Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өңірдегі сұлулық шеберлерінің үлкен байқауы өтпек

Әлемнің тұтқасы – әйелде. Әйелдің сұлулығы ақындардан жыр боп құйылса, суретшілердің қаламына шеберлік сыйлайды. Бұл тақырып әйелдің сұлулығы секілді мәңгілік.

«Әдемілік бізге көптік етпейді» деп ақын жырлағандай, кімнің әдемі болғысы келмейді. Жалпы, әйел атаулының сұлу болғысы келетіні жасырын емес. Осыған орай, біз өңіріміздегі бірқатар сұлулық шеберлерімен сұхбат жүргізген болатынбыз.


Қыздарға әсемдік жарасады

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өңірдегі сұлулық шеберлерінің үлкен байқауы өтпек. Сәнді шаш, макияж, маникюр, кірпік өсіру, қас түзету және өзге де бет әрлеу шараларының хас шеберлері «Sulu-2018» сыйлығы үшін өзара сынға түседі.

Шараның ұйымдастырушысы Валерия Мачаликашвилидің айтуынша, аталған сайысқа жұмысын жаңа бастаған мамандар мен кәсіби шеберлер де қатыса алады. Ал көрермен өз кезегінде қатысушыларды бағалап, жеңімпазды таңдайды.

- Бірінші рет жүздеген шаштараз, стильші, косметолог, бет әрлеуші, эпиляция және тырнақ сервисі шеберлері, сондай-ақ, сұлулық индустриясының соңғы трендтерінен хабардар сұлулық шеберлері бір алаңда бас қоспақ. Мұндай шара бізде ешқашан болған емес, - дейді Валерия Мачаликашвили. - Жалпы саны 23 номинация қарастырылған. Байқау ашық түрде ұйымдастырылады. Қатысушылардың жұмыстары мен түйіндемелері «Sulu-2018» премиясының сайтында жарияланады. Сонымен қатар, дауыс беру де ашық жүргізіледі. Яғни, байқаудың қалай өтетіндігін барлығы қадағалай алады.

Сондай-ақ, үздік атағы үшін сұлулық салондары да сынға түспек. Шараның екінші ұйымдастырушысы Марина Маринкинаның пайымдауынша, бұл хас шеберлердің додасына қатысу үшін өзің жайлы қысқаша мәлімет көрсетілген, сондай-ақ, бағыңды сынайтын номинация көрсетілген сауалнаманы толтыру қажет.

- Мәлімдемеге сапасы жоғары фотосуретті қоса беру керек, - деп Марина Маринкина сөзін жалғастырды. - Фотосурет үш ракурста, өңделмеген болуы тиіс. Ал қас жөндеу шеберлері, визажистер, реңші, перманентті макияж шеберлері болса, макияжға дейінгі/кейінгі үлгідегі фотосуреттерді ұсынуы тиіс. Сипаттамасы: не істелді, қандай материалдармен, қандай уақыт аралығында. Ал шугаринг шеберлері фотосуреттер ұсынбайды. Студия, сұлулық, спа салондары мен оқыту орталықтарының иелері жұмыс орындарының көріністері мен экстерьерлерін ұсынады.

Өтінімдер қазірден бастап қабылданады. Электронды нұсқадағы қатысу туралы өтінімді 1 қарашаға дейін sulu.2018@bk.ru электрондық поштасына жолдасаңыз болады. Байқаудың ақтық сыны 3 ақпан күні өтеді. Аталған байқау туралы толық ақпаратты Instagram (логині - sulu2018) және Вконтакте әлеуметтік желілерінде (sulu2018 тобы) көруге болады.

Үміткерлер жайлы толық ақпараттарды біздің басылым беттерінен оқып, олармен танысуға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар, «Sulu-2018» премиясының ұйымдастырушылары арнайы біздің басылымның оқырмандары үшін тек шеберлік сыныптарын ғана ұсынып қоймай, әртүрлі қызмет түрлеріне 50%-дық жеңілдік ұсынып отыр. Аталған жеңілдікке қол жеткізу үшін не істеу керек? Жай ғана «Алдаспан» газетіндегі түбіртекті қиып алып, шебердің қабылдауына жазыласыз.


Шугаринг жайлы не білесіз?

Ару қыз-келіншектер бой түзеп, дене қалыптарын әрдайым күтімде ұстайтыны анық. Бұл ретте депиляция туралы айтпай кетуге болмайды. Біреу білер, біреу білмес, депиляцияның көптеген түрі бар. Ол: қырыну, балауызды депиляция және тағы да басқа. Оның ішінде шугарингтың артықшылығын атап кетейік.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, шугаринг - косметикалық салондар ұсынатын қызметтердің жақында ғана пайда болған түрі.

Алайда, шугаринг - денені артық шаштан тазартудың ең көне әдістерінің бірі болып саналады. Ол - қантты эпиляция, яғни, бұл әдіс бойынша, денедегі артық шаштар тәтті әрі жабысқақ пастамен тазартылады. Бұндай процедураға алғаш барғанда нені білу керектігі жайында жеті жыл тәжірибесі бар шебер Антонина Зиновьева баяндап берді.

- Шугаринг аяқ, бикини аймағы, қолтық қатпарларының терісін тазартуда белсенді пайдаланылады, - дейді өз ісінің шебері Антонина. - Егер де сіз қандай да бір мерекелік шараға немесе еңбек демалысына баруды жоспарласаңыз, онда шугаринг шеберіне алдын ала барғаныңыз дұрыс болады. Негізінен үш күн бұрын барған жөн. Процедура алдында теріге түрлі крем, май, лосьон мен дезодоранттар жағуға тыйым салынады. Ал процедурадан өткеннен кейін бір күн хауыз, солярий, саунаға баруға және косметикалық құралдарды пайдалануға болмайды. Себебі, шугаринг денені артық шаштан тазартатын өзге де әдістер секілді теріге зақым келтіреді. Ал осы зақым келген теріге, тұтастығы бұзылған тері жамылғысына түскен кез келген кір немесе тер өте жағымсыз салдар әкелуі мүмкін.

