Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

"МузАРТ LIVE" жобасынан көрер қызық әлі алды

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасында бастау алған жылдың үздік мега-жобасы - "МузАРТ LIVE"-та өңірімізден үш дарынды жас бақ сынауда

Он екі мың үміткердің арасынан үздік алпыстың арасына шығыстан төрт жігіт іріктеліп, жобаның телевизиялық кезеңіне өткен болатын. Солардың бірі облыстық жастар театрының актері Айдос Нұрмағамбетов. Актерлік қабілетінен өзге, түр-тұлғасы келіскен сері музарттықтарды ерекше дауысымен баурап алған.

- Айдос мырза, қай өңірдің тумасысыз?

- Мен 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келдім. Мектепті сол Шалқар қаласындағы №1зертхана мектебінде 9-сыныпқа дейін білім алдым. Ал 2006 жылы Ақтөбе облысындағы А. Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің академиялық ән салу бөліміне оқуға түстім. 4 жылдан кейін аталмыш оқу орнын аяқтаған соң, бір жылдай облыстық Ғ. Жұбанова атындағы филармонияның камералық хорында қызмет еттім. Кейін 2011 жылы Астана қаласына өз мамандығым бойынша жоғары оқу орнына тапсырыруға келіп тұрып, ойда жоқта Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік бөліміне түсіп кеттім. Сөйтіп, бұрын-соңды көрмеген, білмеген актерлік мамандықты меңгердім. Басында қиыншылықтар болды. Дегенмен, төрт жыл бойы білім алып, шыңдалып шықтым.

m-6GxH2bftY.jpg

- Сіздің актерлығыңыз бір төбе, ал әншілігіңіз бір төбе. Жалпы, бойыңыздағы өнер ата-анаңыздан дарыған ба?

- Менің ата-анам өнерге ешқандай қатысы жоқ жандар. Әкем – теміржолшы, анам үй шаруасында. Дегенмен, арғы аталарымыз кезінде ақын, шайыр болған деп айтады. Мүмкін сол кісілерден, болмаса домбырамен жақсы ән салатын нағашы ағам бар, сол кісіден берілді ма екен деп ойлаймын. Үйде үш ағайындымыз. Солардың ішінен өнер жолын қуған мен ғана.

- Шығыс өңіріне қалай тап болдыңыз?

- Университетті бітіретін жылы Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Өскемен қаласында жаңа театр ғимараты салынды, жастар театры ашылмақ деген сөздер шыға бастады. Жасыратыны жоқ, топтағы 13 студенттің ішінен мен ең алғашқы болып, осы жаңа театрға келуге ниет білдірдім. Осылайша, шырайлы Шығыс жеріне келіп, еңбек жолын жаңа театрда бастап кеттім. Сонымен қатар, облыс әкімі тарапынан жаңа театрға қолдау жақсы, айлығымыз да жетерлік. Одан өзге, әкімшілік театр актерлеріне 20 пәтер кілтін табыстаған болатын.

5_QcwqS1-N4.jpg

- Жаңа ортаға бейімделу қиын болмады ма?

- Өскемен мен бұрын болып көрмеген басқа аймақ. Оның үстіне Батыстан шалғай жатыр. Мен үшін тамыр-таныс, тума-туысым жоқ жерге бару қызық болып көрінді. Ол жақтың адамдарымен тіл табысу, жаңа ортаға бейімделу деген ойлар қызығушылығымды оятты. Осылайша адамдармен жақсы тіл табыса алатын қасиетімнің арқасында бүгінде бір жарым жылдың төңірегінде облыстық театрды қызмет етіп келемін.

- Театр репертуарында қандай қойылымдар бар?

- Ұжымда қазіргі таңда оннан астам адам жұмыс жасайды. Жастар театрының ашылу маусымында Кен Людвигтің «Жұлдызды сәт» пьесасын алғаш рет сахналадық. Ал жастар театрының көркемдік жетекшісі Айдын Салбановтың қойған «Тендерге түскен келіншек» пьесасында бас рөлді сомдадым, «Сүйіңдерші, адамдар» поэтикалық қойылымын да қойдық. Сонымен қатар, режиссер Сайлау Камиев ағамыз келіп, «Жасасын махаббат» комедиясын қойдық. Міне, кешегі күні жастар театры 1 жылдығын тойлап, екінші маусым ашылды. Елена Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымымен аштық. Алдағы уақытта әлі көптеген шығармалар шығарамыз деген үміт бар. Сырттан режиссерлер келіп, бірлесе жұмыс жасау да театр жоспарында бар.

TjnmeT-zzuU.jpg

- Қазір сіз халыққа театрдан өзге, "МузАРТ LIVE" жобасы арқылы жақсы танылдыңыз. Жалпы, жобаға қалай келдіңіз?

- Негізінен, әлеуметтік желіге аса әуестігім жоқ, инстаграм желісіне де тіркелмеген едім. Театрымызда музыкалық оператор бар, сол жігіт инстаграм арқылы «Музарт» тобы онлайн кастинг жариялап жатқандығын айтты. Сонда видео жіберейік деп ұсыныс тастап, өзі жіберіп, өзі бақылап отырды. Бір күні сол жодасым жобаның онлайн іріктеуінен өткенімді айтып, сүйінші сұрады. Содан бастап дайындала бастадық. Кейін, аймақтық турда топ мүшелері өздері келіп, шығыстың дарынды жастарының арасында іріктеу жүргізді. Ойламаған жерден екінші кезеңнен де сүрінбей өтіп, телетүсірілімге жолдама алдым.

qjeJkaFoGI8.jpg

- Жобада алда қандай қызықтар күтеді?

- Телетүсірілім барысында түрлі қызық та қиын сәттерді бастан өткердік. Телетүсірілімдер түнімен жалғасатын кездер де болады. Республиканың түкпір-түкпірінен келген қазақтың дарынды жастарымен танысып, музарттық ағаларымыздан тікелей сабақ алып, ақылдарын алдық. Шыны керек, колледж бітіргелі сахнаға шығып ән айпаған едім. Бұрын-соңды бұндай жобаларда бақ сынап көрмегенмін. Дегенмен, дүлдүлдердің арасында өнерімді күллі қазақ еліне паш ете білгеннің өзі де жеңіс. Жобада көрер қызық әлі алда. Кіл жүйріктердің арасынан шын жүйріктер іріктелуі үшін талай қызықты тартыс болады.


Әңгімеңізге рахмет! «Алдаспан» газеті қызметіңізге шығармашылық табыстар тілейді!

Следующая →