Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Билік жұмыссыздықпен қалай күреспек?

Оқу жылының аяқталуына шақ таяу. Жоғары, орта білім алған жастардың көбі жұмыс таппай сенделетіні белгілі құбылыс. Кім кінәлі?

Жалақысы төмен жұмысқа бармаған дипломды маман ба, әлде жағдай жасамаған үкімет пе?

ШҚО-да түлектерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге ынталандыру қарқынды жүріп жатыр. Билік ағымдағы жылы облыстағы 286 жасты осы жоба аясында жұмысқа тартпақ.
- Өткен жылы "дипломмен ауылға" 318 адам тартылды және оған мемлекет қазынасынан 50,8 млн теңге қаржы бөлінді. Баспана салуға 270 маманға 833,8 млн   теңге пайызсыз несие берілді. Сонымен бірге бір реттік көтерме жәрдемақы тағы бар. Осындай жолмен кадр тапшылығы мәселесі шешімін тауып жатыр, - дейді ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Смит.
Сондай-ақ, 2018 жылдың басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 905 адам, әлеуметтік жұмысқа 129 адам қабылданған. Ол жалпы көрсеткіштің 20%-ын құрайды. Ал "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 251 жас маман жұмыспен қамтылған.
- Шыны керек, мемлекет өзіне қажетті мамандықтарға оқу грантын көп бөледі. Алайда ол мамандардың оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуы назардан тыс қалып жатады, - дейді университетті аяқтап, дипломын қолға алайын деп отырған Әйгерім Қайролданова.
Айта кетейік, өткен жылы облыстық ішкі саясат басқармасы мен прокуратура тексеріс жүргізіп жұмыссыз жастар санын анықтаған. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 4219 жұмыссыз жас тірліксіз күй кешіп жүргені белгілі болды. Олардың 622-сі  жоғары оқу орынын және орта білімді аяқтамаған болып шықты.
- Ол жастармен жұмысқа орналасуға бағытталған арнайы семинарлар өткізілді. 2637 азамат пен азаматша жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Олардың 1455-і адам жұмыспен қамтылды, - дейді  Ирина Смит.
Сондай-ақ, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз жастар үшін биыл да  "Жасыл ел" бағдарламасы жалғасын таппақ. Аталған бағдарламаға 1500 жас тартылмақ. Оған 16-29 жасқа дейінгі  мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жандар жұмысқа орналаса алады.
Следующая →