Егер де теріңізде қабыну, акне, бөртпе, қызару, қабыршықтану, күйдіру сынды белгілер пайда болған жағдайда дереу сізге эпиляция жасаған шеберге хабарлап, оның айтқан ұсынымдарын ұстанған жөн.

- Сіз шугарингті бірінші рет жасатып отырсаңыз, онда алдымен оның әсерлілігін тексеріп алған жөн, - деп түсіндіреді Антонина Зиновьева. - Бір айта кететін жайт, денені артық шаштан тазартудың осы әдісін қант диабетімен ауыратындардан басқа барлық адамдар қолдана алады. Бұдан басқа, аталған процедура 18 жасқа толмаған адамдарға ересектердің рұқсатымен әрі олардың қатысуымен жасалады.

Бұл әдістің әсерлілігі шаштың түрі, тері және әсер ету аймағына байланысты екі аптадан бір ай мөлшеріне дейін жетеді. Бұл көрсеткіш басқа да эпиляция әдістері қатарында өте жақсы нәтиже болып табылады.

- Ең бастысы артық шаштың ұзындығы кем дегенде үш-бес миллиметр болуы тиіс. Карамель тері жабындыларын жұмсартып, ішке еніп, әрбір талшықты тамырымен қоса тазартады, - дейді шебер. - Процедурадан кейін, шамамен бір сағат өткен соң пилинг жасатуға немесе скраб құралдарын пайдалануға болады.

Айта кету керек, эпиляциядан кейін төсек-орын жабдықтарын және жеке сүлгілерді ауыстырған жөн.


Қалың, әрі ұзын кірпік - әр қыздың арманы

Бүгінгі таңда әрбір бойжеткен өзінің кірпігінің ұзын әрі қалың болғанын қалайды. Мәселе сұлу болып елдің көзіне түсу емес, қалың қасты ретке келтіріп, сирей бастаған кірпіктерді қалыңдату. «Табиғатпен таласқым келмейді» дегенімізбен, уақыт өткен сайын сұлулық салонына бару да қажеттілік болып келеді.

Аталған процедуралар алдында нені білген жөн? Ол қаншалықты қауіпсіз? Осыған орай, кірпікті ұзарту мен ламинациялау ісінің шебері Альмира Султангиреевамен әңгіме өрбіткен едік.

- Егер сіз аллергиясы жоқ адам болсаңыз және шебердің ұсынымдарын процедура барысында қатаң түрде орындасаңыз, көзге желім буларының түсуі, көздің жарақаты жайында уайымдамасаңыз да болады, - дейді Альмира Султангиреева. - Шыдамдылық танытыңыз! Себебі, процедура ұзақтығы бір жарым сағаттан екі жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте сөйлесуге, көзді ашуға тыйым салынады! Бұл желім көздің шырышты қабығына тиіп кетпеуі үшін қажет.

Кірпіктің ұзындығын шебер таңдап береді. Егер кірпігіңіз неғұрлым табиғи көрінсін десеңіз, онда «классика» түрін таңдап, жасатқаныңыз дұрыс. «Классика» түрінде өзіңіздің табиғи кірпігіңіздің әрбіріне жасанды кірпік жабыстырылады. Ал кірпігіңіз қалың болғанын қаласаңыз, 2Д немесе 3Д жасатқаныңыз дұрыс. Бұл жағдайда өзіңіздің табиғи кірпігіңіздің әрбіріне бірнеше жасанды кірпік жабыстырылады. Тиісінше, өзіңіздің кірпігіңіз түскен жағдайда оған жабыстырлған жасанды кірпіктер де бірге түсіп қалады.

- Орта есеппен 3-4 аптадан кейін кірпіктердің бірқатары түскенде, кірпік қатары біркелкілігін жоғалтады. Осы себептен кірпіктер онша әдемі болып көрінбейді. Уақыты келгенде жапсырылған кірпіктерді шешу керек немесе түзету жасатуға да болады. Мен оларды шешіп, жаңа жасатуға кеңес беремін. Ал жасанды кірпіктерді өз бетімен шешуге болмайды! - дейді Альмира.

Құрметті оқырман салонда кірпік ұзартқаннан кейін көзіңізді жұмып көріңіз. Сонда сіз кірпігіңіздің өзіңізге ыңғайлы ма екендігін сезесіз. Егер ыңғайсыз болса, дереу шеберге айтқан жөн. Ол барлық олқылықтарды тез арада жөндеуі керек. Сондай-ақ, кірпігіңізді ұзартқаннан кейін моншаға, саунаға бармаған жөн. Тым ыстық және ылғалды ауа желімді бұзады. Сонымен қатар, алғашқы 24 сағатта кірпікке су тигізуге болмайды. Маска, майлы негіздегі кремдерді де пайдалануға болмайды. Бұның барлығы желімнің бұзылуына әкеліп соғады. Сізде көз инфекциясы болса немесе жуықта ғана көзіңізге ота жасалса, кірпікті ұзартуға болмайды. Көзіңіздің толық жазылғандығын күткеніңіз жөн.

- Ұзартылған кірпіктердің күтімі қарапайым. Судан қорықпау керек. Бір күннен кейін жуына беруге болады. Су процедураларынан кейін кірпіктерді шебер берген арнайы тарақпен тарау керек. Мен оларды тегін беремін, - дейді Альмира.

Следующая →