Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әлсіз мұғалім жұмыстан кетеді

Оқыту курсынан өтіп, нашар нәтиже көрсеткен мұғалімдер жұмыстан шығарылады. Ал жақсы нәтиже жинап, үздік үлгі көрсеткенге сыйақы беріледі

Облыста алдыңғы жылдан бастап білім беру саласында үштілділік жобасы енгізіле бастағаны белгілі. Жоба аясында жаңа әдістеме бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілінің мұғалімдері оқытылып, білімін арттыру көзделген. Соның арқасында екі жыл ішінде 2430 мұғалім оқытылған екен. Ал олардың арасында орыс мектептеріне қазақ тілінен, қазақ мектептеріне орыс тілінен сабақ беретін ұстаздар жоғары нәтиже көрсеткен. 

Ал ағылшын тілін оқытудың халықаралық сертификаты бойынша білім арттырған 501 мұғалімнің бірінші жылы 190-нан астамы, ал екінші жылы 190-ға жуығы нашар қорытынды көрсеткен. 
- 2016 жылы емтиханды нашар тапсырған ағылшын тілді мұғалімдерді 2017 жылы қайта оқытқан едік. Бұл жолы да мұғалімдердің 30 пайызы нашар нәтиже көрсетті. Ал курстан өте алмай қалған 189 мұғалімнің 13-і мектепте бес жыл ұстаздық еткен жандар. Емтиханда төмен нәтиже көрсеткен мұғалім мамандар биыл тағы да оқытылады. Егер бұл жолы да нашар нәтиже көрсетсе, онда аудан әкімдеріне мұндай сауаты аз мұғалімдермен келісімшартты бұзу туралы ұсыныс береміз, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы.
Егер әлсіз мұғалімдер жұмыстан шығарылатын болса, жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар ынталандыру сыйақысына ие болмақ. Былтыр 12 мұғалімге 170-800 мың теңге аралығында сыйақылар берілсе, биыл марапат алатын мұғалімдердің саны бұдан да көп болмақ. Бұған облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі тапсырма берді. 

 Ал оқытудан өтіп, халықаралық сертификат алған жергілікті мұғалімдер өзге облысқа көшетін болса, онда курсқа кеткен шығынды өтейтін болады. Басқа аймаққа кеткісі келген мұндай мамандар бар екен, бірақ олар аз көрінеді. 
Следующая →