Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Құтқарушы – мықтылар таңдамайтын мамандық

Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық

Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, өрт, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден біз 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады. Бұл олардың жасайтын ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтандайды.

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі және ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды. Батыл мамандар елдің кез-келген жеріне жедел көмекке келуге дайын. Адам өміріне қауіп төнген уақытта еш кідіруге болмайды. Қарапайым құтқарушыдан мамандандырылған жасақ басшысының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, жас құтқарушыларды тәрбиелеп, оларды құтқару жұмысымен таныстырып, арнайы оқу-жаттығу жұмыстарының жобасын құрумен айналысатын құтқарушы, азаматтық қорғаныс майоры Аслан Мырзабекұлы. Ол Зайсан ауданының тумасы. Өзін ешқашан құтқарушы боламын деп елестетіп көрмеген ол, бұл мамандық иесі атанғанына еш өкінбейді.

- Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді. Мен өзімді абыройлы мамандық иесімін деп санаймын. Сондықтан жұмысыма еш өкінбеймін, - деп атап өтті Аслан Нұрбаев.

112 жедел құтқару нөміріне күндіз түні қоңыраулар түсіп жатады. Құтқарушылар болса, өздерінің міндеттерін орындауға әрқашан дайын отырады. Келіп түскен қоңыраудан кейін жедел түрде оқиға орнына аттанып, өздерінің міндеттерін атқарады.

- Күн сайын сан түрлі қоңыраулар келіп түседі. Мысалы, жабылып қалған пәтер есігін ашу үшін хабласады, өйткені үйдің ішінде кішкентай бала жалғыз қалып қояды. Қар көшкіні кезінде, зиянды заттармен уланған жағдайда тұрғындар біздің көмегімізге зәру. Құтқарушылар әрбір қысылтаяң сәттің артында адам және оның өмірі тұратынын біледі, - дейді Аслан Мырзабекұлы.

Кез келген адам құтқарушы бола алмайтыны анық. Бұл мамандықты тек таңдаулылар ғана атқара алады.

- Құтқарушы болу үшін жүрек керек. Өйткені біздің жұмыста ауыр да көтересін, төбеден жіппен де секіріп түсесін, қанды да көресін, өлімді де көресін, алғашқы көмек те көрсетесін. Сондықтан бұл жұмыс таза ер адамдардың жұмысы және оған ер мінезді адамдар ғана шыдай алады, - дейді құтқарушы.

Құтқарушы болу үшін арнайы талаптарға сай болып, қажетті талаптарды орындау

қажет. Яғни, шыныққан денеден бөлек, оның жасы да маңызды.

- Құтқарушыларды жұмысқа аларда қойылатын негізгі талап, спортқа бейім, денелері шыныққан және жастары 25-тен аспаған болуына баса назар аударамыз, - деп атап өтті Аслан Мырзабекұлы.

Қазіргі уақытта облыстық мамандандырылған жасақ құрамында 150 маман жұмыс істейді. Оның ішіне 14 адамнан құралған 4 қарауыл құтқарушылар да кіреді. Аслан Нұрбаев жаңадан келген құтқарушыларға жөн сілтеп өз білгенімен бөліседі. Мысалы, ол жас мамандарға ескі көліктерді әкеліп, жас құтқарушыларға оның есігін қалай ашып, ішіндегі адамды қалай алып шығу керектігін, құтқарушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтарды қалай пайдалану қажеттігін, қауіпсіздік ережелерін үйретеді.

- Оқиға орнында құтқарушы жылдам, еппен істеу қажет. Егер адам көліктің астында жатса, міндетті түрде адамның бетін жауып қою керек. Сонымен қатар, құтқарушылар өздерінің бас киімдерімен қолдарына арнайы қолғаптарын киюді ұмытпай керек. Ол өте маңызды талаптардың бірі, - дейді мамандандырылған жасақ басшысының орынбасары.

Жас құтқарушыларды ерлік жасауға шабыттандырып, оларды белгілі бір тұлғаға бой түзету маңызды. Бұл жолда Аслан Нұрбаев ерлігі ел аузында жылдан-жылға айтылып жүрген емес, өз орталарында жүріп, жетістіктері жетерлік құтқарушыны мысал етеді екен.

- Біздің мамандандырылған жасақта Дарын Искаков деген құтқарушы бар. Ол 4-қарауыл құтқарушыларының жетекшісі. Оның қоржынында 150 рет порошюпен секіру, су астында жүзіп, құтқару операцияларына қатысуы бар және оның негізгі мамандығы құтқаушы, ол жан-жақты, өжет. Оның біздің мамандандырылған жасақтың жетістіктеріне қосқан үлесі өте зор, - деп атап өтті Аслан Мырзабекұлы.

Сонымен қатар, Аслан Нұрбаев жастар арасында құтқарушы боламын деп, ниет білдірушілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті.

- Негізінен құтқарушы мамандығына жастар көп қызығушылық білдіруде және бұл өте жақсы. Өйткені жасы 30-дан асқандардың көбі биіктіктен секіру, тез жүгіру сынды нәрселерді орындай алмай жатады. Ал жастардың бойында күш-қуат тасып тұрады, - дейді азаматтық қорғаныс майоры.

Құтқарушылар қыс мезгілінде қар көшкіні астында қалушыларды, аязда жолда тұрып қалатын жолаушыларды құтқарса, көктемде халықты су басудан құтқарады. Жаз мезгілінде өрт пен суға кету мәселелері өзекті орынға ие болады.

- Қыркүйек айында құтқарушылар 51 шақыруға шықты. Оның ішінде басым көпшілігі жабылып қалған есікті ашу, кейін жедел жәрдемге, полиция қызметіне көмектесу, жануарларды құтқару сынды жағдайлар кездеседі, - деп толықтырды Аслан Мырзабекұлы.

Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін, төзімділікті, тасып-тулаған апат алдында қорқынышты жеңе білу қабілеттілігін және әрине, мінсіз абырой-беделді талап етеді.

Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер. Екі қылықты қыз бен бір ер баланы тәрбиелеп отырған Аслан Нұрбаев өзінің ұлы болашақта әкесінің жолын қуып құтқарушы болғанын қалайды. Өйткені оның пікірінше, тек нағыз азаматтар ғана құтқарушы бола алады.


Ақерке Рағызбаева

Следующая →