Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданында жағажай салынбақ

Ұлан ауданында ендігі жылы тағы бір жағажай салынбақ. Бұл жағажай Тайынты ауылы маңайында орналасқан Шыбындыкөл жағалауында ашылмақ

Биыл шілде айында Сібе көлінде отбасылық жағажай ашылған еді. Туристік кешенді салуда аздап тәжірибе жинаған аудан басшылығы ендігі кезекте тағы бір демалыс нысанын абаттандыруды ойлап отыр.

- Сібе көлінде ашылған жағажайға жаз бойы 20 мыңнан астам адам келіп, демалып қайтқан. Өскемен-Шалқар көлі бағытында жолаушылар автобусы қатынады. Сенбі-жексенбі күндері концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Біз Шалқар көлінде жазғы демалыс орнын аша отырып, жағажайдың халыққа қажет екендігін ұғындық. Сондықтан келесі жылы тағы бір жағажай салуды көздеп отырмыз, - дейді Ұлан ауданы әкімі Дәулет Батырбаев.

Тайынтыға қатынайтын тас жолдан бастап Шыбынды көлге дейін жол салынады. Жол тартылған соң, саябақ пен ойын алаңдары салына бастамақ.

- Жер телімі бөлінді. Құжаттамалық жұмыстар жасалуда, - дейді әкім.

Көл маңында құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Аудан кәсіпкерлерінің бірі жағалау маңында теннис пен волейбол алаңын салған. Ендігі жылы кафе мен өзге де демалыс нысандарын салуды ойлап отыр.

Жазда Шалқар көлінде ашылған жағажайға қатысты халық арасында көңіл толмаушылық орын алған болатын. Бірі көл суының лайланғанын, енді бірі жағажайдың ақылы орынға айналып кеткендігін айтып наразылық танытты. Ал аудан әкімі жағажайдың ұйымдастыру жұмыстарында біршама кемшіліктер кеткенімен, жіберілген қателіктерден мол тәжірибе алғандығын әрі ендігі ашылғалы отырған жағажай маңында мұндай кемшіліктердің орын алмайтындығын айтады.

- Қоғам мен тілшілер тарапынан сын айтылды, біз оны қабылдадық. Қоғам мүшелері тарапынан сыни көзқарастың білдірілгені жөн. Бұдан кеткен кемшілік атаулыны келесі жолы жібермейміз. Шалқар көліндегі қамысты отау тәсілін Шыбындыкөлде де қолданамыз. Көл түбін тазалауға да мән береміз. Бұл судың сапасына әсер етеді, - дейді Дәулет Батырбаев.

Шыбынды көлі - Өскемен қаласынан 85 шақырым қашықтықта жатқан Тарғын ауылдық округіне қарасты көл. Көл бөктерін тау мен орман қоршаған. Табиғаты әсем өлке болғандықтан, облыс басшылығы көл аумағын абатқа айналдырып, тұрғындар игілігіне беруді ниет қылған.

Следующая →