Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

20-шы шағын ауданға жарық қашан беріледі?

Өркениетті заманда өмір сүре жүріп, қаланың өзінде жарықсыз, сусыз қалу жайы туралы газетіміздің бірнеше санында баяндаған болатынбыз. Әрине, ол саяжайлық өңірлер болса, бұл жолғы жағдай тікелей қалаға қатысты жерлерде орын алып отыр

Өркениетті заманда өмір сүре жүріп, қаланың өзінде жарықсыз, сусыз қалу жайы туралы газетіміздің бірнеше санында баяндаған болатынбыз. Әрине, ол саяжайлық өңірлер болса, бұл жолғы жағдай тікелей қалаға қатысты жерлерде орын алып отыр. 

Бүгінгі таңда Өскемен қаласының 20-шы ықшам ауданы туралы біреу білер, біреу білмес. Жібек маталар комбинаты өңірі, Көкжал Барақ көшесінің жанындағы жоталарды жанай қоныстанған жер үйлер 20-шы ықшам ауданға жатады. Сегіз жыл қатарынан инженерлік желінің бірін көрмеген бұл өңір тұрғындарының налыс, кейісі қара қазандай болған. Он жылдың ішінде не су, не жарық көрмеген тұрғындардың үміт оты тек биыл шоқтанғандай еді... 

- Сегіз жыл не жарық, не су көрмеген едік, - дейді ықшам аудан тұрғындарының бірі. - Биыл қыркүйек айында қала әкімшілігімен кездесіп, жарық тарту мәселесі көтерілді. Бұл мақсатта қала басшылығы 120 миллион теңге бөліп, мәселенің шешімі табылғандай көрінді. Жарықтандыру жұмыстары басталып кетсе де, түсініксіз орайда басталды. Қазір жарық желілеріне арналған бағандар не тұрғыны, не үйі жоқ қаңыраған бос учаскелерде тұрғызылуда. Үйлер тұрғызылған жерге не діңгек те қағылмады.

Бұл өңірдегі жұмыстар үшін тырнақ ұшы да қозғалмады деу қиын. 20-шы тұрғын ауданындағы магистральді инженерлік жүйелер құрылысы, атап айтқанда, 10 кВ электржелісі және кәріз жүйесі 2008 жылы басталған. Тек сол жылы орын алған дүниежүзілік дағдарыс салдарынан құрылыс аяқталмаған. Сол жылғы жете жобасына сүйенетін болсақ, ықшам ауданда 2,2 мың адам өмір сүрген. Бүгінгі таңда халық санының өскенін айтпасақ та түсінікті болар. 

- Жарықсыз отыру бәрінен де қиынға түседі, - дейді тұрғын сөзін жалғап. - Өркениетті өмірден қалыс қалып бара жатқандай, бұл сұрақ жанымызға қатты батуда. Кейде жедел жәрдем шақырған кезде бұл өңірге бас сұқпайтын жағдайлар да орын алып жатады. Бірінші кезектегі қажеттіліктер болмай тұрып, босағамызды тұрғызып алғандықтан, жыл сайын 16 мың теңге көлемінде салық төлейміз.
20-шы тұрғын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сай жеке тұрғын үй құрылысы үшін 554 жер учаскесі, қосымша 297 жер учаскесі қарастырылған. 2008 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың өтініші бойынша 284 жер учаскесі жеке меншік құқығына рәсімделген. 

- 2009 жылдан бастап жер заңнамасының өзгеруіне байланысты жер учаскесін толық игергенге дейін, мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 567 жер учаскесі уақытша пайдалану құқығына рәсімделген, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қоңырбаев. - 2016 жылы бұл ауданға жүргізілген тексеру және шолу жұмыстары барысында 161 жер учаскесінің игерілгені анықталды. Қазіргі уақытта жарық бағандарының орнатылуымен  «СтройЭлитРиэлти» ЖШС айналысуда. Барлық жұмыстар жобалық сметаға сәйкес және де жұмыс орындау кестесі бойынша жоспарланған. Әкімшілік тапсырмасы бойынша тұрғындары бар үйлерге жарық беру осы жылдың аяғына дейін көзделген. Сол сияқты, 20-шы тұрғын ауданға су құбырын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Ұтып алушы мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын 2017-2018 жылдар аралығында жүргізеді.

Әкім орынбасары кәріз және жолдар салуға арналған жобалық смета құжатына конкурс жарияланғанын, ондағы жобалау ұзақтығының 7 айға созылатынын айта кетті.

Бұл сұрақтар төңірегінде жарық бағандарының құрылысына жауапты «СтройЭлитРиэлти» ЖШС басшылығына да сауалдармен жүгінген едік. 

- Бізде барлығы жоспарлы түрде орындалуда, - дейді компанияның қаржы директоры Азамат Нұрсұлтанов. - Біз жарықты белгілі бір трансформатор арқылы тартамыз. Қазір біз ол жерге шалғай жердегі трансформатордан жалғаудамыз. Біз барлығын кезең-кезеңімен орындаудамыз. Бірінші бағандарды орнатып алып, тек осыдан кейін халыққа жарық тартамыз. Жыл соңына дейін барлық үйді жарыққа қосамыз деген үмітіміз бар. Ал қараша айының 15-і күні бірінші жарық беру жұмыстары жүреді деген болжам бар. Қазір күннің ыңғайына байланысты, бірінші бағандарды орнатып алу керек. Әкімнің тікелей тапсырмасы болғандықтан көзделген 1700 бағанның 1000-ын орнатып тастадық. Бұл өте қысқа мерзімде орындалған жұмыс. Бүгін бағандар болса, ертең дауыл мен қарға қарамастан, жарық тарту жұмыстары жоспарлы түрде өтетін болады.

Құрылыс компаниясының өкілі халықты қызықтырған сұрақтар болса, учаскеде жұмыс істеп жүрген бригадирлерден сұрастырып алуға болатынын айтады. 

Ал жедел жәрдем қызметі бойынша Денсаулық сақтау басқармасы арнайы дәрігерлердің белгілі бір орынға бармай қалған жағдайы орын алмағанын мәлімдейді.
Следующая →