Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Шахаризат Сейдахмет: Қазақ есігін жаппайтын ел...

Қазақ эстрадасында жұлдызы жарқырап келе жатқан Шахаризат Сейдахмет Өскемен қаласына қонаққа келді. Сәтіне орай, нобайы табылып сырлы сұхбатқа келістік.

? Өнер жолына «Әнші балапан» дәуірінен келіпсіз...

- «Әнші балапанға» қатыспаған әнші жоқ шығар... Біздің балалық шағымызда байқаулар көп болған жоқ. Мектеп арасында ынталандыру бойынша, төртінші сыныпта «Әнші балапанда» ән айтып бастадым. Ол кездегі «Әнші балапан» ауылдың сахнасы ғой. Мен қатысқан жылдары жүлде деген болған жоқ. Бастысы сахнаға шығып өнер көрсету болды. Демеушілік көрсеткендер сый-сыяпаттарын табыстап жататын. Ол кездері хит болған касетамен ойнайтын плеерлер, жаңа жылға киетін маскалар табысталып үйге арқа-жарқа болып қайтатынбыз. Сол уақытта жүлдеге таласудан бұрын, сахнаға шығып өнер көрсеткенімізге мәз болатынбыз.

? Қазіргі таңдағы балалардың мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары ма?

- Кез келген ата-ана баласы үшін бәріне дайын ғой. Баланың тілектерін орындап жатады. Қазіргі балалардың көзқарасы да басқаша. Бүгінгі баламен отырып әңгімелесе алмайсың, олармен үлкен адам болып, тұрып сөйлесуің керек. Ғаламтордың дамыған заманында балалар не болып жатыр, не өткелі жатқанынан, барлығынан хабардар. Бұрын бізге бағыт-бағдарды ата-анамыз беріп отырған. Қазір балалар ата-аналарына келіп анда, мында қатысқым келеді деп өздері ұсыныс жасайтын көрінеді. Ақпараттық заманда елдің сүйіктісіне айналу, танымалдылыққа ұмтылу деген қатты белең алып келеді. Сондықтан, құдайға шүкір шоу-бизнес бұрынғыдай емес, әлдеқайда қарыштап дамыды. Барлық балалардың әншілікке ұмтылуы соның дәлелі болу керек.

? «Қазақстан дауысы» жобасында жұлдызыңыз ерекше жарқырады. Бұл жаңа өмірге деген билетіңіз болған шығар?

- Осылай жүргеніміз сол жобаның арқасы. Оған дейін де ән айттық, бірақ, танымал болған жоқпыз. Танымал болу бөлек, халықтың сүйіктісіне айналу бөлек. Танымалдылықты пайдаланып, ел сүйіктісіне айналу ниетімен жүрміз.

? Біреу той әнін, енді бірі эстрадалық әндер жазуға құмар. Сіздің бұл жолда талғамыңыз бар ма?

- Әннен бұрын жанр мен бағыты бар. Дәстүрлі әнді бітіргеннен кейін, этнорок әндерін жазып бастадық. Дәстүрлі де, этнорокты да орындаймын. Бұл тойға шақырмайды деген әңгіме емес. Көңілі қалаған адам шақырады. Тойға билету үшін бару мақсат емес. Апа-аталарымыз халық әндерін сұрап жатады. Той әнін жазуға деген аса қатты мұқтаждық жоқ. Бірақ жазып қойған әндер бар, бағытымыз басқа болғандықтан олар аса қатты жарнамалана бермейді. Тойларда ғана орындап жүремін.

? Өскеменге нешінші рет келіп отырсыз? Алғашқы әсеріңіз қандай?

- Өскеменге бірінші рет келуім. Халқынан бөлек, табиғатының өзі қонақжайлылық танытып, ауа-райының қолайлы болып тұрғаны... Теледидардан қысының қаттылығы жағынан жарнамасы қатты көрініп еді. Қорқып келіп едік, барлығы жақсы болды. Шығыс Қазақстанда бұған дейін болғанмын. Семей қаласында өткен «Абай оқуларына» қатысқанмын.

? Халықтың көзайымы болу қаншалықты тәтті, қаншалықты ащы келеді?

- Балерина сахнада билегенде керемет әдемі көрінеді. Бірақ сахнадан тыс аяқ киімін шешсе көрген бейнеті байқалады. Осылайша өнердің барлығы сыртынан қарағанда тәтті көрінеді. Оңай, жеңіл жолмен келіп жатқандай көрінсе де, ар жағындағы қиындықтары көзден таса қалады. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей, бір нәрсе тоқтатады. Өзге біреу топта суретке түсіп жатқанда «Осы күнге қашан жетемін?» дейсің. Жеткен соң, сол ойың өзіңе сыртыңнан қайтып келеді. Арманыңа жеткен соң бас тарта алмайтыныңды ұғасың... Кейде суретке түсуден де шаршайсың.

? Шығармашылық жолыңыз қалай жүруде?

- Қазір Астанадамын. Алматыда бір жарым жыл тұрып радиода, кейін ұстаздық қызмет атқардым. Бірақ отбасылық жағдайларға байланысты Астанаға көшуге тура келді. Өзімнің жеке студиям бар, бейнебаян түсіретін жеке продакшн бар. Сондықтан тек шабыттың келгенін ғана күтеміз. Жылына бір бейнебаян түсіреміз. «Туған топырақ» деген қытай қазақтарының әніне бейнеклип түсірдік. 7 мың киллометрді шарлап автокөлікпен түсірдік. Теледидардан үш минуттық бейнебаян болып шықса да, екі апта айналасында жолда болдық. Кейде көлікте ұйықтадық, тамақтандық. Қазақ есігін жаппайтын ел ғой, барған жеріміздегі қонақжайлылық бар бейнетімізді жуып-шайды. Өзіміз «бейнебаян болған жоқ, бейнетбаян болды» деп күле жүрдік.

? Шет жақта туған жеріңізді сағынасыз ба?

- Бұрын көп сағынбайтынмын. Біреулер туған жерін таныстырып жатқанда ол өзіне қызық, өзіне ыстық. Бейнебаян түсіруге барған ауылымнан дым қалмағанын көзім көрді. Сол кезде әрбір тастың ыстық деген мағынасын түсіндім. Жылына, екі жылда бір баратындай созылып кетті. Бұрын ата-анам сол жақта болғанда жиі баратынмын. Ата-анам қасымда болған соң қатынасым үзіліп кетті. Туған жерді сағынып барамыз, сағынып барамыз...

? Тәуелсіздік еліміздің төлқұжаты. Аталмыш мерекеге де саусақпен санарлық күн қалды. Еліңізге тілегіңіз қандай?

- Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый, деп бала Жамбыл жырлады ғой. Бейнетпен келген бейбіт өмір тай мінген баладан, таяқ ұстаған қарияға дейін тойлайтын той болу керек. Әр салада жүрген адам өзінше үлесін қосып жатыр... Біздің мұратымыз осы тәттіліктің дәмін келтіру. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Айтулы мерекені жұмылған жұдырық болып, бір кісідей атап өтейік. Дұшпанның араласуынсыз, осы мерекені атап өту әр азаматтың көкейіндегі дүние. Ұрпақтарымыз өсіп-өнсін. Дінінен, тәрбиесінен тайып кетпейтін буынды Алла нәсіп етсін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Айдос Мырзахметов

Следующая →