Нұрлыбек Баймұратовқа - 130 жыл
Бесқарағай халқының мақтанышына айналған, қарт жырау Жамбылдың өзі «Дауылпаз ақын» деп баға берген Нұрлыбек Баймұратұлының туғанына биыл 130 жыл толды. Осыған орай, Бесқарағай ауданында айтыс өтіп, бәйге ұйымдастырылды

Суырып салма ақын Нұрлыбек Баймұратұлының сөз сайысында жауырыны жерге тиіп көрмеген деседі. Сайын даланың соңғы жырауы Жамбыл ақынның тағдырын қайталаған Нұрлыбек Баймұратов он жасында-ақ қолына домбыра алып, өлең бастаған. Айтыс ақтаңгері түс көріп, түсінде кемел іс көріп, Қызыр бабадан көген емес, өлең сұраған екен. Ақындық аламанда Иса Байзақов, Нартай Бекежанов, Төлеу Көбідіков, Майасар сынды айтыс сахнасының саңлақтарымен кездесіп, суырылып алға шыққан. Бесқарағайлық ақын айтыс та ғана төбе көрсетіп қоймай, поэзияның ауыр жүгін де қатар арқалаған. Соғыста теңдессіз ерлік көрсеткен Төлеген Тоқтаровтың қаһармандық ерлігін жырлаған «Ер Төлеген», «Қанды жорық» және «Қала сұлуы» атты дастандарды өмірге әкелген. Халықтың мұң-мұқтажы мен арман-тілегін, кем дүниесін тіліне тиек еткен ақын қоғам мен билік арасындағы талас-тартысқа араласып, халқына араша түскен. Басын бәйгеге тіккен нар тұлға абақтыға қамалып, айдауда болса да, жігері мұқалмаған, ерлігі өшпеген. Ежелгі жыраулық тектілігін еш ұмытпай, ханға қарсы сөйлеп, теңдік үшін күрескен. Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды ғасырдың заңғар тұлғаларымен үзеңгілес дос болған. Мұхтар Әуезов Нұрлыбек ақынға «Қала сұлуы» поэмасын жазуға шығармашылық жағынан қол ұшын беріп, баспа көруге қолғабыс еткен.
Осынау халық ақынын ұлықтау тойының алғашқы шымылдығы айтыспен басталды. Облыстың әр өңірінен жиналған және Алматы мен Астана қаласынан келген он ақын бесқарағайлық туманың өмір жолы мен шығармашылық қуатын шабытқа арқау етіп, қоғамның көкейкесті мәселелерін келісті жырмен, көмкерілген оймен жеткізді. Аламанға ат қосқан айтыскерлерді айтпасқа болмас: астаналық Әсем Ережеқызы, аягөздік Қазбек Байжұманов пен Әлішер Қыдырбекұлы, үржарлық Нұрлан Бектібаев, алматылық Аяулым Жұмабекқызы мен Фархат Маратұлы, өскемендік Нұржан Жолбарыс, тарбағатайлық жас айтыскер Ерасыл Сәрсенбаев, семейлік Манарбек Сатыбалды, Қытайдан келген қандас қарындасымыз Саягүл Бірлесбек өнер көрсетті.
- Қолда бар алтынның қадірін біле жүрейік, Нұрлыбек атамыз ұрпаққа ұмытылмасын деген оймен бүгінгі мерейтойды өткізіп отырмыз. Биылғы жыл Бесқарағай ауданында «Нұрлыбек Баймұратов жылы» деп аталған болатын. Нұрлыбек Баймұратовтың өмірі мен шығармашылығын осы күнге жеткізуге үлес қосқан Уәлихан Түгісов пен Асылбек Қожахметұлына, Тоқтаған Какеновқа, мерейтойды өткізуге атсалысып отырған меценаттарға алғысым шексіз. Халыққа жас ақындарды таныстыру үшін де айтысқа ертеңгі күні еліміздің белді сөз жүйріктеріне айналар жас өнерпаздарды шақырып отырмыз. Ақындар да Нұрлыбек бабамыздың өнері мен ерлігін үлгі тұтып, елге таратсын, - дейді Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Еренұлы.
Айтыскерлер Нұрлыбек ақынның өршіл рухын өлеңге қосып, қыз бен ұлдың тәрбиесі, ерлік пен ездік, билік пен қоғам тақырыптарына қозғау салды. Мәселенің мәйегін тамызған ақындар халықтың ерекше ықыласына бөленді. Айтысқа шөліркеп айылы босаған қауымның көңілін дөп басқан ақындар халықпен бірге қобалжып, халықпен бірге толғанды. Әсіресе, жас болса да қас болып келген он жеті жастағы тарбағатайлық жас ақын Ерасыл Сәрсенбаевты айтыссүйер қауым Ринаттай, Рүстемдей ірі ақын болады деп дуалы сөз айтты.
- Нұрлыбек атамыз тек қана айтыскер не жазба ақын ғана емес. Медреседе білім алған ғалым, дәулескер күйші, күрескер қоғам қайраткері, сан қырлы жан. Менің арманым да бір белесте тоқтап қалмай, өзімді жан-жақты дамыту. Сондықтан да бұл сайысқа жаспын деп емес, баспын деп келіп отырмын, - дейді Ерасыл Сәрсенбаев.
Бұл айтыста Саягүл Бірлесбектің бағы үстем болып, бас жүлдені қанжығаға байлады. Бірінші орынды Манарбек Сатыбалды, екінші орынды Фархат Маратұлы алса, ал үшінші орынды Аяулым Жұмабекқызы мен Қазбек Байжұманов бөлісті.
- Сан сахнада өнер көрсетсем де, туған елімнің сахнасы мені біраз қобалжытты. Туған елдің мысы басты. Алайда халықтың демеуі маған қуат берді. Жұрттың айтысқа шөліркеп қалғаны бәрімізге білінді. Туған елдің құрметі мен үшін өте қымбат, - дейді Саягүл Бірлесбек.
Нұрлыбек Баймұратовтың бұған дейін 110 жылдығы және 125 жылдығы аталып өткен. Тәуелсіздік алған жылдары 110 жылдығы аталып өткен тұста Қарағайлы ауылындағы орта мектеп ақынның атына ауыстырылып, мұражайы ашылған. Биылғы мерейтойдың келесі күні аталған мектеп қабырғасында ақынның шығармашылық ғұмырына арналған ғылыми конференция өтіп, мектеп жанында ақынның қоладан құйылған бюсті ашылды.
Ал түске таман аудан ас беріліп, бәйге басталды. Бұған Шығыс өңірінің бапкер, шабандоздарымен бірге Павлодар облысы, Астана қаласынан келген спортшылар қатысты. Тай жарыс, ұшқыр жарыс, топ жарыс және аламан бәйгеге қатысқан шабандоздар суыққа мұздап, іркіліп тұрған халықтың көңіліне күш қосқандай болды. Аламанда ат оздырған Еркебұлан Төлеуғали болса, екінші орынды Ұлан Нұрымжанов, үшінші орынды Сұлтан Хабдуллаев алды.
Следующая →