Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Әр әйел ине ұстай білуі керек

«Елдің көркі қыз, жердің көркі гүл» дегендей, гүлдей жайнап жүрген қыздарымыз қаншама. Тарих толқынында адамзат баласының киім кию үлгісі сан өзгерістерден өткен болатын. Тіпті кейбір ірі магнаттардың өзі киім тігіп қана әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналып отыр

Қыз еркеме кестемімен көркем...


Әрбір ұлттың өзіндік киім кию үлгісі бар. Бірақ, қазіргі заманда дамушы елдердің арасында этникалық үлгілердің барлығы бір стильдің арнасына салынып келеді. Жұмысқа киетін формалар, костьюмдер мен көйлектердің көбі бүкіл әлем тұрғындарына ортақтанып барады. Осы тұрғыда біздің кейіпкеріміз де киім тігу ісімен айналысып келеді.

- Мен Көкпекті ауданы, Белое ауылында дүниеге келгенмін. Алғашқы киімдерімді де ауылдың орта мектебінде үйрендім. 7 сынып оқып жүрген кезімде еңбек сабағынан тігін тігуді үйрендік. Кейін мектепте өтетін шараларда би-билеп өнер көрсететін болдық. Ауылдық өңірде арнайы киімдер сирек кездесетіндіктен әркім өз орайын табуға тырысатын. Сол кездері алған білімімді ортаға салып, киім үлгілерін жасап, тіге бастадым. Міне алғашқы тырнақалды істерім сол кезден басталған болатын, - дейді Әсем Валиулина.

Әсем отбасында ата-анасы мен ағасының ортасында өскен. Қолөнерге алғашқы болып баулығандардың бірі әжесі Майкамал Сағадиқызы еді. Құрақ көрпені тигумен айналысқан әжесі тәжірибесін немересіне дарытып отырған.

- Әжемнің жұмыстарына ерекше қызығушылық танытатынмын. Іс машинасымен тігуді ең алғаш сол кісіден үйренген болатынмын. Өзі бейімделген істің барлығын менімен бөлісті. Әжемнен үйренген тәжірибенің барлығы киім тігу жұмыстарында көптеп көмектесті. Жалпы, ол кісіге айтар алғысым шексіз, - дейді Әсем Асқарқызы.

Ауылдан 9 сыныпты бітіре салысымен Әсем Асқарқызы оқуын Алматы қаласында жалғастырды. Мектептегі білімін тәмамдаған соң Өскемен қаласына келіп С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дефектология мамандығы бойынша оқуға түсті. Жоғарғы білім ала жүріп Әсем жеңіл атлетикамен де айналыса жүрді.

- Университет қабырғасында жүріп бірінші курс таланттары атты шараларға қатыса жүрдім. Бірақ киім тігу жұмыстарымды жалғастыра бердім. Кейін екінші курста іс тігуге барымды салып бақтым. Іс тігу жұмыстарының арнайы курстарына қатысып, тәжірибемді жалғастыра бердім. Түрлі көйлектер мен белдемшелер тігумен айналыстым. Көп жағдайда тапсырыстар бойынша жұмыстар атқарып келдім, - дейді Әсем Валиулина.


Әр нәрсеге асық болсаң да, бір нәрсеге машық бол...


Әсем Асқарқызы алып жүрген білім түрі де қалың бұқараның қатардағы мамандығы емес. Болашақта студент мүмкіндігі шектеулі балаларға тәлім-тәрбие беруші маман болып шығады. Бәлкім қолөнерден алған ептілік қырлары да білім беру жұмыстарында өзінің ізін қалдыратын болар. Әсем Асқарқызы да өз мамандығына адасып келмегенін айтады.

- Қазір психологиялық педогогика және үйлестірушілік педогогика факултетінде оқып жүрмін. Болашақ дефектолог мамандығымның өзі де сан салаға бөлінген. Олар олигофренопедагогика, тифлопедагогика, сурдопедагогика және логопедия деп бөлінеді. Мен логопедия мамандығын игерудемін. Яғни, тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізетін боламын. Айта кету керек, бұл оқуға «Серпін-2050» бағдарламасымен келгенмін, - дейді Әсем Валиулина.

