Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқу орындары "тегін" қызметке ақы сұраған

Колледждердің мемлекеттік қызметті қалай көрсететіндігін тексеріп көрген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше заңбұзушылықтарды анықтаған

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті көрсету уақытын созу, қажетсіз құжаттарды талап ету және тегін қызметке ақы сұрау.

Әсіресе, заңда білім беру құжатын, оның ішінде, дипломды қайта жасату қызметі тегін деп белгіленген. Алайда облыстағы колледждердің бұл қызметті пұлдап, 1000-5000 теңге аралығында заңсыз пайда тауып отырғаны анықталған. Білім беру мекемелерінің қызмет беру жағдайын тексеруге шыққан департамент мамандары "жасырын сатып алушы" болып мекемеге барып, жоғалтып алған дипломды қайта жасатуға өтініш берген.

- Алайда кейбір колледж әкімшілігі дипломды қайта жасату үшін төлемақы талап еткен. Оның үстіне, дипломды жасау үшін тек төлқұжат пен өтініш қана қажет. Құжатты колледжден де, Халыққа қызмет көрсету орталығынан да алуға болады. Дайындалу уақыты - 20 күнтізбелік күн. Алайда кейбір оқу орындары мемлекеттік қызметті мүлдем бұрмалап жеткізген. Мәселен, Тарбағатай аудандық колледжі дипломды қайта жасату үшін ХҚКО-ға баруды, онымен қоймай, өзімен бірге еңбек кітапшасын алып, газетке дипломның қолды болғандығы жайлы хабарландыру беріп, ішкі істер органдарынан дипломның жоғалғандығы жайында анықтаманы қоса алып баруды талап еткен, - дейді департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерхат Жалелов.

Глубокое аграрлы колледжі, Шемонаиха, Риддер аграрлы-техникалық колледжі, "Жастар" колледжі, "Әбу ибн Сина", "Семей" сынды медициналық колледждері, ШҚО гуманитарлы-экономикалық колледжі, ШҚО техникалық-экономикалық колледжі, Өскемен экономика және қаржы колледжі газетке дипломның жоғалғандығын жазып, хабарландыру беруге жөн сілтесе, облыстық заң колледжі мен Семей гуманитарлы-заң колледжі дипломға өтініш беруге арналған бланкінің таусылып қалғанын айтып, қызмет көрсете алмайтындықтарын жеткізген.

Ал ШҚО гуманитарлық колледжі дипломды қайта жасап беруге 1000 теңге, ШҚО техникалық-экономикалық колледжі 1500 теңге, Өскемен экономика және қаржы колледжі 1800 теңге, облыстық гуманитарлы-экономикалық колледж бен "Әбу Сина" медициналық колледжі 5 мың теңге, "Қайнар" колледжі 3 мың теңге төлемақы сұраған. Ал заң бойынша, бұл мемлекеттік қызметке төлемақы талап етілмейді.

Отырысқа қатысқан кейбір колледж әкімшілігі мұндай бассыздықты дереу арада шешетіндігін айтып уәде берді.

Следующая →