаржыны қолды қылуы мүмкін, - дейді аймақ басшысы.
Әкімнің ойынша, бордақылаушы кәсіпкер шөпті шауып жинамай, сатып алатын болса, онда шөпті қайдан сатып алатындығын әрі оны қалай жеткізетіндігін дәлелдеуі қажет. 
Следующая →