Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Көпбалалы өнерпаз отбасы

Американың бұрынғы президенті Джон Кеннеди «Мемлекет мен үшін не істеді дегеннен бұрын, мемлекет үшін мен істей алдым» деген сұрақты әр азамат өзіне қойса, кез-келген елдің көркейе түсетініне кепілдік беруге болатынын айтқан

Американың бұрынғы президенті Джон Кеннеди «Мемлекет мен үшін не істеді дегеннен бұрын, мемлекет үшін мен істей алдым» деген сұрақты әр азамат өзіне қойса, кез-келген елдің көркейе түсетініне кепілдік беруге болатынын айтқан. Бұл сөздің мәнін түсіну әсте қиын емес, тіпті қазақтың ұлы даласының төскейінде жүрген қарапайым шаруаны да мысалға келтірер едік. Оның да орайы түсіп тұрған сияқты.


Он баланың әкесі


Жұмаділовтар отбасы Бесқарағай ауданы, Қарабас ауылында мекен етеді. Ауылдан алты шақырым шалғайда жатса да, бұл «династияның» атын естімеген жұрт Шығыс Қазақстанда жоқ шығар. Кейіпкеріміз, Сағындық Қадірұлы Жұмаділовтар отбасының отағасы.

- Он баланың әкесімін. Балаларымыз қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде, аудандағы өзге ауылдарда шаңырақ көтеріп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Төрт балам қазір қолымда. Бірі шаруашылық істеріне қолғабыс етсе, енді бірін әлі әлпештеп өсірудеміз, - дейді Сағындық Қадірұлы әңгімесін бастап.

Бақыт жасқа қарамайды. Бірі алпыс деген асуынан асып ақсақал атанып жатса, бірі қайратынан қайтпай дүниеге сәби әкеліп жатады. Сағындық ағамыздың оныншы баласы 2015 жылы дүниеге келді.

- Мен өзім мал дәрігерімін. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылынанмын. Жасым алпысқа жеткенде оныншы балам дүние есігін ашқан болатын. Оның есімін Жанерке қойған едік. 12 маусым күні құдай қаласа бір жасқа толғалы отыр.

Қазір Сағындық ағамыз алпыс бір асып, алпыс екі жасқа таяп қалды. Бүгінгі таңда «Гүлжан» шауа қожалығын жүргізуде. Қарабас ауылынан алты шақырымда орналасқан шаруа қожалығында жылқы бағады.

- 2012 жылы жарымның атынан «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Гүлжан» шаруа қожалығын ашқан едік. Қожалығымыз қымыз өндіруге бағытталғандықтан, жылқы өсірумен айналысайық деген шешімге келген болатын. Құдай қаласа биыл шілде айында несиемізді өтеп боламыз, - дейді Сағындық Жұмаділов.


Шаруашылық өмірдің тынысынан...


«Жылқы бақсаң – жылайсың» деуші еді атам қазақ. Табиғатынан қилы мінезбен жаратылған бұл жануардың ебін білмеген есесінен жеңілер. Қанат біткен желаяқ жануардың күтімі мәпелеп өсірген балаңнан кем болмайды. Міне осындай жануарды өсіріп жатқан Сағындық ағамыз шаруашылық өмірінен сыр шертеді.

- Шынымен, жылқының киесі бөлек. Төрт көз болып күтетін адамдай аңдисың. Шаруа өмірі болған соң әрқилы жағдайлар да болады. Күтпеген жағдайдан ешкім сақтандырылмаған ғой. Биылғы қыс әдеттегіден ауыр болды. Өлім-жітім жағдайы кездесіп тұрады. Мұның барлығынан сескеніп секем беруге болмайды. Қандай қиындық болмасын төзіп бағасың. Мұнда ең алдымен шыдамдылық керек. Қазіргі таңда ауылдың жылқысымен қосқанда 130 бас жылқы бағудамыз. Өзімдікі дегенім 61 бас жылқы, - дейді Сағындық Қадірұлы.

Қаланың у-шуға толы өмірінен алшақта, табиғат пен адамға байланысатын тылсым өмір әрқашан тыныш болып көрінеді. Алайда, бұл демалысты аңсаған кеңсе адамының көрінісіндегі бейне болар. Мал ұстаған адамның өмірі мүлдем өзгеше болар. Жазда қыстың қамы, қыста амандық қамы.

- Негізі біздің шаруашылық қымыз өндіруге бағытталған. Биылдан бастап бұл істі бастаймыз деп жоспарлағанбыз. Алайда өткен қыс ауыр болды. Бесқарағай ауданында қар ерекше қалың жауғандықтан жылқылар арық болып шықты. Әрине, жаздың бір күні қыстың бір айлық азығы деп шөп жинаймыз. Бірақ кейде оның өзі шөппен ерекше көп қоректенетін жылқы жануарының өміріне талшық болмақ. Сондықтан, қазір жылқылар біраз тыңайып алсын деп шештік, - дейді Сағындық аға.


Өнер мен шаруашылық...


Ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған шаруа қожалығының тірлігі тегіс Жұмаділовтар отбасының қолында. Сағындық ағамыз бажасымен бірлесіп іс жүргізсе де, өнерден алшақ жүрмейтін адам. Уықтай қаз қатар он баласы бір шаңырақты көкке көтеріп тұр. Алты ұл төрт қыздан тұратын алып жанұя шетінен өнерлі жандар.

- Ауданда бәйге өткенде біз әділ-қазылар боламыз. Өткен жылы алпыс жасқа толғаным бар, баламның дүние есігін аман есен ашқаны бар, мал шаптырып бәйге ұйымдастырдық. Бәйгеге Алматыдан, Астанадан және Үржар ауданынан жүйріктерін ертіп талай аламан келді. Шыны керек, бұл да ауданда өткен ауқымды шаралардың бірі болды. Жиырма шақырымдық аламанға байтал тіктім, он шақырымға құнажын, тай бәйгеге бірінші орынға қой тігіп, екінші орындарға тегіс кілем тарттым. Балалардың дидарына әшекейден тарту еткен жайымыз бар, - дейді Сағындық Қадірұлы.

Жұмаділовтар отбасы аудан-ауданды аралап концерттік бағдарламалар ұйымдастырады. Аудан әкімдігімен, ауыл тұрғындарымен бірге мерейлі шаралар ұйымдастырып, халықтың ықыласына бөленген жұрт. Осы тұрғыда Сағындық ағамыз аттанған алыс жолы мен болатын жоспарларымен бөлісті.

- Ұлдарым тегіс әнші. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудандағы 12 ауылдың барлығын аралап қамқорлық концерттерін өткіздік. Былтыр Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап аудан әкімдігімен тағы да концерттер өткізген болатынбыз. Аудан тұрғындарымен тегіс сыйластықтамыз. Енді Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитовтің шақыруымен сол ауданда 2 сағаттық концерттік бағдарламамызды тарту етеміз, - дейді Сағындық Жұмаділов.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты мақаласында өңірлік мәдени шаралардың байланысып, ұлттық болмысымызды асқақтататын шаралар өткізу керектігі туралы жан-жақты баяндаған болатын. Аталмыш отбасының бұл жолда атқарған және атқарар ісі мол болмақ. Тіптен, бұл елбасының тапсырмасына дейін де үлгі болып үлгергені хақ. 

Следующая →