Усть-Каменогорск
пасмурно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    -3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -22°
  • Актобе
    -16°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -17°
  • Кокшетау
    -16°
  • Костанай
    -20°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    -11°
  • Шымкент
    +4°
$
460.87
+0.36
501.56
+2.87
¥
68.36
+0.18
6.57
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Ата Заң тұрақтылығы – ел тұрақтылығы

30 тамыз - қазақ елінде мерейлі мереке. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті болған Ата Заңымыз қабылданған күн - біз үшін мерейлі мейрам. Бұл күнді еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтіп, тәуелсіздік үшін тағы да бір рет тәубе етті

Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігін реттейтін заңы бар. Қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдады.

Негізі Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданып, ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.

Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Яғни, дәл осы күні республикада бүкілхалықтық референдум өтті. Нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Ата Заң қабылданғаннан кейін оған 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізіледі.

Осылайша әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Айналасы 25 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы осы уақтылы, дұрыс қабылданған Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің толық қамтылғанын айғақтайды.

Бүгінгі күні біз Ата Заңымыздың 21 жылдығын Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының тұрғындары да ерекше атап өтті. Орталық стадионға жиналған жұрттың санында шек жоқ. Берекесі мен бірлігі мықты кент тұрғындары әрбір мерекені қалт жібермей, тойлауды дәстүрге айналдырған. Бұған аудан әкімшілігінің қосар үлесі зор. Өйткені халық игілігі үшін қызмет етіп отырған азаматтар әр мерекенің толыққанды, жақсы өтуіне мұрындық бола отырып, жіті назарда ұстайды.

Орталық алаңдағы Конституция күніне арналған мерекелік концерт аудан әкімінің құттықтау сөзімен ашылды.

* Конституция күні – бүкіл халықтық мереке. Барлық отандастарымызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын! - дейді Глубокое ауданының әкімі

Қалихан Бақонысов. – Елдің басты мейрамдарының бірін бүгін кент тұрғындары да жиналып, көппен бірге атап өтіп жатыр.

Қандай мереке болмасын, басшылықтың алдында халықты соған жұмылдыру мақсаты тұратыны анық. Аудан басшысының айтуынша, осы мақсатты орындау барысында барлық округтерге әкімшілік өкілдері жіберіліп, мерекені халықпен бірге атап өтып жатыр.

* Биылғы жыл ерекше. Өйткені егемен еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толғайы отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен мемлекет дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында қарқынды жұмыстар жүргізуде. Тәуелсіз 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктер мен абыройымызды одан сайын асқақтату үшін әрқайсымыз талмай еңбек етуіміз керек.

Өңіріміздің, қала берді егемен еліміздің өркендеп, даму жолында Глубокое ауданының да қосып жатқан үлесі аз емес. Қалихан Байғазыұлының айтуынша, бүгінгі таңда Глубокое ауданында текке жатқан бір тілім жер жоқтың қасы. Егін мол егіліп, мол өнім алу жоспарда бар. Аудан экономикасы 50 пайыз ауылшаруашылық, 50 пайыз кәсіпорындар қызметімен дамып келеді. Айта кетейік, аудан сүт өндірісі бойынша да көш басында. Одан өзге, ҚР Премьер-министрі өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында Глубокое ауданындағы ауылшаруашылық экономикасын дұрыс дамыту бойынша ғылыми жобаларына жоғары бағасын бергені де белгілі.

* Конституция күні мерекесі осымен екінші жыл қатарынан ерекше форматта атап өтіліп жатыр, - дейді Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің көркемдік жетекшісі Надежда Потуга. - Өйткені үлкен алаңға жиналған жұрт тек мерекелік концертке қана емес, сонымен қатар лоторея ойындарына да қатысып, бақтарын сынады. Жиналған қауым жаздың соңғы жаймашуақ күндерін көтеріңкі көңіл-күймен таза ауада шығарып салып жатыр.

Жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасынан өзге ауданның Жастар орталығы алдын ала таратқан 500-ге тарта лоторея билеттері ойнатылды. Көрермендер арасында көптеген викториналық ойындар ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді.

Сонымен қатар, дәл осы күні кәмелеттік жасқа толған кенттің жас тұрғындарына жеке бас құжаттары табысталды. Одан өзге «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының құрамына енген ауданның белсенді үш қызметкеріне партиялық билет табысталды.

Одан өзге жиналған жұрт аудан кәсіпкерлері әкелген ауылшаруашылық өнімдерін әдеттегіден әлдеқайда арзан бағаға сатып алу мүмкіндігне де ие болды. Жәрмеңкеде бал, бақша, сүт, нан, ет өнімдері саудаланды.

Осылайша Глубокое кентінің халқы да тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болған Конституция күнін жоғар дәрежеде атап өтті.

Назерке Кәрімова

Следующая →