Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Бармақ батыр» кім еді?

Самардың сайран тауларынан аса бере жазық даланың жиегінен қалай шыққаныңды да аңғармай қаласың

Көкорай көкпек шөбі жайлаған ауданнан ерекше тарих лебі еседі. Аудан орталығында тұрып алысқа көз жүгіртсең, төңкерілген кеседей «Толағай» тауы, Аягөз ауданы жерінен Қайрақты тауларынан басталып, Көкпекті болып келіп, Жүзағаш болып жетіп, Қылы болып түсіп, Ақсу болып Зайсанға құятын «Көкпекті» өзені де іргеден ағып жатады.

Көкпекті өзенін бойлай берсең, аудан орталығынан 30-40 шақырым жерде сояу жүзін көкке созған мазар орналасқан. Ұзындығы 15 қадам, ені 5 қадам болатын мазардың атауы заман-заманымен өзгеріп отырған. Көкпектінің тұрғындары бұл мазарды осы күнге дейін «Шошақ бейіт», «Қыз бейіт» деп атап келсе, көзіқарақты қарт шежірешілері, ақындары «Бармақ батыр бейіті» деген көрінеді. Ақыры тарих ізін қуалаған зерттеушілер, тарихшылар бұл бейіттің Уақ руынан тараған Қабылұлы Бармақтың бейіті екенін растады.

- Бармақ батырдың дүниеге келген жері туралы деректер әртүрлі. Бірі Ақтөбеде, бірі бұрынғы Торғай облысындағы Алакөлде туған деген дәлелдер ұсынады, - дейді батырдың сегізінші ұрпағы Торғайбай Уәлиұлы. - Дегенмен нақты туған жылы 1703 жыл деп көрсетіледі. Қазақ ханы Абылайдан сегіз жас үлкен болған батыр жастайынан ат үстінде ел тыныштығын күзеткен. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қырғыны кезінде ол қылшылдаған 20 жасында ел қорғанында болған.

Аштық пен соғыстан Жайыққа дейін ойысқан қазақтың күні қараң бола бастағанда ұлтымыздың ұйысып шыққан қаймақтары 1726 жылы «Аңырақай» шайқасында жеңіске жеткен. Бармақ батырлар 1758 жылға дейін жоңғарлар мен алысып қала берген. Батырдың кесенесін, өмір сүрген жылдарын талдауға көптеген ғалымдар, шежірешілер қатысқан.

- Бармақ батыр 18-ғасырда Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысты ұйымдастырушылардың бірі болған, - дейді Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай. - Құжат жүзінде деректер болмаса да, ел аузындағы аңыз әңгімелерде Бармақ батырдың есімі жиі кездеседі. Абылай хан әскеріндегі еңселі батыр туралы Қытай деректерінде де айтылған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек сынды қолбасшылармен бірге елдің Батысы мен Солтүстігін, кейін Шығыс өңірін қорғап, Көкпекті өңірінде өткен ең соңғы шайқаста қаза тапқан. Бәлкім шайқаста ма, шайқастан кейін бе осы зәулім кесене салынған. Бармақ батырға арналған кесене туралы атақты айтыскер ақын, шежіреші Қалихан Алтынбаевтың Көкпекті туралы жыр толғауларында, Көкпекті ауданының тумасы Кәрібай ақынның деректерінде де кездеседі.

Кесененің өзі аты затына сай бармаққа ұқсатып, аспанға шошайтылып салынған. «Бармақтың» тырнақ тұсы ашық болған. Бір қызығы, 260 жыл жаңбырға да, дауылға да шыдап баққан кесененің құрылысында бірде бір шеге қолданылмаған. Жарғақ құлағы жастыққа тимей Орынбордан, Ақтөбе аралығында мәліметтер іздестірген Қуандық Нұрсин ағамыз Бармақ батырдың сегізінші ұрпағы.

- Бармақ батырдың тоғыз ұлы болса, біз сол бір баласының ұрпағымыз. Кейіннен ол кісінің ұрпақтарын зерттей келе 39 үй анықтадық. 1861 жылы Орынбор жерінен Шағырай деген батырдың шөбересі Ойылға көшіп келген. Біз сол Шағырайдан тарадық. Қалған тоғыз баласы туралы деректер жоқ. Батырдың негізгі туған жері Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ломоносов деген кеншарында Есіл өзенінің Шығысқа кілт бұрылған жерінде деген деректі ақсақалдардан білдік. Есілдің жағасында туып, Көкпектіде қаза болған.

Арғын руын Қанжығалы Бөгенбай, Найманның әскерін Қабанбай басқарса, Керей мен Уақты Бармақ батыр басқарған. 80 күнге созылған «Шорған» шайқасында қазақтың танымал 27 батыры шайқасқан. Оның ішінде Бармақ батырдың болғаны туралы Бұқар жырау жырында кездеседі.

- Бармақ батырдың осы күнге дейін айтылмауы – туған жері мен қаза тапқан жерінің алшақтығында, - дейді Қуандық Аманбайұлы. - Орынбордың мұрағатында екі рет, Ақтөбеде үш рет, Торғай өңірінде, Қостанай мұрағатында жиналған деректер 700 бетті құрады. Кейбіреулер батырдың бойының қысқа болғандығын айтып, «Бармақты» лақаб аты дейді. Нақты ақпарат бойынша Бармақтың бойы 2 метр 10 сантиметр, ал Қабанбай батыр 2 метр 15 сантиметр, Бөгенбей 2 метр 18 сантиметр болған.

35 жыл бойы жаумен алысқан батыр, жеңіске бір жыл қалғанда «Қалба» шайқасында барлаушы болып жүріп қайтыс болған. Мыңдықты басқарған батыр әскердің алдында күнұзақ алдыда жүріп, жау әскерінің бабын болжаумен болатын. Міне, осындай жауапты істі мойнына алған батырдың көріпкелдік, сәуегейлік қасиеті болған деген деректер бар. Жоңғар қонтайшысы қуғыншы санының аз екенін көріп оларды қоршауға алған. Атының аяғы суырдың ініне кіріп кетіп, батыр жаяу қалады. Осылайша жау қолынан қаза табады. Биыл батырдың туғанына 314 жыл болса, өмірден озғанына 260 жыл толып отыр.

Следующая →