Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Биыл облыстық «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының «Ореол» бірінші партиялық ұйымы «Алдыңғы буынға қамқорлық», «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек», «Жастар ел үшін», «Өмірге жолдама» атты бес әлеуметтік жобаға қатысқан

Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қайырымдылыққа берілген сома 15 миллионды құраған. Партия мүшелері өз істерімен маңызы жоқ мәселе болмайтындығын дәлелдеп отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда бірінші партиялық ұйым құрамында125 адам бар болса, алдағы уақытта тағы 28 азамат партияға кіруге ниет білдірген.


- Жыл сайын 1 қазан күні біз №21 сайлау округінің зейнеткерлеріне азық-түлік жиынтығын сыйлаймыз, - дейді БПҰ төрағасының орынбасары Светлана Васильева. – Осы сынды Ұлы жеңістің 71 жылдық мерейтойы қарсаңында соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап, 9 мамырда «Император» СК алдында барлығы үшін далада дастархан жайылды. Ал Білім күніне орай көпбалалы және тұрмысы төмен отбасындағы балалар мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен портфельдермен қамтамасыз етілді.


Одан өзге, «Ореол» БПҰ «Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу орталығына» да қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, ұйым мүгедек қыздар қатысқан сәнқойлар конкурсын да қаржыландырған.


Нұротандықтар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды да назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, жетімдер үйінің тәрбиеленушісінің атына бірнеше жылдан кейін баспана сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 570 мың теңгеге есеп ашылған. Ал «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында балалар үйінің тәрбиеленушісі Кирилл Буйкоға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Тағы бір балалар үйінің түлегіне жақында алған пәтеріне жиһаз сатып алуға көмек берілді.


Естеріңізге сала кетейік, «Ореол» ұйымы өткен жылы қалалық және облыстық «Үздік бірінші партиялық ұйым» конкурсында бірінші орынға ие болған. Өйткені партия мүшелері азаматтардың көмек сұрап келуін күтіп отырмай-ақ, мұқтаж жандарды өздері табады, көмектеседі.


Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →