Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құрт ауруынан сақ болайық

Дүниежүзілік медицина ұйымы жыл сайын жер шарында 9-10 миллион адамның бацилла бөлінетін туберкулезге шалдығатынын хабарлайды

Ал бұл дерттен көз жұматын адамдар саны 2 миллионға татиды.

Егер гепатиттің өршуі бес жылда бір қайталанып отырса, туберкулез індеті кезең талғамайды. Адамның тұрғылықты мекенжайына, жасы мен нәсіліне қарамай таралатын аурулардың бірі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жалпы 2018 жылы облыс бойынша туберкулез ауруына байланысты 69 жағдай тіркелген. Соның ішінде бір баладан туберкулездің жабық, қоршаған ортаға қауіпсіз түрі анықталған.

- 2018 жылдың қаңтар айында туберкулезден өлім көрсеткіші 0,3 пайызды құрады, абсолюттік саны – 4 адам. 2017 жылы қайтыс болған адамдар саны – 55, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан. - 2017 жылы Жарма ауданы бойынша 24 адамда туберкулез дерті анықталған, былтырғы жылмен салыстырғанда 8 адамға көбірек. Соның ішінде жұмыссыз 12 адам, тұрғылықты мекенжайы жоқ – 1 адам. Туберкулез ауруының көбеюінің басты себебі азаматтардың медициналық көмекке уақытылы жүгінбеуі болып табылады.

Бір қызығы, халық жиі көшіп-қонатын қалалар мен аудандарда осы аурудың таралуы көп байқалады. Басқарма өкілдері әсіресе Өскемен, Семей қалалары мен Зырян ауданын ерекше атайды. Бұл түсінікті, себебі қоныстанушылардың қандай індет таратып жүргендері тек науқастардың өздеріне аян болып келеді.

Зырян қаласы демекші, былтыр бұл қаладағы балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталған болатын. Бірақ алдын ала тексеру кезінде сырқаттың жабық түрі анықталған, ол қоршаған ортаға қауіпсіз болып табылады. Бұл фактілерді ескерте отырып, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аурудың таралуына қандай себептердің ықпал ететінін айтады.

- Негізінен азаматтардың медициналық көмекке уақытылы жүгінбеуі, көшіп-қонушы азаматтардың көпшілігінің медициналық мекемелерге тіркелмеуі және бекітілмеуі аурудың таралуына себеп болады, - дейді Ілияс Мұхамеджан. - Қоныстарын ауыстырғандардың көпшілігі тұрғылықты мекенжайлары бойынша медициналық мекемеге тіркелмеген, алдын ала профилактикалық тексеруден өтпейді, өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарамайды.

Облысымыздағы туберкулез ауруының жағдайы қандай? Бұл сұраққа облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жауап берген еді.

- Облыста мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы бойынша туберкулез аурушаңдығы 2017 жылдың индикаторлық көрсеткішінен аспайды. 100 адамға шаққандағы көрсеткіші – 61,5 пайыз, облыстық көрсеткіш – 53,4 пайыз, - дейді департаменттің инфекцияға қарсы бөлімінің бас маманы Шынар Тарина. - Балалар арасында туберкулезден қайтыс бо лғандардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде, жасөспірімдер арасында 15,6 пайызға төмендеді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез аурушаңдығы республикалық көрсеткіштен 1,8 және 1,4 есеге төмен.

Балалардың ауырмағаны, тіптен, жақсы. Бірақ дәрігер мамандардың айтуынша, дертке шалдыққан науқастармен ем жұмыстарын жүргізгенде олар бірқатар қиындықтарға тап болады екен. Атап айтқанда, науқастар бұл дертті емделмейтін аурулардың қатарына жатқызып алады. Дәрігерлер мұны қате пікір деп есептейді.

- Егер науқас өз дерті туралы ақпаратты толық меңгерген болса, ол ауыруымен оңай күресе алады, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің эпидемиолог дәрігері Елена Городюк. - Туберкулезді емдеуде науқастың өз ынта-жігері өте маңызды. Науқастардың көбі бұл дертті айықпайтын ауру деп ойлайды. Бұл дерт жайлы жақсы ақпараттандырылған, оқыған науқас медицина қызметкерлерінің барлық талаптары мен ұсыныстарын орындай отырып, олардың одақтасына айналады. Яғни, бұл дертті бірлесе жеңуге болады. Салы суға кетіп, күдерін үзген азаматтармен жүйелі әңгіме жүргізіп, оны тек жақсылыққа нандыру керек.

Ең маңыздысы, науқастың жазылып шығып отбасына, жұмыс орнына, қоғамға қайта оралуына сенімді болуы. Медицина медбикелері науқастардың туберкулезден толық жазылып кетулері туралы өз дәрістерін мысалдар мен статистикалық деректермен суреттейді.

- Дәрігерлер науқастарға бір сәтте 4-5 дәріні қатар қабылдап, емдеудің ұзаққа созылатындығы (6-9 ай) туралы түсіндіреді, - дейді Елена Вальеревна. - Медицина қызметкерлері науқасқа емнің нәтижелі болуы үшін өзін қоршаған ортамен байланыстан уақытша шектеу керектігін түсіндіре білуі керек. Сондай-ақ, бірқатар талаптардың сақталуын қадағалауы қажет.

Бұдан басқа туберкулезді ерте анықтау арқылы науқастың айналасындағыларға ауруды жұқтыруын болдырмау керек. Дәрігердің айтуынша, әрбір емделмеген туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас жыл бойында 10-15 адамға жұқтырады. Осылайша туберкулездің кеңінен таралмауы сапалы профилактикалық жұмыс істеуді, жаңа және дәстүрлі әдістерді жетілдіруді, оны өткізуді талап етеді.

Следующая →