Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Паромдар кәсіпкердің қолына өтті

Күршім ауданын облыс орталығы және басқа да елді мекендермен байланыстыратын Бұқтырма су қоймасының "Қызыл ту" өткеліндегі  "Күршім", "Ертіс" электр-дизельді паромдары биылғы жұмысын бастады

Бұқтырма су қоймасы Күршім ауданын Шығыс Қазақстанның барлық аудан, қалаларымен жалғастырып тұр. Оның ішінде "Қызыл ту" өткеліндегі маңызды  екі паром күніне 500-ге жуық көлік пен жолаушыларды тасымалдайды. Ертістің ақ айдынына көрік берген еліміздегі бірегей паромның қызметі өңір экономикасы үшін де маңызды.
-  Күршім ауданы бағытындағы "Қызыл ту" өткелі жұмысын 15 сәуір күні бастады, - деп хабарлады Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мамырбек Қалелов.
Отын-суын да, азық-түлігін, құрылыс жабдықтарын да осы өткел арқылы жеткізетін күршімдіктер паромның жұмысын асыға күткен. Себебі көктем мен қыс басталса, тұрғындар облыс орталығынан оқшауланып қалады. Көктемде мұздың еруін күтсе, қыста қатуын күтеді. 
- Егер осы паромдар іске қосылмаса, күніміздің не болатынын білмеймін. Халық айналма жолмен 7-8 сағат жүріп шаршады. Әсіресе, науқастар мен қарт адамдарға қиынға соғады, - дейді Күршім ауданының тұрғыны Сәлімбек Жылысов.
Сонымен қатар, "Ертіс" және "Күршім" электр-дизельді паромдарының жаңа қожайыны белгілі болды. Ол - кәсіпкер Ержан Сқақов. Сондай-ақ, ол бұрын кәсіпкер Мэлс Сұраужановтың меншігінде болған "Құйған айлағы" ЖШС-ның екі баржасын да сатып алған.
- Аталған паромдар ҚР-ның  жекешелендіруге жататын мемлекеттік нысандарының тізіміне енгізілген. Паромдар заңнамаға сәйкес үш жылға сенімді басқаруға берілді, - дейді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтанов.
Кәсіпкер паромды сенімді басқаруға алғаннан кейін ары қарай сатып алып, меншігіне өткізу құқығына ие болды. ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жасалған келісім шарт бойынша паромдардың жаңа иесі олардың үздіксіз және қауіпсіз қатынап тұруын қамтамасыз етуі тиістігін айтады.
- Су көліктерін жөндеу "Қалқымалы өткел" ЖШС күшімен және арнайы мамандандырылған кәсіпорындар арқылы жүргізіледі, - деді Әсет Сұлтанов. 
Айта кетейік, "Ертіс" бұрынғы "Енисей" паромы 1964  Солтүстік Мұзды мұхитты жағалай жүзіп, Ертіспен келіп өңірге жеткізілген. Содан бері бұл паромдар қаншама жолаушыны аман-есен туғандарымен қауыштырды. Алты шақырым қашықтықтағы қос жағалауды байланыстырып, жарты ғасыр бойы қатынас құралы болып келген паромның біреуі күніне 14 мәрте тасымалға шығады.



"Күршім" паром өткелінің жұмыс кестесі (2018 ж.)


 Жөнелтілу пункті    

                           Жергілікті уақыт


Жөнелту 

уақыты


        Самар

 07.00 

 09.00 

 11.00 

 13.00 

 15.00 

 17.00 

 19.00 


Жөнелту 

уақыты


        Күршім 

 08.00

 10.00

 12.00

 14.00

 16.00

 18.00

 20.00



 "Ертіс" паром өткелінің жұмыс кестесі (2018 ж.)


 Жөнелтілу пункті    

                      Жергілікті уақыт


Жөнелту 

уақыты

       Самар

 08.00 

 10.00 

 12.00 

 14.00 

 16.00 

 18.00 



Жөнелту 

уақыты

       Күршім

 09.00 

 11.00 

 13.00 

 15.00

 17.00

 19.00



Следующая →