Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Қайыр-садақа беру дұрыс па?

Қазір қолын жайып, қайыр тілеп жүргендерді қаланың кез келген бұрышынан кездестіруге болады. Олардың көп шоғырланатын орындары, әсіресе, базар, мешіт және дүкен маңы

Біреулер бұл жерлерді бірнеше жыл қатарынан өзінің меншікті тұрағына айналдырып, көпке танылып қалған. Ал өткен-кеткенге алақан жайып, жәудіреп көмек күткендердің кейбіреуі тағдырдың тәлкегіне ұшыраған бейшара жандар. Халық арасында оларды «тілемсектер», «қайыршылар» деп кемсіткенімен, біз шын мәнінде олардың өмірінде нендей жағдайға душар болып, нені өткергенін білмейміз ғой. Қаладағы қайыр сұраушыларды шартты түрде бірнеше санатқа бөлуге болады. Мәселен, айықпас дертке шалдығып, дертіне дауа болар дәріге ақша жинаушылар, Ауған соғысы мүгедектері, алаяқтарға немесе туған-туысына алданып, баспанасынан айырылған азаматтар және жай ғана кезбелік өмірге үйреніп қалған маскүнемдер де кездеседі. Көше торып, алақан жайған жандар кімдер? Оларға көмектесу дұрыс па?

Тағдыр тәлкегіне түскен жандар

Қайыршылар деп аталатын әлеуметтік топта мұндай жандардың алуан түрі кездеседі. Жасы мен жасамысы, еркегі мен әйелі, қазағы да, орысы да бар. Берекесіз тірліктен баз кешкендердің бірі кәнігі, бірі бүркемелі қайыршыға айналған. Тіпті, бір нүктеден күнде көріп, көзтаныс болып қалған қайыршылар да бар. Әдетте қым-қуыт тірліктің қамымен тілемсектің қолына біріміз тиын-текешін сала өтсек, біріміз қастарынан асығыс өтіп кетеміз. Бұл жолы осындай азаматтардың жанына жақын барып, неліктен осындай хәлге душар болғандығын білгіміз келіп, әлеуметтік сынақ жүргіздік. Ол үшін қайыр тілеушілерді әдетте жиі жиналатын көк базар маңынан іздедік. Алдымыздан таза киінген, дегенмен халыққа алақан жайып, қайыр күткен әжей шықты. Жанына жақын барғанымызда оның ешқандай маскүнем, кезбе емес екенін аңғардық. Азын-аулақ тиын-текеш ұстатып, сөзге тартып көріп едік, әжей ашыла сөйледі.

- Мен мұнда күнде келемін. Біраз тұрамын да, қайтамын. Күнделікті табысым 1000 теңгеге де жетпейді.

79 жасар Тамара Федоровнаның айтуынша, өзінің жеке үйі бар көрінеді. 22 жасар немересі үйде баламен отырғандықтан, күнделікті нан-шайлық ақшаны әжей осылай табуға мәжбүр.

- Мен маскүнем емеспін, араққа ақша сұрап тұрғаным жоқ, - деп ақталады Тамара Федоровна. – Немерем баламен үйде отыр, өзім жұмыс істеуге қауқарсыз қариямын. Басқа табыс көзіміз жоқ болғандықтан алақан жайып, нан, сүт, жұмыртқа сатып алатын ақша сұрауға тура келеді.

Көзі де нашар көретін әжені жақында көлік те қағып кеткен. Абырой болғанда, қайырымды азаматтар жедел жәрдем шақырып, дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Тамара Федоровнаның айтуынша жас кезінде, тіпті, өзі де медицина қызметкері болған көрінеді. Ал қазір «ешкім

емеспін» деп күрсінеді ол. Алыстан байқап тұрғанымызда бұл әженің қасынан бейжай өтпей, азын-аулақ тиын тастап жатқандар көп.

- Жағдайы нашар екені көрініп тұр ғой, - дейді қала тұрғыны Светлана. - 50 теңгемен байып кетпеймін. Қайта біраз болса да ол кісіге көмегім тисе екен деймін.

Ұлтым десе, өзегін жұлып берер халықпыз ғой. «Жәрдем» базарының алдынан өз әжемдей қазақы комзолын киіп, ақ шашын жаулығымен жасырған кейуананы көргенде өзегіңді намыс өртейді екен. Әженің қолына тиын салып, жанашырлықпен сөйлескім келіп еді, көнбеді.

- Үйім бар! Ештеңе айтқым келмейді! – деп, намыстанды ма, берген ақшамды қайтып берді.

Өткен-кеткеннің жүзіне тік қарауға намыстанған әженің бұл күйге қалай түскенін біле алмадық. Алайда адам баласының көшеде қайыр-садақа сұрап жай отырмайтыны анық. Бұл кісі де жетіскеннен алақан жаймаған болар.

Таланты бар, танысы жоқ

Жерасты өткелдерінде, адам қарасы азаймайтын қоғамдық орындарда өз өнерін пұлдап тұратын азаматтар да баршылық қаламызда. Гитарамен ән шырқап тұратын ер адамды да, баянмен бірге қосыла ән айтып отыратын қандасымызды да көрмеген адам жоқ шығар.

Ал Дзержинский көшесі бойынан нәпақасын табатын Сережа суырып салма ақын. Маскүнем болса да, оның қарап тұрып өлең жолдарын төге кеткенін көргендер еріксіз тамсанып, сұрағанын береді.

- Күнделікті қанша қаржы табатыным – құпия, - дейді Сережа.

Аяқ-қолы сау, алайда ақша табудың оңай жолын тапқан бұл азаматтарға садақа беру қаншалықты дұрыс?!

Қайыр сұрағандардың арасында шын мұқтаж жандар да бар. Мүгедек арбасына таңылып, балдаққа сүйеніп немесе сәбиін құшақтап отырған аналардың жанынан жұрт қайырылмай өтпейді. Алақан жайғандардың бәріне көмек беру немесе байқамай өтіп кету – бұл әркімнің өз құқы. Жақсылық жасау – сауап болғанымен сол ақшаның шын мәнінде пайдасы тиер ме деп ойланған дұрыс шығар. Өйткені біріне бергенің ішімдікке жұмсалса, бірінің өмірін құтқаруың мүмкін.

Жалпы, Ислам адам баласына еңбек етіп, адал табыс табуға үндейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдулла бин Аббасқа (р.а.): «...Сұрар болсаң тек Алладан сұра. Ал, жәрдем қаласаң, тек Алладан жәрдем тіле»,– деп өсиет еткен.

Хадис негізінде, тек үш жағдайда ғана қайыр тілеуге болады екен. Олардың біріншісі, су тасқыны, өрт, құрғақшылық және тағы да басқа табиғи апаттар салдарынан мал-дүниесінен айырылған адамға, екіншісі сіңірі шыққан кедей. Яғни, ауылының үш адамы пәленше жоқшылыққа тап болды деп айтқан мұқтаж адам. Үшіншісі, адамдардың арасын татуластыру үшін берілетін мал-мүлікті тасушы.

Назерке Нұрболатқызы

Следующая →