Жеңілдіктерге не желіктіреді?
Жеңілдіктер. Біз бұл сөзді әсіресе сауда-саттық кезінде жиі естиміз. Тіпті кейде өзіміз де саудаласып, жеңілік сұрайтын уақыттар да болады. Бірақ сол жеңілдіктер қаншалықты шынайы, әлде бұл арнайы жоспарланған арбау ма?
Жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезінде ұнаған киіміңді түпнұсқадағы бағасынан арзанырақ сатып алуға мүмкіндік туады. Бірақ ешкім өзінің шығынына жұмыс істемейтіні белгілі. Сонда жеңілдіктердің мақсаты қандай?
Жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар көбіне бізді өз иіріміне елтіп, босқа ақша құртуға итермелейді. Сол себепті, қандайда бір затты жеңілдікпен сатып алмас бұрын басқа да дүкендердегі бағаға көз жүгірткен абзал болар.
Батыс елдерде жеңілдіктер үйреншікті жағдайға жатады. Өйткені жеңілдік жасау Еуропада 18 ғасырда пайда болды. Яғни, саудагерлерге қоймаларын жаңа тауарға жедел босату керек болғандықтан олар ескі тауарды құнсыз сата салатын. Бұл бүгінгі таңда да бар үрдіс. Сондықтан маусым аяқталатын кезде бағалар да түседі. Мысалы, сіз қысқы тонды қараша-желтоқсан айында бір бағаға алатын болсаңыз, ақпан-наурыз айында ол бірнеше есеге төмен болатыны анық.
Заманына қарай адамы демекші, бүгінгі таңда жеңілдіктердің барлығы дүкен әкімшілігімен алдын ала жоспарланады. Бұл саудагерлерге ешқандай шығын әкелмейтін, дегенмен өтпей тұрған тауарды өткізуге көмектесетін науқандардың бірі.
Алдау ма, арбау ма?
Көп жағдайда дүкен есіктеріндегі «Жеңілдіктер» сөзі адамның назарын аударту үшін жазылады. Ал дүкенге кірген адам бағалардың расымен төмен екенін аңғарады. Бірақ ол жеңілдік өтпей тұрған немесе бір-екі данасы ғана қалған киім-кешекке жасалады. Ал тұтынушы бұл дүкеннен өзіне қажетті бір затты тауып, бағасына қарамай алып қоюы мүмкін. Өйткені жеңілдіктер ең біріншіден көңілшек және албырт адамдарға арналған. Олар сыйлықтар мен жеңілдіктер деген жарнамаларға бірінші болып ілігеді.
- Дүкен иелері адамдардың аз ақшаға көбірек немесе қымбатырақ затты алуға деген ұмтылысын пайдаланады. Ал ондай жағдай орын алған кезде адамның миы тауарларды қалай алып қойғанын тіпті бақылай алмай қалады. Нәтижесінде адамның үйінде керексіз бұйымдар мен кимейтін киімдері толып жатады, - деп түсіндірді психолог Шынар Уәзірова.
Сатып алушылар бағасы сызылған тауарларды алуға ұмтылады. Себебі адам қанша пайызға жеңілдік жасалғанын және ол қанша теңге үнемдей алатынын өз көзімен көре алады. Сонымен қатар, екіншісі сыйлыққа акциясы да адамдарды елітетіні белгілі.
- Жеңілдікті көрген адам оған акциямен берілетін зат қаншалықты қажет екенін ұғыну керек. Себебі көп жағдайда ондай амалдар ескі тауарды өткізу мақсатында қолданылады. Ал сізге сәннен шыққан немесе мерзімі өтуге жақын қалған тауар қажет пе?, - дейді психолог.
Шек қою маңызды
Расымен «жеңілдік» деген сөз «үнемдеу» сөзімен астасса, «сыйлыққа» сөзі «тегін» деген мағынаны беретіні түсінікті. Сондықтан жеңілдіктің жасалу себебін де анықтап алуға болады.
- Жеңілдіктер маусымдық, үдемелі, мерекелік, жарнамалық, қарапайым болады және олардың әр қайсысының өзіндік мақсаты бар. Мысалы, маусымдық жеңілдіктер сәні өтіп бара жатқан тауарды ертерек өткізуге немесе тауар санын азайтуға бағытталады, мерекелік жеңілдіктер адамдардың мереке кезіндегі тұтынушыларымыз шығынға батпас үшін жасалады, - деп түсіндірді сатушы Лилия.
Адамдарды желіткен жеңілдік қаншалықты тиімді екені белгісіз. Бір күнге ғана созылатын жеңілдіктерден тіптен абай болған абзал. Себебі, қажетсіз бұйымды сіз үйде пайдалануыңыз екіталай. Бірақ жеңілдікті күтіп жүріп, өзін үнемдеушілікке кенелтетін адамдар да жоқ емес. Ондай адамдар көп жағдайда жеңілдік маусымын арнайы күтіп, бағаларды бағамдап жүреді.
- Қажетсіз сауда жасап, ақшаны далаға шашпас үшін адамға 10-15 минут жүре тұру керек. Жеңілдігі бар бұйым басқа бөлімдерде қандай бағамен тұрғанын көріп шыққан дұрыс. Біраз уақыт өткеннен кейін адамның бойындағы эмоцияналды жағдайы, жеңілдікке кенелемін деген ойы біраз басылып, ми саналы жұмыс істей бастайды. Сол кезде сіз жағдайды жан-жағынан қарап, салыстыра аласыз, - дей Шынар Уәзірова.
Ерке Биғазина
Следующая →