Усть-Каменогорск
облачно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +15°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Мал дәрігерлері жеткілікті ме?

Малдардың түрлі ауруларын зерттеп, емдейтін ветеринар мамандарының жұмысы оңай жұмыстардың бірі емес. Сондықтан бұл мамандықта мамандардың жетіспеуі де кездеседі

Ветеринария мамандарының негізгі міндеті ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті және эпизоотиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету, жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау болып табылады.


Егер мал ауруы бір малда байқалатын болса, ол бүкіл шаруашылыққа қауіп төндіреді. Ал төрт түлік малдың маңызы қазақ халқы үшін де жалпы, ел экономикасы үшін де өте зор. Өйткені биыл ауылшаруашылық министрлігінің жоспары Қазақстан 60 мың тонна етті экспорттауы тиіс. Алайда экспорттың жүзеге аспай қалатын уақыттары да болады. Өйткені малдың бойынан ауру шығып, оны шетелге тасымалдамау кейінге шегеріліп жатады. Мысалы, жыл басында облысымыздағы ет өндірушілер өз өнімдерін Ресейге тасымалдап, саудаларын жүзеге асырады деген ақпарат шықты. Бірақ мал етіне карантин қойылғандықтан мұның барлығы жоспар күйінде қалды.


- Мал ауруларының пайда болуы инфекцияның табиғи ошақтарына байланысты. Ал малдарға егу жұмыстары әр вакцинаның нұсқаулығы бойынша жүргізіледі. Республикалық жоспарға сәйкес облысымызда жыл сайын жоспарлы егу жұмыстары жүргізіледі, - деді Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілек Бапинов.


Дәл осы екпелерді уақтылы егіп, малдардың ауруларын емдейтін, жұқпалы ауруларды емдейтін ветеринарлардың жұмысы бір қарағанда оңай болғанымен, мамандықтың өзіндік қиыншылықтары бар.


- Мал дәрігерлері таңның атысымен екпе егуге кіріседі. Табында 150-180 бас ірі қара, отарда 500-700 бастай, тіпті, 1000-ға жуық ұсақ мал болады. Қаптаған қалың малдың ішінде сиыр мен құнажынды ажырату оңай емес, ал дене бітімдерінде көп ауытқу жоқ, тұтас жүн басқан саулық қой мен тұсақты, ісекті ажырату, сөйтіп, оларды рет-ретімен ұстап қан алу оңайға соқпайды. Мал дәрігерлері таң сәрі қан алуды бастап, кешкі сағат 5-6-ларда әрең бітіреді. Одан соң үйлеріне келіп қанның тізімін бөлек-бөлек жасау керек. Ол табынға немесе отарға қаншама адам малын қосқан. Ол адамдардың төлқұжаттарының нөмірлері, ИНН-дерін ведомостқа түсіру керек, - деп түсіндірді мал дәрігері.


Қазіргі уақытта біздің облысымызда 1173 ветеринарлық мал дәрігері қызмет етуде. Алайда олардың өзі аздық етеді. Қазіргі уақытта облысымызда тағы 23 мал дәрігерінің орны бос тұр.


Мал дәрігерлері жан-жануарлардың ауруларын емдейді, әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасайды, малдан алынған ет, сүт, т.б. өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жарамды-жарамсызын айырады. Әрине, мал дәрігері болу үшін де білімділік пен біліктілік, өз мамандығына малдарға, жан-жануарларға деген көңіл қажет.


Ерке Биғазина

Следующая →