Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Ninety one» тобы Өскеменге келді

Жуықта облыс орталығына кезекті турнемен қазақстандық атышулы «Ninety one» тобы келіп, шығармашылық кешін ұйымдастырған болатын

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылын желеу етіп, өзінің тәуелсіз мінезін, стилін, талғамы мен өнерін танытып келе жатқан топ концерт алдында фан-митинг өткізіп, өз тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді. Халықтың екіұшты пікіріндегі бұл тоқа ең жиі қойлатын, шығармашылық өмірлерін негізге алатын және әр орындаушының жеке өміріне қатысты сұрақтар төңірегінде жауаптарды ұсынуды жөн көрдік.

«Ninety one» тобы да өзінің тырнақалды ісін ақырын бастады. Халықтың арасында түрлі пікірлер қалыптасса да, біртіндеп өз аудиториясын жинап, сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

- Қазірдің өзінде біздің парақшамызға 300 мың оқырман жазылып отыр, - дейді топ мүшесі АСЕ (Эйс). - Шынымен қуаныштымыз. Ең алғаш бізге жүз мың адам жазылған кезде, біз Қытай елінде жүрген едік. Ол кезде де құттықтаған жанкүйерлеріміз болды. Жанкүйерлерімізге шынымен разымыз.

Облыс орталығының тұрғындары топтың шығармашылық жұмыстарына да біршама қызығушылық танытты. Жанкүйерлердің бірі топтың ән жазу жұмысының ерекшелігіне тоқталып өтті.

- Бізде ән жазу барысында өзіміздің жүйеміз бар, - дейді ACE. - Оны ерекшелеп жазуға бар күшімізді жұмсаймыз. Шынына келгенде біз ең алдымен әуенін жазып аламыз. Тек осыдан кейін әннің мәтінін жазумен айналысамыз.

Айта кету керек, «Ninety one» жуықта өз фильмдерінің ресми трейлерін жариялаған болатын. Аталмыш кино тамыз айының 24-ші жұлдызында барлық кинотеатрларда жарияланады деген болжам бар. Сапасы жағынан, мәні мен мағынасы жағынан көрерменнің көңілін белгісіз сезімдерде қалдыратын кино төңірегінде де тыңдармандар көп сауал қойды.

- Кино бір ай ішінде ғана түсірілсе де, көптеген эмоцияға толы болды. Тіпті, киноны эмоцианалды деп бағалауға келетін шығар. Дегенмен, біз әлі де атақты «өрмекші адамның» рөлін сомдай алмаймыз. Біз өз-өзімізді ойнаған соң жеңілдеу болды. Ал нақты бір актерлер сияқты ойнаған әлдеқайда ауыр болар еді... Жалпы, өзіміздің қалыпты өмірді сомдап шықтық, - дейді топ мүшелері бір ауыздан.

«Ninety one» тобы Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан азаматтардан құрылған. A.Z. (ЭйЗи) Азамат Зенкаев – Атыраудан, ALEM (Але́м) Батырхан Мәлік – Өзбекстанның Учкудук деген жерінен, ACE (Эйс) Азамат Ашмақын -Алматы, BALA (Балá) Данияр Құлымша – Ақтөбеден және ZaQ (Зак) Дулат Мұхаметқали – Семейден. Тыңдармандар жұбы жазылмайтын топ мүшелерінің жан-жақта орналасқан туған-жерлері туралы да сұрады.

- Мен негізі Семей қаласында дүниеге келгенмін, - дейді ZaQ. - Ал өскен жерім - Үржар. 17 жасыма дейін сол жердің топырағында аунап өтсім. Ол жерде болмағаныма екі жылдан асыпты. Қатты сағынамын, тіпті, кейде сол жаққа кетіп қалғың келеді. Әзірге орайы келмей жүр.

Шынын айту керек, жерлесіміздің Қазақстандағы ең ерекше топ мүшесі болып жүргені айтарлықтай үлкен қызығушылық тудырды. Топқа келу жолы, қорқынышы мен ұрандары тұрғысында сұрақтарға жауап алынды.

- Топқа кастинг арқылы келдім, - дейді ZaQ. - Алғашында ашық түрде өткен болатын. Жатақханада бірге тұрған досым кастинг өтіп жатқаны туралы әлеуметтік желіден хабарлады. Оның аяқталуына жарты сағат қалған кезде естідім. Жалпы, өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір командадамын. Біз сахнаға шығардың алдында барлығымыз қолымызды ортаға салып тобымыздың атын айқайлап айтамыз. Бұдан біз рух аламыз десек болады. Ал қорқыныш турасында айтар болсам, мен көп нәрседен қорқамын. Шынымды айтсам, өзім социопат бола тұра, сахнада жүрмін. Қазір осындай қырыммен күресудемін.

Жас топтың мүшелері кезінде рэп жанрында әндер орындап келгені жасырын емес. Қазіргі таңда кең белең алып келе жатқан кью-поп жанрының мәніне де тоқталған көрермендер болды.

- Кезінде Рэп мәдениетін бастаған болатынбыз, - дейді АСЕ. - Ал кью-попта бұрыннан бері жүрміз. Поп-музыка деген барлық музыкалық жанрлардың жиынтығы болғасын, тек попты ғана айтады деу қате. Рэп те мұның ішіне кіреді. Біз оны ары қарай дамыта бермекпіз.

«Адамдар өзі танымайтын жаңашылдыққа қорқыныш танытады» деген нақыл бар. Міне, топ та, әні де, стилі де жаңа болса да, олардың тегінде де қазақ халқының қаны жатыр.

- Әкем де, анам да ән айтқан адамдар, - дейді БАЛА атты әнші. - Әкем шамалап термеге, дәстүрлі әндерге жуық болды. Ал анам халық әндерін айтатын. Жалпы, әкемнің ағалары да ән айтады.

Следующая →