Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Картоп бағасын қасақана қымбаттатқан

Биыл картоп бағасының құбылып тұрғаны белгілі. Орталық Қазақстан мен Алматы облысында соңғы аптада картоп бағасы 200 теңгеге дейін қымбаттап кеткен

Өскемендік саудагерлер де картоп бағасының өскендігін айтып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл Өзбекстанға елден 800 мың тонна картоп сатылғанын және қыркүйек айындағы бағаның қымбаттауына экспорт себеп болғандығын айтады. Ал қазан айындағы картоп бағасының өсуіне еш негіз жоқ екендігін мәлімдеген, деп хабарлайды «КТК телеарнасының» сайты.

- Қазіргі уақытта 3,5 млн тонна картоп жиналды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 150 мың тоннаға артық, - деп жауап берді ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Асқар Мырзахметов.

Өзбекстанға картоп сатылған кезде оның көтерме саудадағы бағасы 90 теңгеге көтерілген. Содан кейін оның бағасы 75-80 теңгеге дейін түскен. Ал картоп бағасының қайта шарықтауына министр алып-сатарларды кінәлап отыр. Олар бағаны қолдан қымбаттатты, сондықтан араны ашылған саудагерлерді аямайтынын жеткізген.

- Картоп бағасының қымбаттауына алып-сатарлар кінәлі деп ойлаймыз. Өйткені картоптың қымбаттауына қатысты ресми нақты себеп жоқ. Бұған шара қолданылады. Заңнамада шектік бағаны қою мен оны орындау жөнінде арнайы тармақтар бар. Жергілікті атқарушы органдар картоп бағасын тексере отырып, негізсіз қымбаттатылғанын анықтаса, Ұлттық экономика министрлігіне хабарлай алады, - деді вице-министр.

Дегенмен, облыстағы саудагерлер картоп бағасының әзірше қымбаттай қоймағынын айтады. «Дина» көтерме сауда базарында картоп 100-110 теңгеден сатылуда. Ал қала дүкендері мен дүңгіршектерінде 120-130 теңгеден сатылып жатыр.

- Картоп бағасы бір апта ішінде біршама қымбаттады. «Дина» базарында осыдан бір апта бұрын 80 теңгеден сатылған болатын, қазір 110 теңгеге дейін өсіп кетті, - дейді сатушы Ерасыл Мұхтарұлы.

Жұрттың көбі қыста да картоп бағасы қымбаттайды деп жорамалдап жүр. Ал картоп өсіріп-сатумен айналысатын кейбір бағбандар болса, дақыл бағасының көтерілгенін күтіп жүрген көрінеді. 

Следующая →