Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Алдаспан» шығармалар байқауын өткізді

Облыстық «Алдаспан» газеті ұстаздар күніне орай «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» атты қалалық мектептер арасында шығармалар байқауын өткізген болатын. Газет ұжымы 6 қазан күні аталған байқаудың қорытындысын шығарып, ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды

Облыстық «Алдаспан» газеті ұстаздар күніне орай «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» атты қалалық мектептер арасында шығармалар байқауын өткізген болатын. Газет ұжымы 6 қазан күні аталған байқаудың қорытындысын шығарып, ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. 

Шығармалар байқауына қаланың оннан аса мектебінен елу шақты оқушы қатысты. Байқау 5-8-сынып оқушылары арасында өткізілген болатын. Әсіресе, №43 мектеп-лицейі, «Нұр Орда» халықаралық мектебі, №35 орта мектеп, №15 орта мектеп сынды қаламыздың белді білім ордаларының оқушылары белсенділік танытты. Шығармаларды оқу барысында шәкірттердің ұстаздың ұлағатты да қасиетті тұлға екендігін шынайы жан-дүниесімен сезінетіндігіне тағы бір көзіміз жетті. Өйткені әрбір шығарманың тұла бойы өнегелі шәкірттің өз ұстазына деген іңкәр сезімі мен ыстық ықыласына малынып, нәзік сыр мен сұлу әуенге тұнып тұр. Сондықтан байқауға қатысқан оқушылардың ішінен жеңімпазды анықтау қиынға соқты. 

Марапаттау шарасына оқушылар мен олардың ұстаздары, ата-аналары қатысты. 

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар кешімізге қош келдіңіздер. Ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге зор табыс, дендеріңізге амандық, отбасыларыңызға шаттық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз! - деді сөз басында «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС директоры Ольга Чернова.

Салтанатты марапат шарасы концерттік бағдарламамен жандана түсті. Тіпті, оқушылар арасында викториналық ойын ойнатылып, сыйлықтар табысталды.

Байқауға қатысқан оқушылар да өз өнерін ортаға салып, ән шырқап, би биледі.  

- «Алдаспан» газеті мектеп өмірі мен білім саласындағы жаңалықтармен үнемі бөлісіп, ұстаздардың еңбегіне қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі мерекелік шарамызды да ұстаздардың еңбегін ұлықтап, талантты оқушыларды оқырманға таныту үшін өткізіп отырмыз, - дейді облыстық «Алдаспан» газетінің бас редакторы Аяулым Кенесова.

Байқауға ат баптаған бапкер-ұстаздар мен оқушылардың барлығына сертификат табысталып, 5-6-сыныптар мен 7-8-сыныптар арасында жүлделі орындар анықталды әрі бір бас жүлде тағайындалды. Кіші сыныптар бойынша І орынды Аида Төлегенова (№35 орта мектеп), ІІ орынды Айым Алтаева (№43 мектеп-лицейі), ІІІ орынды Аяужан Бақытбекқызы (№22 орта мектеп) алса, 7-8-сыныптар арасында І орынды Нұрым Қалиякпарова (№1 орта мектеп), ІІ орынды Диляра Моюльбаева (№15 орта мектеп), ІІІ орынды Сағыныш Аблакасов («Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаты) алды. Ал бас жүлдені «Нұр Орда» мектебінің 6-сынып оқушысы Жанель Тоқан иеленді. 

- Байқаудың бірінші жүлдегері әрі газеттің үздік оқырманы Аида Төлегенованың және туған-туыстарымның атынан «Алдаспан» газетінің ұжымына зор алғыс білдіремін. Ұжымның басшылары мен ұйымдастырушыларына шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілеймін! Осындай үлкен шаралар әлі де жалғасын табар деген ойдамыз, - дейді І орын иегері Аида Төлегенованың анасы Арайлым Қаймолдина.

Жүлдегерлерден бөлек, «Алдаспан» газетінің ықыласына бөленген он бестен астам оқушыға ынталандыру ретінде облыстық Жастар театрының 13 қазан күні өтетін «Сүйіңдерші адамдар...» атты поэтикалық қойылымына билеттер сыйлыққа берілді. 

Следующая →