Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қалпына келтіру бағдарламасы жасалмақ

Шығыс Қазақстан облысы биыл су тасқынынан ауыр зардап шеккені белгілі. Мұндай апаттың орын алуына төтенше жағдаймен күрес саласында қордаланған мәселелердің шешілмеуі себеп болды

Енді облыс басшылығы болған апаттан сабақ алып, оны болдырмаудың, күрес жүргізудің кешенді бағдарламасын жасауға кірісті. Апат кезінде төтенше жағдай мамандарына техника жетіспейтіндігі, облыста орын тепкен гидротехникалық құрылымдардың дұрыс жұмыс істемейтіндігі белгілі болды. Облыста барлығы 55 гидрокостюм ғана бар екен. Ал шын мәнінде, өңірге мыңға жуық гидрокостюм қажет. Ауыл мен аудандардағы арықтар мен каналдар бітеліп қалған. Ал су бөгеттері, шын мәнінде, ағын суды ұстап тұра алмайтын болып шықты. 

Мұндай қордаланған мәселелерді шешу үшін аймақ басшысы Даниал Ахметов бірнеше басқарма басшыларына бірігіп екі айдың ішінде су тасқынының зардаптарын қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешенін - Жол картасын әзірлеп шығуды тапсырды.  
- Төтенше жағдайлар басқармасына 500 млн теңге бөлінеді. Оған бірнеше кіші мотопомпа мен төрт ірі мотопомпа, өрт сөндірушілерге қажетті екі биік баспалдақ сатып алынады, - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.
Жол картасын жасау барысында аймақ басшысы қандай жұмыстарға көбірек мән берілу керектігін атап өтті. Оның ішінде мұзды жару жұмыстары көбірек жасалуы керектігін жеткізді. 
- Шемонаиха, Зырян аудандарында су көтерілгенде дер кезінде жару жұмысы жасалып, апаттың беті қайтты. Бұдан біз мұз жару жұмыстарын көптеп жасау керектігін түсіндік, - дейді әкім.

Следующая →