Усть-Каменогорск
пасмурно
+5°
  • Усть-Каменогорск
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    +5°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +10°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +2°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

«Мектепке жол» акциясы бастау алды

А    ғымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында облыста жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 300 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрімнің мәлімдемесіне сүйенсек, биыл жергілікті атқару органдары көмекке мұқтаж 280 мың баланың тізімін жасаған. Алайда қыркүйек айының 30-ына дейін жалғасатын акция барысында көмекке мұқтаж ата-аналардан да өтініштер қабылданатын болады. Сол себепті көмек берілетін балалардың саны артуы да мүмкін.

Айта кетейік, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы табысы аз және көпбалалы отбасыларға оқу жылының қарсаңында дайындалуға көмек көрсету үшін осымен тоғызыншы жыл ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт ішінде еліміздің барлық өңіріндегі 2 миллионнан астам балаға көмек жасалған.

Ал биыл Шығыс Қазақстандағы аз қамтылған отбасылардың 26 мыңнан астам оқушысы жаңа оқу жылында жаңа форма киіп, жаңа сөмкелерін ұстап баратын болады. Көмекке мұқтаж балаларға демеушілермен қатар қарапайым халық та жәрдемдесе алады.

- Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бастамасы ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай «Бақытты балалық шақ алаңы» ұранымен өтіп жатыр, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Сұлтанова. – Жаңа оқу жылына арналған материалдық көмек аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады. Мектеп және спорт формасын, оқу құралдарын сатып алуға кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер мен аймақтың шаруа қожалықтары демеушілік етеді.

Айта кетейік, баланы  мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киіммен толыққанды қамтамасыз ету үшін әр білім беру мекемесінде қалам-қарындаш, дәптер сынды құралдарды жинау орындары бар. Одан өзге мектептерде жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен бірлесіп «Балаларға бірге көмектесейік!», «Балаларға қайырымдылық жаса!», «Отбасы отбасына жәрдемдеседі: баланы мектепке дайындайық!» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып жатыр.

Демеушілер үшін тамыз қайырымдылық айына айналған. Себебі олар жаңа оқу жылының алдында 30 күн бойы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге тырысады. Қазіргі нарықта барлығы қымбаттап жатқан заманда баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес екені анық. Бұл әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қалтасына ауыр тиеді. Тіпті, мектеп жабдықтарына өткен жылы демеушілер 2 млрд теңге жұмсаған көрінеді. Өткен жылдардың көрсеткіштерін ескерсек, акция аясында көмекке анағұрлым мұқтаж отбасылар Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында екен.

Осы орайда айта кетейік, жаңа оқу жылында республика бойынша баршаға бірдей мектеп үлгісі болмайтын болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектеп әкімшілігі ата-аналар қауымдастығымен бірге талқылап, келісіп, өздері бір шешімге келеді де, мектептің өзінің бірыңғай формасын бекітетін болады.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылындағы мектеп каникулдарының уақыты да бекітілді. 1 және 11-сыныптар үшін (12) күзгі демалыс 31 қазан мен 6 қараша аралығында болса, қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін созылады. Одан кейінгі көктемгі демалыстар 21 наурыз бен 2 сәуір аралығында. Ал мектепке дейінгі және 1 сыныптардың оқушыларына 1-7 ақпан аралығында қосымша каникул қарастырылған.

 

Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →