Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +24°
$
443.03
+1.24
480.38
+1.61
¥
61.19
+0.17
4.91
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қызметтік куәліктер ауысады

Мемлекеттік қызметтің қызығы әркімге әр түрлі. Бірі өз еліне қызмет етіп, отансүйгіштігін дәлелдеп бақса, бірі бюджет "берекесі" мен биліктің "бишігін" ұстап көрсем дейді. Бұл тек ар-ожданның сұрағы...

Ресми киім киініп, ресми тілде сөйлейтін мемлекеттік қызметкерлерді қарапайым халықтан ажырату әсте қиын емес. Кез келген шарада топ-топ болып, әр нәрсені бақылап, өз-өзімен әпербақан болып жүретін адамдардың өз ісіне беріле алаңдағанын көрсең, айызың қанғандай әсер аласың. Сырт келбеті қандай болмасын, бұл адамдардың да сіз бен біздей бір Қазақстанның азаматы екені белгілі. Жыл сайын орын алатын өзгерістерді бұл азаматтар да бастарынан кешіп әлек.

Жуықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Цифрлық агенттік" бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлігі енді заманауи ID-карталарға ауысатынын айтып өтті.

Агенттіктің 2017 жылғы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде "Біздің алғашқы қадамымыз өз мақсатына сай қолданылмайтын және ескінің қалдығы саналатын "карточкалардан" бас тарту болады. Енді олар бірнеше функцияны қамтитын ID-карталарға ауыстырылады. ID-карта пилотты режимде алдымен агенттік ішінде қолданысқа енгізіліп, кейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда таратылады" деп хабарланды.

Демек, ID-карталарға ауысу алдағы күннің еншісінде. Бұл өзгерістердің нақты қай уақыттан жүзеге асырылатыны туралы әзірге толық ақпаратты ресми агенттік те болжап біле алмайды. Бірақ мекеме "Агенттік төрағасының қызметтік куәліктерді ID-карталарға ауыстыру туралы бұйрығы шығып, орындалған соң қосымша ақпараттар беретіні" туралы мәлімдеді.

Бір қарағанда қарапайым құжатта тұрған дәнеңе жоқтай. Бірақ бір жапырақ қағаздың қандай сиқырлы әсері барын биліктің дәмін татып алған даңғой қызметкерлер мен "тексеру" дегенді естісе, төбе шашы тік тұратын халық жақсы біледі. Дегенмен "асыға сөйлесек те, асыра сөйлемей" бұл құжаттың болмысын анықтап алған дұрыс.

- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке орналасқан барлық азаматтарға лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат ретінде қызметтік куәлік беріледі, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Сапарғалиев. - Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді. Мемлекеттік қызметкер қызмет бабында қызметтік куәліктен өзге құжаттар алмайды.

Қызметтік куәліктер де сыбайлас жемқорлыққа жол беру ықтималдылығын арттыруы мүмкін. Яғни, қызметінен тыс жерлерде қолданылса, мұның өзі тәртіпбұзушылықпен тең болар еді. Дегенмен, мұны анықтаудың өзі кімге болсын қиын. Жол полициясы тоқтатқанда куәлікті көрсетіп құтылу, бизнесмендердің берекесін алып тексеру жүргізгенде куәлік көрсету де атын айға білеп айтар мемлекеттік қызметкер үшін «дөрекі» болмақ. Дегенмен мұны істейтіндер де табылады.

- Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін қызметтен тыс уақытта пайдаланған фактілері орын алған жоқ, - дейді Қайрат Сапарғалиев. - Негізінен, пара алуда және пара беруде сотты болған азаматтардың көпшілігі ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, мемлекеттік кірістер және білім беру салаларының қызметкерлері.

"Бір парақ қағазын ұстап әркімге бір елеңдетті" деп, көпке топырақ шашпаған да жөн. Заман талабы болған соң, жаңа өзгерістерді қабылдап оларға бейімделіп отыру керек.

- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктеріне өзгерістер енетіндігі туралы xабардармын. Дәстүрлі куәліктің орнына көпфункционалды заманауи ID-карта өте тиімді болатынына сенімдімін. Облыс бойынша мемлекеттік органдардағы 29 жасқа дейінгі жастар барлық мемлекеттік қызметшілердің 24 пайызын құрайтындығын ескерсек, жаңашылдық қолданысқа бірден енетіні сөзсіз. Жаңа форматтағы куәлік - заман көшінен қалмау, - дейді мемлекеттік қызметкер Еркебұлан Балтабеков.

Айта кету керек, 2017 жылы 30 мемлекеттік қызметші ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы "Пара алу" бойынша сотталған. Пара бергені үшін мемлекеттік органдардың 6 қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы "Пара беру" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Следующая →