Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ақжардағы мектеп биыл ашылады

Ақжар ауылында салынып жатқан 900 балаға арналған мектеп биыл қыркүйек айында қолданысқа беріледі

Тарбағатайға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов құрылысы екі жыл бойы жүргізіліп жатқан жаңа мектеп биыл есігін айқара ашуы тиіс деп тапсырды. Бұл мектептің жанында жақын маңдағы ауылдардың балаларын қабылдайтын 300 орынға арналған интернаты қоса бар. Қалған 600 бала мектептің өзінде білім алады. 

Аймақ басшысы салынып жатқан зәулім ғимаратты көріп, "бұған бала тола ма?" деп аудан басшылығына сауал қойды. Ал аудандық білім бөлімі "толады" деп сендірді.
- Бұл ғимаратқа Билялов атындағы мектеп гимназиясы көшіп келеді. Онда 305 бала оқиды. Биыл гимназияға оқуға түсуге 211 бала өтініш білдіріп отыр. Сонда жаңа мектепке қазірдің өзінде 516 бала орналастырылады деп болжануда, - дейді Тарбағатай аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Дауытбаева.
 Ал Билялов атындағы мектеп ғимараты бұрын балабақша болған. Аудан басшылығы бұл ғимаратты да бос қалдырмай, оны бейімдеп, Ақжар өнер мектебі мен Ақжар саз мектебін көшіріп орналастырмақ. Өнер мектебінде бүгінде 200-ден аса тәрбиеленуші бар болса, саз мектебінде 250-ге тарта оқушы бар. Облыс әкімі аудан басшылығының бұл ойын қуаттап, ғимаратқа қос бірдей мекеменің көшіп келуін құптады. 

Сөз соңында аймақ басшысы жаңа мектептің кабинеттері бос тұрмай, күні бойы жұмыс жасау керектігін ескертті. Өйткені жаңадан салынған кейбір мектептердің кабинеттері күніне тек бір-екі сағат қана жұмыс істеп, қалған уақытта бос тұратын көрінеді. Бұл зәулім ғимаратты жасанды жолмен толтырудың амалы болса керек. 
- Пән кабинеттері күніне сегіз сағат ашық тұруы тиіс. Тағы да келіп тексеремін, - деді Даниал Ахметов.

Следующая →