Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Биометриялық жеке бас куәліктерінен бас тартуға болмайды

Төрт жылдан кейін қазақстандандықтардың жеке бас куәліктеріне саусақтарының ізі ғана емес, көздерінің торлары қоса тіркеуі мүмкін

Қазіргі уақытта үкімет басындағылар жаңа биометриялық жеке бас куәліктерін әзірлеуге дайындалуда. Бұл үрдісті жан-жақты талқыланып отырғандықтан түрлі ұсыныстар мен шешімдер қарастырылу үстінде. Мысалы, өзінің саусақ іздерін беруден бас тартқан қазақстандықтарға айыппұл салынатын болады. Ал шетел азаматтары болса, өз елдеріне кері қайтарылуы мүмкін.

Біз заңмен дактилоскопиядан (саусақ іздері) бас тартқан ҚР азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке тартатын боламыз. Айыппұл көлемі айлық есептік көрсеткішке байланысты болады. Ал АЕК жыл сайын өзгеріп отырады. Геномды (адамның жеке басын анықтауға арналған ДНҚ фрагменті) тіркеуден бас тартқандар да жауапқа тартылатын болады және өздерінің жеке бас куәліктерінен айырылады, - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жакупов.

Дактилоскопиядан бас тартқан шетел азаматтары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің заң жобасына жаңа өзгертулер енгізу ұсынылып отыр. Яғни егер шетел азаматы Қазақстанның заңына бағынғысы келмейтін болса, оны ел аумағынан шығарып тастау көзделіп отыр.

- Айыппұлдарды енгізуіміздің басты себебі, ҚР кез келген азаматы заңға бағынуы керек. Бұл дегеніміз саусақтарының ізін алдыртуға бас тартқандық емес, заңға бағынбағандық болып есептеледі. Ал заңға бағынбаған үшін тұрғындар азаматтық және қылмыстық кодекстерге сай жауап беретін болады, - деп қосты министрдің орынбасары.



                                                                         Тиімділігі неде?

Бұл жаңашылдық іс-түссіз кеткендерді іздестіруге көмектесетін болады. Яғни, есін жоғалтып алған немесе қаза болған адамның кім екенін анықтауда жаңа дактилоскопиялық және геномды әлістерді қолданып анықтауға болады.

- Жылына еліміз бойынша орта есеппен алғанда 4-4,5 мың арыз адамның іс-түссіз кеткендігіне байланысты түседі, - деп атап өтті Рашид Жакупов.

Халықтың саусақ іздерін алу арқылы дактилоскопия жүргізу ең алдымен қылмыстық істерді ашуға бағытталған.

Сонымен қатар, биометриялық паспорттар мен визалық құжаттарды құжаттарды өтірік дайындаудан, оның иесін қылмыскерлердің айла-әрекеттерінен қорғайтын болады. Мемлекеттік және жеке қызмет түрлерінің аясын кеңейтеді. Әлемдік талаптарға сай, миграциялық қауіпсіздікті арттырады. Мамандар бұл жаңа

инновацияны енгізу техникалық тұрғыдан қиын және қаржылық жағынан шығынды көп болғандықтан оны енгізуді 2021 жылға дейін шегеріліп отыр.

                                                         Қалай жұмыс істейтін болады?

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы сканер құрылғысы орнатылады. Жеке бас куәліктерін жаңартуға келген қазақстандықтар тек қол қойып қана қоймай, екі саусақтарының іздерін де қалдырып кетеді. Бұл үрдіске 12 жасқа дейінгі балалар мүлдем қатыспаса, 12-16 жас аралығындарға бас тартуға болады. Құжаттарды бірден 2021 жылы алмастыру да маңызды емес, өз куәлігіңіздің мерзімі аяқталған кезде жаңасын бірақ алуға болады. Осылайша бұл үрдіс енгізілгеннен кейінгі 3-4 жылда қазақстандықтар түгел дерлік куәліктерін жаңалап үлгереді.

Бұл үрдіс 5 жылдың ішінде енгізілетін болса да, Ішкі істер министрлігі қызметкерлер штатын ашу мен қажетті құрылғыларды сатып алуға 37 млрд теңге сұрап отыр.

Айта кету керек, қазіргі уақытта әлем кеңістігінде биомертиялық паспорттар кеңінен қоланылып жүр. Бұл адамның жеке басын растайтын құжаттың ішінде шағын чип орнатылған. Ал чипте адамның аты-жөні, туған жылы, мекенжайы, паспорттың берілу уақыты, көздерінің торы мен саусақ іздері сақталады. Сонымен қатар Еуроодақтың құрамына кіретін елдерде мұндай паспорты бар тұрғындар ешқандай визасыз 90 күн өзге елдерді саяхаттай алады екен.


Ерке Биғазина
Следующая →