Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекет үміт артқан ұстаздар шет ел асып кетпей ме?

Бүгінгі таңда облыстың білім беру жүйесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған, үштілділік саясатын жүзеге асыруда

2017 жылдың өзінде-ақ 2430 облыс ұстазына Кембридж әдістемесі бойынша оқытуды үйрету үшін Ұлыбритания, АҚШ және Еуропаның дамыған мемлекеттерінен тікелей 7 тіл тасымалдаушылар тартылған. 

Нәтижесінде, тілді оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау үшін ұстаздар халықаралық емтихан тапсырды. ТКТ емтиханының қорытындысы бойынша 11 мұғалім халықаралық сертификатты алды. Сауатты адам уақыттан қалмайды. Алайда соңғы кезде сол білімді өз елінен емес, шет елден іздейтін азаматтарымыздың қатары көбейген. Ертеңгі күні мемлекет қор салған сол азаматтың шет ел асып, білім қуып, өзге елдің азаматтығын алып кету мүмкіндігін мемлекет қаперіне алды ма екен?
- 2017 жылы 5 айдың көлемінде шет елдің тіл тасымалдаушылары арнайы келіп сабақ үйретіп, 11 ұстаз халықаралық сертификат алса, 16 ұстаз жоғары біліктілігін көрсеткен. 2018 жылда да бұл қарқынмен жұмыс істейміз және жобаға жергілікті бюджеттен 8,1 млн теңге қаржы бөлініп отыр, - дейді ШҚО Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмаділова.
Сайрангүл Жұмаділованың айтуы бойынша, облыс мұғалімдерінің 60%-ы үш тілде білім беруге дайын. Қалған көрсеткіш санатындағы мұғалімдер қайта даярлаулаудан өтпек және ол үшін бюджеттен тағы да қыруар қаражат бөлінетін болады. 

Өткен аптада ШҚО мәслихатының XVI сессиясында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшесі Рыза Молдашева үштілділікке қатысты ұсыныс жеткізген болатын. 
- Бюджет қаржысына білімін жетілдірген маманмен, кем дегенде, 5 жыл сол салада жұмысын жалғастыруға міндеттейтін келісімшарт жасасу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, бюджеттің қаржысын үнемдеу негізінде бұл "айтулы" іске "Болашақ" бағдарламасымен білім алып келген түлектерімізді жұмылдырсақ деген ұсынысым бар, - деді  облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшесі Рыза Молдашева.
Айта кетейік, ШҚО облысы бойынша "Болашақ" бағдарламасымен білімін жетілдіріп келген 199 маман әр салада еңбек етуде. Ал ойы ұшқыр, егемендікті, елдікті қызғыштай қорғайтын депутаттың ұсынысы Парламенттің құлағына шалынып, мәселе қарала ма, әлде үндеу жерде қала ма - уақыттың еншісінде. 
Следующая →