Көккөзов Мирас: Қазақ жігіттері боянбаса да әдемі
Шығыстың шырайлы жерінен көптеген талантты өнер иелері шыққан. Бүгінгі таңда дәстүрлі өнерден тыс, мәдениет жолына жаңадан сарын салып келе жатқан «Black and white» тобын ұйымдастырушылардың бірі Мирас Көккөзовпен сұхбаттасқан едік
- Мәдениет тұрғысынан алғанда жаңа жолдың, жаңа өнердің арқауы болдың. Бұл туралы өрбитін әңгімеден бұрын, жеке өмірің мен шығармашылық жолың туралы айта кетсең...
- Өскемен қаласында 1993 жылы дүниеге келгенмін. Бірақ өскен жерім Риддер қаласы және Катонқарағай аудандары. Орта білімімді Риддер қаласындағы «Шаңырақ» гимназиясынан алып, Катонқарағайдағы Белқарағай ауылынан түлеп шықтым. Кейін Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "Алғашқы әскери дайындық мамандығында" оқыдым. Кейін Отан алдындағы борышымды өтеп, әскери кафедра бойынша бағыт алған едім.
- Әскер мен өнердің байланысы болса да, шамалы болар. Бірақ бұл жолды таңдауға не себеп болды?
- Алғаш өнер жолына ағам Мерей Зейнештің жол сілтеуімен келген едім. Шығармашылық тәжірибе жолына түспей тұрып үйімізде студия болған. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей «Black and white» атты студия аштым. Оның өзі жуық арада өзгерістерге толы болайын деп тұр. Ән жазу, клип түсіру сол сияқты өзге де продакшндармен ынтымақтастық орната жатармыз. Мұның барлығы уақыт еншісінде...
- Қазіргі шығармашылық жоспарларың қандай?
- Қазір клип түсіруді ойластырудамыз. Жоспар бойынша ол қазан, желтоқсан айларында жүзеге асар. Әнді, бейнеклип сценариін, афишасын барлығын өзіміз жасаймыз. Бұл жаңа бастама. Сондықтан астарын кейін ақтара жатармыз...
- Бұл саладағы алғашқы қадамың қалай басталды? Музыкалық білімің бар ма?
- Менің музыкалық білімім жоқ. Ағамның берген бағыт-бағдарын желеу етіп, негізімді қалыптастырып келемін. Ол бүгінгі таңда бірталай белестерді бағындырып үлгерді. Айта кету керек, Нью-Йорктегі халықаралық байқаудағы жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арнады. Үлкен шығармашылыққа келмес бұрын ән жазып жүретінмін. Оларды шығарып, жарияламаппын. Барлығын ағымдағы жылдың наурыз айында бастадым.
- Той жағалау көп әншілерге тән. Дегенмен, өзіңе бұл жол жат сияқты...
- Мен тойға шықпаймын. Ол өзге жол. Менің таңдаған жолым мүлдем басқа бағытта. Топты құрдық, бастаған ісімді өрге сүйрей беремін деп шештім. Бірақ той жағаламаймын. Ағама бұл ойларымның барлығын айтқанымда, ол өздігінше рухтандыра білді. Енді, жуықта тағы бір қайырымдылық кешімізді өткізейік деген ойдамыз. Оның қашан, қай жерде өтетіні белгісіз. Барлығы жоспарлау аясында жүріп жатыр. Барлық күшімізді осындай іске сарп етеміз.
- «Black and white» тобының құрылу тарихы қалай болды?
- Алғашқы сәттері «Неге Шығыста өзге облыстардағыдай заманауи шығармашылық топ жоқ?» деген оймен жүрдім. Иә, дәстүрлі, көз үйренген топтар да бар. Бірақ уақыт пен заманның талабына жауап бере алатын топтар жоқтың қасы. Тіпті, ағама Шығыстың тумасы болса да, өз өнерін Астананың атынан паш етеді. Сондықтан тек Шығыс үнін жырлайтын топтың болғанын қаладым.
- Егер Мерей Зейнештей алып сахнаның табалдырығын аттайтын мүмкіндік туа қалса, өзге сахнада ән айтар ма едің?
- Мен өз таңдауымды әлдеқашан жасап қойғанмын. Ешқайда бармаймыз. Дүйім елдің қызығушылығын тудырып жатсақ, Өскеменге келсін, тамашаласын, өнеріміз әрқашан барлығына ашық.
- Рэп жанрында ән орындайсың. Бірақ, бұл жанрға, әсіресе, қазақ рэпіне деген қоғамда пікір екіұшты ғой...
- Қазақтар бұрындары рэп жанрын айтпаған. Рэп «Бақай» тобының «Кім кінәлі?» деген әнімен келген. Кейін адамдар басқа елге еліктеп өз тілдерінде рэп айтты. Бірақ қазақ сөздерін рэпке ұйқастыру оңай болмағандықтан, оның дамуы да біраз кідіріс алғандай болды. Рэпте жаргон сөздердің пайдаланылатыны рас-ақ. Бірақ өз басым, әнге мұндай сөздердің араласқаны әдепсіз болады. Ол әнді де, әнді орындаушыны да бұзады. Аудиторияда теріс пікір қалыптасады. Рэп айтатыным рас, бірақ менің салатын әндерім - қазақша кью-поп. Бірақ нақтылай кетемін, мен боянбаймын.
- Өзің атап өткен «91» тобы боянатыны рас. Халық оларды неліктен қабылдай алмай жүр, өз пікірің қандай?
- Әрине, адамның әдемі болғаны жақсы. Тіпті, «91» тобының стильдерінен де кетары болып отырғаным емес. Меніңше, адамдар мұндай жаңашылдыққа дайын болмады. Оны қабылдай алмауда. Әр нәрсенің ай сияқты қараңғы және жарқын жағы болады. Өз ортасында бұл топ өз бағасын алмай жатса да, олардың әндеріне шетелден қызығушылық тудырып, қазақша үйреніп жатқан өзге елдің адамдары бар.
- «Кей-поп» пен «кью-попты» бөліп айтасың. Мұның айырмашылығы бар ма?
- «Кей-поп» кәріс елінде кең таралған. Ал «кью поп» біз орындап жүрген әндер. Жалпы екі стильдің басты айырмашылығы - киімде. Кью-поп әлдеқайда қарапайым. Ұзын костьюмдер, пальтолар киеді. Шаш үлгісі де барынша қарапайым келеді. Жалпы, қазақ баласына бұл барынша ыңғайлы. Себебі біздің жігіттер боянбаса да сымбатты.
- Топтарыңның құрамы өте үлкен екен. Орындаушылары да жан-жақтан. Осындай аясы кең шығармашылық ұжым қалай жиналды?
- Негізі топ құрылған кезде Шығыстағы жалғыз топпыз ба деген күдік болған еді. Тек кейін жастар өздері келіп, сұранып жатқан кезде көптеген талантты адамдардың бар екеніне көз жеткіздік. Міне, топта әртүрлі сарында ән айтатын, өнер көрсететін 12 адам бар. Біздің мақсатымыз, барлығын біріктіріп, ұжымшыл топтың шығармашылық жолын кеңейте түсу.
Сұхбатыңа рахмет!
Следующая →