Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсан ауылдарына қыркүйекте газ тартылады

Құрылысы төрт жылға созылып кеткен Зайсан ауданындағы газ құбырын тарту жұмыстары биыл қыркүйек айына дейін аяқталады

Қыркүйек айына дейін Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал сынды тоғыз ауылға газ тартылып бітеді. 

Қытай мен Қазақстан елі бірлесіп, төрт жыл бұрын Зайсан қаласына газ қосқан болатын. Осыдан кейін қала маңындағы ауылдарға да газ тарту ісі жолға қойылып, газ құбырларын салу жұмыстары басталды. Алайда құрылысы бір жылдың ішінде бітуі керек шаруа тағы да созылып кетті. 

Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов облыстың мәслихат депуттарының қатысуымен өткен Саяси бюро отырысында құрылыс жұмыстарының созылып кетуіне 2014 жылы аудандық әкімдіктің газ құбырларын жердің үстімен емес, жердің астымен тарту керектігі жайында қабылдаған шешімі әсер еткенін айтты. Ал өз кезегінде, облыс әкімі Даниал Ахметов қыркүйек айына дейін тоғыз елді мекенді газға қосып бітіру керектігін тапсырды. 
- Құрылыс жұмысының созылуына аудандық әкімдіктің өзі кінәлі. Шешім қабылдай отырып, оның сметалық құжаттарын дайындамаған. Қыркүйек айына дейін бітіріңіз, - деді аймақ басшысы.
Барлығы 119 шақырым газ құбыры салыну керек болатын. Қазірдің өзінде 118 шақырымы салынып біткен. 
Следующая →