Болашақ мамандығының дипломын алғаннан кейін Әсем Асқарқызы өзінің қол шеберлігін балаларға, шәкірттеріне дарытуды көздейді. Шыны керек, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілігі аталмыш қолөнер түрімен айналысады. Мысалы, облыс орталығында орналасқан «Мүгедек әйелдер» қоғамының мүшелері қазіргі таңда бұл кәсіпті бизнеске айналдырып үлгерген.

- Оқуымды бітіргеннен кейін де, киім тігуді тастамаймын. Сол сияқты мамандығымнан да алшақтамауға тырысамын. Бәлкім екеуін біріктіре алатын шығармын деген үмітім бар. Ондай балалардың да белгілі бір кәсіпке бейім болғаны дұрыс па деп есептеймін. Бәлкім құдай қаласа кәсіпкерлікпен де айналысармын. Барлығы бір Алланың қолында, - дейді Әсем Валиулина.


Шебердің қолы көпке ортақ...


Киім тігу әйелдердің кәсібі. Қазақ халқында бұл қалыпқа еніп кеткен қағида болып келген. Әрине, етік сынды аяқ-киімдерді қара күшке ие ерлер қауымы жасады. Бірақ ине мен оймақтың иесі үй төрінде әйелдің қолында болып келетін.

- Меніңше әрбір әйел адам ине ұстай білуі керек. Байқағанымдай көптеген қыздар тіге алмайды. Үйреніп алатын болса, өздеріне әлдеқайда жақсы болар еді. Ең біріншіден қазіргі кезде киімдер өте қымбат. Әдемі киіну үшін қалталы болуың керек. Екіншіден өзіңе ұнаған түстегі, түрдегі киімдердің кейбірінде лайықты пішіні болмай кетеді. Мұндай сәтте қалтаңның қалыңдығы да, қалағаныңды орындай бермейді. Ал егер өзің тігетін болсаң, кез-келген формада, үйлесімде жарастырып аласың. Түсін де таңдайсың, барлығы өз еркінде, - дейді Әсем Валиулина.

Әсем қазір белдешелер, көйлектер тігеді. Сабағы болғандықтан тек тапсырысқа ғана орындап келеді. Осындай жағдайларға қарамастан Әсем жұмысын барынша ұқыпты, сапалы әрі жылдам орындауға тырысады. Тігіншінің айтуынша, тапсырыс берушінің барлық еркеліктерін көтеруге тура келеді.

- Әрине, кез-келген істің өз қиындығы болады. Әрбір тапсырыс берушінің өз талаптары мен талғамдары болады. Олардың еркеліктерін көтеріп, көңілдеріне жағуға тырысасың. Қажетті көйлектердің маталарын не өздері алып келеді, не тапсырыс арқылы сатып алып отырамын. Айта кету керек, бұл өте маңызды. Жұмыстың қиындығы мен дайындалатын материалдардың қымбаттылығы оның құнын есептейді. Жалпы, жұмысымды клиенттің көңілінен шығатындай етіп бағалаймын, - дейді Әсем Асқарқызы.

Әсем Асқарова қазір тек әйелдердің киімдерін тігумен айналысады. Ерлер костьюмін тігу үшін арнайы тәжірибеден өту керек. Бірақ болашақта қолға алатынын айтады. Қазіргі таңда қазақ оюларымен өрнектелген киімдер, заттар, аяқ киімдер көптеп кездеседі. Әсем Асқарова бұл тәсілдерден ада емес.

- Қазіргі таңда қазақ оюларымен өрнектелген дүниелер өте көп. Әрине, егер тапсырыс беруші қалайтын болса өзі айтады. Бірақ қазіргі таңда ортақ стильдер қалыптасқан. Кейбір сәттері өрнектердің де бүкіл киім сәнін құртып тұратын сәті болады. Сондықтан оны ыңғайына қарай пайдаланған дұрыс. Ал егер, тапсырыс беруші қаласа, оның сөзі заң болмақ.

Следующая →