Усть-Каменогорск
ясно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарманың үш ауылы жабылады

Шығыс Қазақстан облысының тек 42 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

Статистикалық көрсеткіштердің әрқашан құбылмалы келетіні аян. Дегенмен Аягөз, Жарма, Ұлан, Тарбағатай, Бесқарағай аудандарындағы ауыз су мәселесі бүгінгі таңда әлі де шешімін таппай келеді. Жарма ауданының әкімі өңірдегі ауыз су мәселесі туралы баспасөз отырысы барысында баяндап өтті.

- Бұл көрсеткіштердің барлығы адам санымен емес, жергілікті ауылдармен есептеледі, - дейді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов. - Бұл ретте ауыл сыртынан емес, оның халқының қанша пайызы сумен қамтамасыз етілгенін есепке алу әлдеқайда жөнді болар еді. Қазіргі уақытта Жарма ауданының 70 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал егер ауыл тұрғысында есепке алсақ, бізде 51 ауыл, 1 қала бар. Мұндай статистика бойынша олардың 22 пайызы таза суды пайдалануда. Сол сияқты біздің ауданда жол айрықтары бар. Олар ауыл ретінде саналмаса да, статистика бойынша олар аудан ауылдарының қатарына кіреді. Біз онда ауыз су тарту жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Олар «Қазақстан теміржолы» АҚ еншісіне кіреді. Бұл статистикаға тікелей әсерін тигізіп отырған фактор.

Қазіргі таңда елді мекендердің санын арттыру - басты мақсаттардың бірі. Жарма ауданының бюджетінен 3 ауылды мекенге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптама жүргізілген.

- Сол сияқты жобалау жұмысына 2 ауылға 22 миллион теңге бөлінді. Осылайша келесі жылға 5 ауылға су тарту жұмыстары бойынша жоба дайын болады, - дейді Нұрлан Батташұлы. - Қазіргі таңда Жарық ауылына қаражат бөлу мәселесі шешімін тапты. Ендігі кезекте қалған ауылдар мәселесі шешімін табады деген сенімдеміз.

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында тазалау жүйесі жоқ. Бұл баршаға аян. Қазіргі таңда аудан басшылығы бұл жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отыр.

- Бүгінгі таңда 411 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыру жоспарына кіріп отыр, - дейді Нұрлан Сыдықов. - Осылайша ауылдың ішіне канализация жүйесі тартылады.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда екі-үш үйден ғана тұратын ауылдар кездеседі. Оларға ауыз су тарту тиімсіз, тек шығын әкеледі. Сондықтан аудандық мәслихат оларды жабу туралы шешім қабылдады. Олардың барлығы өзге ұсақ ауылдармен біріктіріледі.

Түтіні қысқарған ауылдар саны қазіргі таңда күн санап өсіп келеді. Бірқатар аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымдарды ауылдарда үйлестіру жұмыстары қаралғанымен, онда үйлер санының аздығына байланысты көптеген жобалар тиімсіз болып отыр. Қазіргі таңда аудан әкімдері мұндай жергілікті мекендерді «ауыл» тізімінен шығарып, өзге өңірлермен бірге қоныстандыру әрекетіне көшкен. Бұл дұрыс шаралар десек те, қалаға ағылған жастар мен тұрғындардың тарихи мекені ұмыт қалады. Бәлкім, бұл замана заңдылығы да болар.

Следующая →