Усть-Каменогорск
облачно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -13°
  • Актобе
    -6°
  • Форт-Шевченко
    +5°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -2°
  • Кокшетау
    -16°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балаға ойыншықты қалай таңдаған дұрыс?

Ата-аналар, сыйлық жасағысы келген азаматтар балаға зияны жоқ ойыншықты қалай таңдау керектігін білмей жатады

Күнделікті өмірде мұндай жауапты іске мән беретіндер аз. Ал облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті балалар ойыншығына жыл сайын тексеріс жүргізіп, жыл сайын зиянды ойыншықтар табады. 

Жұрттың ойыншықты таңдай білу, тұтынушылық құқықты талап ету мәдениетін білмейтіндігін басынған өндірушілер де ойыншықты сапасыз шығаруға әбден еті үйреніп алған. 

ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті алдыңғы жылдан бастап биыл сәуір айына дейін 168 ойыншықты тексерген. 
- Нәтижесінде, 2016 жылы 43 ойыншықтың 7-еуі, былтыр 73 ойыншықтың 10-ы, биыл 52 ойыншықтың 30-ы нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Яғни, ойыншықтың қаптамасында не этикеткасында дайындаушы өнеркәсіптің не кәсіпкердің орналасқан мекенжайы мен атауы, импорттаушы ұйым туралы ақпарат, өндірушінің тауар белгісі, ойыншықты өңдеу тәсілі, өндіру мерзімі (айы мен жылы), қызмет ету не жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары туралы мәлімет, деректер көрсетілмеген. Не орыс тілінде, не қазақ тілінде ақпарат жоқ, - дейді департамент басшысы Ғазез Сүлейменов.
Адал өндіруші сапалы ойыншықты жеке қаптамаға орап, оның бөліктерін оған мықтап бекітіп салады. Сапалы ойыншық шығарушы кәсіпкер оның сипаты мен құрамы жайлы ақпараттарды қай тілде болса да (оның ішінде қазақ тілі де бар), анық әрі нақты жазып көрсетеді. Ал сапасыз ойыншықтың иесі оның зиянды екенін барынша жасыру үшін қулықтарға барып, экспортталушы елдің тіліне қатысты мағлұматтарды бермей бүркемелейді. 

Одан бөлек, бес ойыншықтың бала денсаулығына зияндылығы анықталған. Яғни, үш ойыншықтың құрамында өткір иіс шығарушы улы заттар табылса, екі ойыншықта уытты саналатын формальдегидтің мөлшері шектен тыс болып шыққан. Ал формальдегид әлемдегі ең уытты қоспалардың бірі саналады. Онымен уланған баланың басы жиі ауырады, әлсіздік белең алып, ұйқысы бұзылады. Мұндай улы ойыншықтармен көп ойнаған баланың ағзасында обыр оянуы мүмкін. Формальдегид әлемде ресми түрде обыр ауруына шалдықтыратын қоспа саналады. 
- Зиянды ойыншықтар қазір сауда дүкендерінен алынып тасталды. Қауіпті ойыншықтан уланған балалар жоқ, - дейді департамент басшысы.
Ал "балаға қандай ойыншықтарды таңдаған дұрыс?" деген сауалымызға департамент мамандары, ең алдымен, оның сапасын растайтын құжаттардың бар не жоғына көз жеткізу керектігін айтады. 
- Сәби не нәрсені ауызға салуға, дәмін татып көруге әуес. Ал ойыншықты ауызға салған кезде, оның құрамындағы тұрақсыз бояулар еріп, қорғасын, кадмий, мырыш, сынап сынды ауыр металдар асқазанға, ішікке түсуі мүмкін. Бала содан уланады. Оның иммунитетін әлсіретіп, аурушаң етеді, аллергия пайда болады. Ойыншықтың химиялық құрамын анықтау үшін иіскеп көруге де болады. Егер иіс тым өткір болса, онда оның құрамында стирол, формальдегид, фенол сынды заттардың көп мөлшерде болғаны. Өткір иіс тынысты тарылтып, лоқсытады, ми мен көз, тыныс алу мүшелерін зақымдайды. Түрлі тері, дене ауруларын тудыруы мүмкін. Сол себепті ойыншықты бейберекет сауда орындарынан алмай, арнайы сертификаты бар дүкендерден таңдап алған жөн, - дейді Ғазез Қинаятұлы.
Одан бөлек, ойыншықтың аса жұмсақ болмағаны жөн. Өйткені бала не барлығын ауызға сала беретіндіктен, пластизоль сынды материалдардан жасалған жұмсақ рәзеңке заттар да баланың ағзасына зиян. Ойыншықтың өзі ұсақ бөлшектерден құралмағаны дұрыс. Оны да бала тістеп, бөлшектерін жұлып алып, жұтып қоюы мүмкін. Сондықтан барынша ірілеу ойыншық қажет. 
Следующая →