Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Қаржылық сауаттылығыңыз қай деңгейде?

Шығыс Қазақстан облысы халқының 6%-ы ғана отбасылық табысы мен шығындары жөнінде есеп жүргізсе, ал қалған 94%-ы отбасылық бюджетті кейде жүргізеді немесе мүлде ақша айналымын есептемейді екен

Kaz Minerals тобы Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығымен бірлесе отырып облысымыздағы «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарының ұжымдары үшін қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі лекцияларды қолға алды. Яғни, тәуелсіз сарапшылар кәсіпорын қызметкерлеріне өз қаржыларын қалай тиімді басқаруға және қаржылық қызметтерді тұтыну барысында өз құқықтарын сауатты қорғай білу туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, қзіргі таңда екінің бірінде бар несие мен депозитке қатысты сұрақтар, ондағы қарапайым адамдар мән бере бермейтін, бірақ кейін опық жеп жататын нюанстары талқыланды.


- Елде 2014 жылы 4 айға созылған халықтың қаржылық сауаттылығын зерттеу жұмыстары жүргізілген, - дейді «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ директоры Гүлмира Арбабаева. - Онда барлығы 5 кезеңдік 55 сұрақ қамтылған. Сұрақтар Дүниежүзілік банк методологиясына негізделген. Зерттеу нәтижесі көңіл көншітерлік емес.


Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштеріне сүйенсек, Қазақстан халқының тек 7%-ы ғана депозит салымшылары болып табылады. Одан өзге, зерттеуге қатысқандардың көбі несиелік тарих, инфляция, депозит дегеннің не екенін білмейтін болып шыққан. Анықталғандай, несиесі бар халықтың жартысынан астамы айлық төлемді кешіктіріп төлейді.


- Жүргізілген зерттеу бойынша қазақ халқының тұтыну мәдениеті жоғары екенін байқаймыз. Яғни, керісінше, болашаққа қаржы жинау мәдениеті төмен, - дейді Гүлмира Арбабаева. – Той жасау керек болса, тіпті, кез келген жағдайға байланысты көбінесе несиеге жүгінеді. Халықтың 56%-ы қазіргі таңда несие төлеп отыр. Тіпті, дағдарысқа қарамастан, несие алушылар саны азаяр емес.


Осы орайда айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 8,9 млн экономикалық белсенді халық бар болса, олардың 5 млн-ы несиесі барлар. Ал банктердегі несиелік келісімдер саны 7 млн-ды құрайды. Бұл бір адамның басында бірнеше несиесі бар екенінің айқын көрінісі.


Қазақстанда Шығыс өңірі 19-22%-дық көрсеткішпен проблемалық несие бойынша 5-орында тұр. Бір шығысқазақстандық азаматтың басында орта есеппен төрт несиеден бар. Ал жалпы халықтың 57,9%-ы несиесін уақытынан кешіктіріп төлейді екен.


Өңіріміздің несие төлеу бойынша күрделі мәселелерге тап болуы, бәлкім, қаржылық сауаттылықтың аздығынан болар. Осыған орай, Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы мамандарының кеңесіне сүйене отырып, несие алу барысында неге мұқият болу керектігі жөнінде пайдалы кеңестер ұсынамыз.

Несие алмас бұрын өзіңізге мынадай сұрақтарды қойып көріңіз:

1. Несиен өтеу үшін өз табысыңыздың қандай бөлігін ауыртпалықсыз жұмсай аласыз?

2. Осы несиені уақытылы өтей аласыз ба?

Сонымен қатар, несие келесі мәселелерге сәйкес топтастырылатынын білу қажет:

* Мақсаты. Не үшін?

* Валютасы. Несиені қай валютада алу қажет (теңге немесе доллар)?

Сіз табысыңызды қай валютада алатыныңызды ескеруіңіз қажет. Валютада алынатын несиенің пайыздық мөлшерлемесінің төмен болуы – оның арзанға түсетіндігінің белгісі емес.

* Мерзімі. Қандай мерзімге алынады?

Мерзім қысқа болған сайын, ай сайынғы төленетін соманың көлемі үлкен болады және керісінше.

* Қамтамасы ету (кепілді және кепілсіз).

* Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі жылына 56%-дан аспауы керек.

* Несиені өтеудің әдістері: аннуитеттік және дифференцияланған.


Есте сақтаңыз, несиені өтеу әдісін таңдау өз құзырыңызда. Банк ұсынған несиені өтеу әдістерімен толық танысып шығып, артық төлемі ең төмен әдісті таңдаңыз. Яғни, несие бойынша артық төлем сомасы аннуитеттікке қарағанда дифференцияланған әдіспен төменірек шығады.


Несие алуға бел бусаңыз, несие беретін банкті дұрыс таңдаңыз. Оның беделі мен ол туралы қалыптасқан пікірге зейін аударыңыз (ғаламтор, достарыңыз бен таныстарыңыз арқылы ). Сонымен қатар, несиелеудің барлық шарттарымен толық танысып шығу қажет. Өйткені шарттарға қол қоя отырып, сіз банктің барлық шарттарымен келісесіз және оны орындау бойынша барлық міндеттемелерді өзіңіздің мойныңызға аласыз. Тағы да айта кетер жайт, несиелік шарт жасаған күненн бастап 14 күнтізбелік күн ішінде қолданылған күндер үшін сыйақы сомасын төлей отырып, банкке кредитті қайтаруға құқығыңыз бар. Бұл «сынау мерзімі» деп аталады. Мұндай жағдайда несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл төленбейді.


- Несие алған соң, оны өтеу өз парызыңыз, - дейді Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығының сарапшысы Шынар Елубаева. - Алайда, егер несиені қандай да бір қиыншылықтарға байланысты уақытылы өтеуге мүмкіндігіңіз болмай жатса, өзіңізге қызмет көрсеткен банкке бірден хабарласыңыз. Банк кредитті қайт құрылымдау, төлем мерзімін ұзарту немесе өтеу кестесін өзгерту түрінде көмек жасай алады.


Ал егер, несие ипотекалық болып және банк тарапынан көмек болмаған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкіне жүгінуге болады.


Назерке Нұрболатқызы

Следующая →