Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сыйлық беру - жемқорлықтың басы

Наурыздағы мерекелер қарсаңында ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктерге "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" заңы бойынша сыйлық қабылдауға болмайтыны туралы еске салды

Заң бойынша, мұндай әрекеттері үшін мемлекеттік қызметкерлер де, сыйлық беруші де жазаға тартылуы мүмкін. Әрине, бұл ретте берілетін сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен, яғни, 4810 теңгеден аспауы керек. Мемлекеттік салада қызмет ететіндер мұндай заттарды мемлекеттік мүлікке өткізуі керек. Ал егер сыйлық ұнаған болса, оны нарықтық баға құнымен сатып алуға тиісті.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 28-29 желтоқсан аралығында бірқатар мемлекеттік мекемелерге тексеру жүргізген болатын.

- Аталған күндері қоғамдық бірлестіктер мен облыстық жастар мәслихаттарының депутаттарымен бірігіп жасалған Өскемен, Семей қалаларында, Ұлан, Глубокое аудандарында сыйлықтарды беру мен қабылдаудың алдын алуға бағытталған рейд өтті, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев. - Рейд барысында аталған шектеуді ұстанбағандарға тәртіптік, әкімшілік, тіпті, кей жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары ескертілді.

Алдын алу шаралары барысында бірнеше мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық ұсыну фактілері анықталған.

- Мысалы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына торттар мен кәмпиттер алып келген азаматтар болған, - дейді Қайрат Сапарғалиев. - Ал ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасына жаңажылдық кәмпит қапшығын, қораптағы кәмпиттер, кітаптар мен жеміс-жидектер алып келгендер болған. Негізінен, бұл сыйлықтарды мемлекеттік органдарға қарайтын бөлім қызметкерлері мен өзге де тұлғалар әкелген. Мұнымен қоса, 28 желтоқсан күні Өскемен қалалық құрылыс бөлімінде сыйлықтарды "тасу" фактісі тіркелген. Бұл сыйлықтардың барлығын "ВК Техногрупп" ЖШС кәсіпорны жолдаған.

Айта кету керек, бұл фактілердің барлығы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 676, 677 және 678-баптарымен жазаланады. Агенттік өкілдері мұндай тексерулердің әр мереке сайын, әсіресе, келе жатқан 8 наурыз, 22 наурыз күндері де өтетінін және мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткіш (421 000 теңге) көлемінде айыппұл көзделгенін ескертіп отыр.

Следующая →