Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Басты мақсат - пойыздан сақтандыру

Былтыр облыста 200-ден аса пойызды шұғыл тоқтату фактісі тіркелген. Ал биыл төрт айдың ішінде пойыз 25 рет шұғыл түрде тоқтатылған

Қыста қорада тұрған мал енді өріске шығып жайыла бастады. Демек мал-жанның кесірінен пойыздардың шұғыл тоқтатылу деректері де көбеймек. 

Мұның алдын алу үшін Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы мен Защита станциясындағы Ішкі істер желілік полиция бөлімі Ұлан ауданындағы Айыртау ауылының тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Өйткені бұл маңда пойыздар көп тоқтатылатын көрінеді. Мәселен, Айыртау маңындағы Қанайка ауылында жыл басынан бері пойыз төрт рет малды қағып кеткен. 

Пойыз малды не адамды қағып кетсе де, кінәлі болмайды. Зардап шегушінің өзі кінәлі болып шықпақ. 
- Облыста пойыз шұғыл түрде жиі тоқтатылатын болып жүр. Тұрғындар да малына немқұрайлы, селқос қарайды. Мұндайда ол айыппұл ғана төлеп қоймай, пойыз логомативі мен вагондарына залал келтірсе, оның да шығынын өтейді. Сол себепті мұны тұрғындарға түсіндіріп, сақтандырған дұрыс, - дейді Защита станциясындағы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Лариса Бектасова.
Тұрғындарға ҚР Әкімшілік кодексінің 559-бабы "Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу" жайында айтылды. Яғни, мұнда "Темiржол арқылы ат арбамен (шанамен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады" деп көрсетілген тармағы түсіндірілді. Яғни, мал иесіне темір жол бойына малды қараусыз жібергені үшін 5 АЕК есебінде - 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. 
- Көлік прокуратурасы "Соқтығысты тоқтату!" атты жоба бастап, барлық локомотивтерді бейнежазба құралдарымен жабдықтады. Бейнематериалдар  ішкі істер органдарына жіберіліп, әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыстық істерге қолданылуда. Сонымен қатар, ауылдық аумақтарда орналасқан бекет теміржолшыларын жинап, салт атты күзет ұйымдастырылды. Қызметкерлер кезек бойынша күзетке тұрып, темір жол бойын қарауылдайды, - дейді Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының прокуроры Ертіс Тоқанұлы.
Ауыл тұрғындарының көбі айыппұл салынатындығын, пойыздың иесі емес, өздері жапа шегетіндіктерін біледі. Алайда немқұрайлылық пен салақтық бәріне себеп. 
- Қорада тұрған сиырды күн жылынысымен далаға қоя бергенбіз. Қорадан шыққан күні-ақ темір жолдың маңына барып жайылған екен. Малды бұлай ұзап кетеді деп ойлаған жоқпыз. Қазір кезекке қосамыз, - дейді малын қараусыз жіберіп, айыппұл төлеген ауыл тұрғыны Шолпан Анарбекқызы.
Түсіндіру жұмыстары барысында темір жол бойына тікентор тарту жайлы ой айтылды. Алайда тәртіп сақшылары болса, мұндай шаруа әкімдік пен темір жол иелерінің құзырындағы мәселе екендігін ескертті. 
- "Қазақстан темір жолы" жыл сайын қауіпті аймақтардың тізімін жасап, қорғау нысандарын орнату туралы шешім шығарады, - деді көлік прокуроры.
Сондықтан тұрғындар мұндай профилактикалық шараларды ауыл әкімімен бірігіп шешуі тиіс. 
Следующая →