Усть-Каменогорск
пасмурно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    +2°
  • Актобе
    +3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    -2°
  • Кокшетау
    +1°
  • Костанай
    +3°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +7°
$
491.71
529.97
¥
68.69
5.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарма ауданы алтынға бай өлке

Облыс әкімі Бақыршық кен орнындағы байыту кешенінде болып қайтты. Былтырғы жылы компанияның инвестициялық капиталы 29 млрд теңге болған. Ағымдағы жылы 51 млрд теңгені құрады

- Келесі жылдың бірінші жарты жылдығында бұл нысанның қосылатынына сенім бар, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - 90-шы жылдардың соңында, 2000 жылдардың басында бұл жердің геология, кен өндіру орны ретінде қиын өлке екеніне көз жеткізгенбіз. Дегенмен, компания әдісін тауып, бүгін соны қолданып келеді. Бұл жерде алтын қоры жеткілікті болса да, геологиялық құрылымы жұмыс жүргізуге біршама қиындық тудырады. Бұнда 700-ге жуық адам қызмет етуде. Жуықта қорымыздың тағы да үлкейе түскеніне көз жеткізуіміз ықтимал. Қазір, сонымен қатар, инфрақұрылымның дамуына да үлкен көңіл бөлудеміз. Енді 25 жыл бұрын салынған мектепті жөндеуге қаржы бөлуді көздеудеміз.

Компания медицина пунктін, балабақшаны жөндеуден өткізген. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстандағы барлық әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуда. Атап айтқанда терапевтік кешенді, Нұрлы жол саябағын салуда атсалысқан. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі кен орнындағы өнімдерді байыту фабрикасында, кен орнында болып қайтты.

- Нысан құрылысы 65 пайызға дайын деуге болады, - дейді «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС директоры Юрий Овчинников. - Бұл жоба айтарлықтай ерекше. Сол сияқты кен орны да өзінің тарихымен өзгешеленеді. 3 жыл ішінде барлық қауқарымызды көрсетіп келеміз. Кеннің өндірістік көлемі 2 млн тоннаны құрайды. Қазір бұл жерде 687 адам қызмет етеді. Олардың 38 пайызы жергілікті тұрғындар. Мердігерлер саны 370 адам болса, 550 адам құрылыс мердігерлері. Олардың ішінде де көп бөлігі Әуезов ауылының тұрғындары. Әуезов әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, жергілікті халықтың ішінде 6 адам ғана жұмыссыз отыр.

Ал жобаның жалпы инвестициясы 128 миллиард теңге. Тау-кен жұмыстары 2016 жылы басталады деп жоспарланған, кен орнының ерекшелігіне байланысты, қазіргі уақытта 24 млн куб жер игерілді.

- Кенге жету үшін әлі көптеген жұмыстар жұмсалады. Бақыршықтың алтындары өте ұсақ, - дейді Юрий Борисович. - Сондықтан бізге дейін жұмыс істеген компания оны өңдеу барысында біршама қиындықтарға тап болған. Ал біздің технологиялар әлдеқайда шамалы болып отыр.

Кәсіпорын директорының айтуынша, кен орнындағы алтын қоры 280 тоннаға жетеді. 

Следующая →