Сайлау Камиев: - Аяқ астынан келген бақыттың қадірі жоқ сияқты...
Жаңа ғасырдың алғашқы ширегінде ел-жұрттың сүйіспеншілігіне бөленген «Бәйтерек» тобының мүшесі Сайлау Камиев Өскеменге сый-сыяпатпен келіпті. Бүгінде режиссура саласына бет бұрған әнші шығармашылық жұмыстарымен бөлісті
? Қырғыз жазушысы Мар Байжиевтің танымал туындысын Шығыс төріне алып келіп, табыс еттіңіз. Жалпы, бұл шығарманы тәржімалау барысында қандай қиындықтар болды?
- Бұл аударманың түпнұсқасы, менің білуімше, орыс тілінде жазылған болуы керек. Себебі автор қырғыз жазушысы Мар Байжиев қырғызша жазбайды. Қойылымды тамашалайтын болсаңыз, бір-екі сөздің орыс тілінде қалғанын да байқайсыз. Иә, қазақша баламаларын да іздеп көрген болатынмын. Бірақ, мәні өзгеріп кете берді. Жалпы, өзім аудармашы емеспін, бұл саладағы ең бірінші жұмысым осы болып отыр. Осыған дейінгі аудармаларын да оқып көргенмін, алайда орыс тіліндегі түпнұсқасынан мүлдем басқа жаққа бұрылып кетіп жатты. Сондықтан шамам келгенше Байжиевтің стилінде, соның ойларына байланысты аударуыма тура келді. Өзім қоятын болғаннан кейін мәнін жоғалтпау керек болды. Енді аса бір қиын жұмыс болды дей алмаймын, себебі бұл үлкен көлемдегі классикалық туынды емес, кеңес үкіметі кезінде жазылған дүние.
? Кітап пен фильмдердің айырмашылығы зор. Кейде режиссерлер өз жаңалықтарын енгізіп жатады. Бұл қойылымның жаңалығы қандай?
- Жоғарыда мұның кеңес одағы заманында жазылғаны туралы айттық. Бұл жерде заман көрінісі, өмірі бүгінге біршама жақындатылды. Сол кездерде кішкене сөздер қосылса да, авторға өз мәтінімді түптеп қоспадым. Бұл жерде Байжиевтің түпкі идеясы сақталған. Артық сөз деген бұл жерде тек «радио» ғана. Радиода айтылатын жүргізушілердің сөздерін қостық. Бірақ, радионың өзі де театр үшін жаңалық емес. Осыған дейін де бұл ерекшелік театрмен байланысып келген болатын. Шамам келгенше туындының түпнұсқасына нұқсан келтірмеуге тырыстым.
? Жұмысты жедел орындайтын адамдардың бірісіз бе?
- Қандай қойылым болса да, өзге режиссерлер сияқты сахнада жүріп ойланатын адам емеспін. Ең алдымен барлығын жоспарлы түрде қағазға түсіріп, сызатын жерін сызып барып, актерлермен жұмыс істеймін. Актерлерді барынша қинамауға тырысамын. Әрине, актерлердің көздеген мақсаттарына жеткенін есепке тұтамын. Ал жалпы түрде бас аяғын түгел, тиянақты түрде пісіріп, дайын келемін.
? Сізді дүйім халық «Бәйтерек» тобының мүшесі ретінде таниды. Эстрадалық өнер жолынан қол үзіп кетпеген шығарсыз?
- «Бәйтерек» тобы болған, бірақ тіптен жоқ болды деп айтуға келмейді. Шығармашылық жұмыстар тоқтады. Тоқтағанына да біраз жыл болып қалды. Соңғы әніміз алты-жеті жыл бұрын жазылды-ау деймін. Одан кейін жаңа ән жазылған жоқ. Себебі, көріп отырғандарыңыздай өнерге деген көзқарасымыз өзгерді. Жасымыз да жетті.
? Топтың өмірінен біраз сыр шертсеңіз...
- Біздің негізгі мамандығымыз актерлік саласы және бұл өнерімізді ешқашан сатқан емеспіз. Нұркен Өтеуілов қазір Қуанышбаев театрының актері, Ерлан Малаев та сол театр қабырғасында тер төгуде. Мен қазір режиссураға келдім. Тіпті, түгелімен осы салаға бет бұрдым деуіме болады.
? Режиссура саласындағы тырнақалды ісіңіз қалай басталды?
- Ең алғашқы спектаклім 2013 жылы қойылды. Бұл Ғабит Мүсірепов атамыздың «Қыз Жібек» операсы. Оны опера ретінде емес, музыкалық трагедия етіп, Қуанышбаев театрында қойдым. Жүргеновтен жоғарғы режиссура білімін алып, аталмыш туындыны дипломдық жұмыс ретінде қойдым.
? Сегіз сырлы театр саласынан эстрадалық өнерге бетбұрыс қалай өрбіді?
- Астанаға ең алғаш келгенімізде Қазақстанның бас қаласы енді ғана бой көтеріп келе жатқан болатын. Ол кез келген істі қолға алсаң, ары қарай жалғасып кететін шақ болды. Ең алғаш театрда жұмыс істеп жүргенде жұмысымыздан бос уақытымыз көп болды. Бұл уақытты толтыру бір болса, жай театр актері емес музыкалық-драма актері де болдық. Музыкалық білім қанжығамызда болғандықтан, ән айту біз үшін үлкен жаңалық емес еді.
? Ғаламторда сіздің өмірбаяныңыз қысқаша ғана айтылады. Толықтыра кетсеңіз...
- Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келдім. Сол жерден сегіз жылдық мектепті тәмамдап, ары қарай кәсіптік техникалық училищенен «кең пішіндік трактор-машинисі» мамандығын алдым. Одан кейін Алматыдағы Театр және кино институтына түсемін деп, екі рет құладым. Кансерваторияға да түсе алмадым. Кейін Вокалдық хор студиясына түсіп, консерваторияға қайта түсіп, қайтадан театр мамандығына келіп түстім. Яғни, құлаған жерімнен қайтадан тұра білдім.
? Өмірде сәтсіз де, сәтті күндерді кешіпсіз. Мұның барлығын қалай бағалар едіңіз?
- Жалпы маған еш нәрсе оңай бұйырмайтын. Міндетті түрде қиындықтарымен келеді. Бұған психологиялық, моральды тұрғыдан дайын жүремін. Негізі бұл маған ұнайды да. Аяқ астынан келген бақыттың қадірі жоқ сияқты...
? Шығыс Қазақстанға нешінші рет келіп отырсыз?
- Былтыр наурыз айында Мұхамедқали Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» атты комедиясын «Жасасын махаббат!» деген атпен қойған едік. Театр ұжымы бізді, міне, екінші рет шақырып отыр.
? Шығыс жұртына қандай тілек айтар едіңіз?
- Үш бірдей ұжымның жарқыраған театрда бас қосқаны қуантады. Бірақ, орыс труппасының көрермендері көп екені байқалады. Сондықтан енді керегесі кеңейіп келе жатқан «Жастар театрының» дәл сондай көрерменге ие болғанын қалаймын. Театр - сұлу қыздың мөлдір жасындай өнер дейді. Бүгінгі жастар театрының көрермендері көбейе берсін. Театрға келіңіздер, тамашалаңыздар деймін.
Сұхбатыңызға рахмет!
Следующая →