Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қайран 20 секунд...

Қараша қатулы мінезінен әзірге ұстанып тұр. Бірақ «Шығыстың шырайлы» деп тілге тиек етер мінезі күрт өзгере салуы ғажап емес

Бұл тұжырымға былтыр әбден көз жеткізген едік. Қапалақтап қар жауғанда жолдың, жолдағы көліктердің де күйісі қашып, бұйыққан бұқараның ашуы ащы шыққан сәтті қала билігі жақсы есінде сақтаған болар. Осыған орай, басшылықтың биылғы қысқа дайындығын барлап көрген артық етпес.

Өткеннің өтінде өзеуреп сөйлеуге қала тұрғындарының автобус жайын қаузалауы, былтырғы жайтты еске сап еткізгенін мойындау керек. Шындықтың шыңында тұрып сөйлесек, қала тұрғындарының бірі №55 маршрутты сөз етеді.

- Автобустың реті әбден бұзылған, - дейді Ахмер ауылының тұрғыны Серік Ибраев. - Құлқын сәріде құнығып тұрып, автобусты «джекпот» ойнағандай күтесің. Кейбірі араға он минуттық интервал салып келсе, кейбірі ит арқасы қиянда сағаттап жоғалады. Төтенше келіп қалса, аялдамаға аяңдап келе жатқан адамдар кәрі-жасына қарамай, діңкесі құрып жүгіреді. Техникалық тұрғыда автобустардың сыйымдылығында шектеу болуы шарт. Әсіресе, таңертең және кешке кешігіп келген автобустар аузы-мұрнына лық толады. «Заманның тарлығын-ай» дегенге саяды...

«Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі. Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі» деп, бұл сұрақтардың төңірегін тасымал тұғырын ұстап тұрған Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жіберген едік.

Үш күнде берілетін жауапты коммуналды мекеме апта асыра дайындады. Дайындықтың дәйектерін дәндеп жинады ма деген едік... Дегенмен, алған жауабымызды еш өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз.

Алған жауабымыз «Өскемен қаласының маршруттарына қызмет көрсету келісімшарттары шарттың талаптарын келісімшарттың қызмет етуінің толық мерзімінде жұмыс қорытындысына әсер ететін себептерге тәуелсіз орындауға міндетті өзіндік басқарушы субъектілермен жасалған» деп басталады. Бұл жауапқа пікір білдіре алмадық. Дегенмен өзге де жауаптарға назар аударсақ.

- Маршруттың қозғалыс құрамына дайындығына, жоспарлануы мен жұмыстардың ұйымдастырылуына қатысты барлық сұрақтар тасымалдаушылардың құзіреттілігіне кіреді және қолданыстағы заң бойынша мемлекеттік органдар олардың қызметіне араласуға құқығы жоқ, - дейді «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гаухар Сабырбаева. - Қозғалыс графиктерінің орындалуына бақылауды «ЖТБО» ЖШС жүзеге асырады. Қозғалыс кестесін орындамағаны үшін жауапкершілік тасымалдаушымен жасалған келісімшарттарда ескерілген.

Ахмер ауылына №55 маршруттан басқа №255 «Облыстық балалар ауруханасы – Ахмер-2», №42 «Өскемен вокзалы-Ахмер» маршруттары жүреді. Ресми түрде №55 маршрутқа жұмыс күндері 10 автобус және демалыс күндері 9 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс аралығы 10-11 минутты құраса, кешігуші кім? Кешіктіруші кім? Осы сұрақтар төңірегінде №55 бағытқа қызмет көрсетуші «СТ Автосервис» ЖШС-дан жауап алып көрген едік.

- Біз өз тарапымыздан жұмысымызды тиянақты орындаудамыз, - дейді кәсіпорын директоры Мұрат Сандыбаев. - Жуықта әкімдікте өткен жиналыс барысында кінәміздің жоқтығын айтқанмын да. Ертіс көпірінің бойында қалыптасатын кептеліске байланысты белгіленген орыннан шығатын автобустар бір-бірін қуып жетіп алады. Егер сол жердегі бағдаршамның уақытын 15-20 секунд қосып берсе, бірқатар мәселе шешілер еді. Бұл сұрақтарды жол полициясына да мәлімдеген едік. Бірақ ешкім ләм-мим деп жауап қатпады. Барлық жайтты түсіндіргенмін, маған деген олардың еш наразылығы жоқ. Оны барлығы жақсы түсінеді.

Маршрут сұрақтары қашан шешілетіні белгісіз. Тұрғындар тасымалын 15-20 секундтың секемі сергітсе, басшылық мұны да ескерер деген сенімдеміз.

Айта кету керек, биылғы жылы «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының көшелері мен жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК шарт жасасқан. Қазіргі уақытта мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарда 161 бірлік техника бар. Ендігі 15-20 күн салып қыс келсе, тазалық сұрағы 15-20 секундтың қисынын қиындатпас деп сенелік.

Следующая →