Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Маусымға дейін баспаналы болады

Аягөзде тасқыннан зардап шеккен үйлер маусым айына дейін жөнделіп бітеді. Бұл уақытқа дейін 23 отбасы да баспаналы болуы тиіс

Наурызда болған су тасқынының кесірінен Аягөзде 51 үй құлап, 130-дан аса үй жапа шеккен болатын. Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта 28 баспана сатып алынып, 4 үй жөнделіп біткен. 
- Барлығы 117,5 млн теңгеге баспана сатып алынды. 19 үйдің кілті 20 наурызда табыс етілген болса, 12 үйдің кілті 20 сәуірде табысталды. Қазір төрт мердігер компания ауданда зардап шеккен үйлерді жөндеуді бастап кетті, - дейді аудан басшысы Бақытжан Байахметов.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан әкіміне 1 маусымға дейін жөндеу, баспана сатып алу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. 

Ал Глубокое ауданында 187 үйді су басып, оның 10-ы апатты жағдайда деп танылған. Бұл ауданда қазір жеті үй сатып алынған. Қалған үш үй мен зардап шеккен баспаналарды жөндеу жұмыстарын аудан басшылығы мамыр айының ортасына дейін аяқтамақ. Зырянда он үш үй апатты деп танылса, оның сегізі қазір сатып алынған. 130-дан аса үй жөнделіп жатыр. 

Шемонаиха ауданында жағдай бөлектеу. Өйткені аудан басшылығы үйді сатып алғанымен, жапа шеккен үйлерді жөндемей, халыққа тек өтемақы ғана төлеуді көздеп отыр. Дегенмен облыс әкімі Даниал Ахметов аудан әкімінің бұл шешімімен келіспей, жұмыс тобы құрылып, өңір тұрғындарымен тағы бір кездесу өткізіп, өтініштерін тыңдауға уағдаласты. Егер халық өтемақы алуға келіссе, онда қажетті сома төленетін болады. 
Следующая →