Усть-Каменогорск
ясно
+28°
  • Усть-Каменогорск
    +28°
  • Алматы
    +27°
  • Нур-Султан (Астана)
    +25°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +26°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +26°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
465.28
+0.56
499.2
+2.88
¥
64.1
+0.10
5.33
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушы көп, тоқушы жоқ...

Шығыс Қазақстан облысында адвокаттар тапшы. Бұл тапшылықтың орнын толықтыру үшін «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» заң жобасы бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысында адвокаттар тапшы. Бұл тапшылықтың орнын толықтыру үшін «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» заң жобасы бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. 

Мамандық таңдау жолында сан саланың сипатын аша алмай әлек боламыз. Жүрегің анда-мында жұлқынып тұрса да, мектепте жүріп пәніңді дұрыс таңдамасаң, артынша «соқыр тауыққа бәрі бидай» болып кетпесе дерсің. Соңғы жылдары емес, бірнеше жыл қатарынан заң саласына оқуға түсемін деп кеткен жастардың белеңі бәрімізге мәлім. Бұл оқуды таңдаса да, адвокатураға баратындардың саны шамалы көрінеді. 

Әділет департаментінің деректері бойынша Шығыс Қазақстан өңірінде бар-жоғы 400-ден астам адвокат қызмет етеді. Осылайша, халқы бір жарым миллионнан асатын облыс тұрғындарына мыңның жартысына жетпейтін заң біліктілері қызмет көрсетіп келеді. 

- Шығыс Қазақстан облысында барлығы 433 қорғаушы бар. Халық саны бір жарым миллионнан асатын облыс тұрғындарының көрсеткішімен салыстырғанда, бұл өте аз. Есептесек, әрбір маманға 3221 адамнан келеді, - дейді Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев. - Бұл тапшылықтың орнын толтырып, саланы әділетті, әрі ашық ету үшін «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» заң жобасымен бірнеше нұсқалар қарастырылуда.

Болашақта клиенттерінің мүддесін сот алдында қорғайтын сала иелері заңгерлік кеңесі палатасында тіркеуде тұруға міндетті болуы ықтимал. Мамандар еуропалық тәжірибе бойынша адвокаттар қызметінің төлемін тариф сеткасы арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 

- Азаматтар заңгерлік көмектің орташа құнын анықтап біле алады. Бұл құнның негізсіз көтерілмеуіне ықпал ететін болады, - дейді Ерлан Сламханұлы. - 2020 жылға қарай адвокат жұмысы сапасыз орындалатын болса, ел тұрғындары сақтандыру өтеміне үміттене алады.

Адвокаттар мен заңгерлік кеңесінде тәжірибелік жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде жүргізілетін болады. Мұнымен қоса, заң бойынша құқыққорғаушы қызметіне кіру мүмкіндігін жеңілдету көзделіп отыр.

- Кіру жарнасы сияқты мүліктік тосқауыл алынып тасталады. 800 мың теңгеге дейінгі төлем жүргізу екінің бірінің қолынан келе бермейді, - дейді Ерлан Дауылбаев. - Сараптама бойынша, заң саласындағы қызметтің сапалы көрсетілмеуі, азаматтарды қорғау механизмінің жоқтығы, заңгерлік тәжірибесіндегі алақол адвокаттардың болуы, білімдердің тез ескіріп, біліктілікті арттырып отыру қажеттілігі туындаған.

Департамент басшысының айтуынша, денді бәсекелестіктің негізі ретінде адвокаттар коллегиясы төрағалығында ауысым жоқ. Республикалық Адвокаттар коллегиясының төрағалығы 30 жылдан бері ауыспаған. Оның ауысу үрдісі, тек маманның өліміне байланысты ғана орын алып отырған. «Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді» дегендей бұл мәселелердің төңірегін адвокаттардың өздерінен біліп көрген едік.

- Заң ғылымын оқитындар саны жеткілікті болса да, адвокаттық саладағы мамандардың тапшылығын дөп басып айту қиын, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі Думан Әбілмәжінов. - Көпшілік бұл салаға келу үшін мол тәжірибе керек дейтін болуы керек. Бірақ мұндай тәжірибені адвокаттар алқасы ұсына алады. Бұл салаға қызығушылық тудырған кез келген маман бір жыл көлемінде бастапқы тәжірибе алып, бүкіл заңнама бойынша қалай жұмыс істеу керектігі үйретіледі. Алдыңғы жылы кіру жарнасы алынып тасталады. Бірақ мәселе қаражатта емес, себебі мемлекеттік қызметке орналасам деп шығынданып жатқандар жоқ емес. Бұл ретте тест сұрақтарының қиындығын атауға болады. Себебі, Әділет департаментінде тапсырылатын тестте кейбір сұрақтардың жауабын тек тәжірибе арқылы алуға болады.

Екінші мәселе, заң ғылымын бітіріп шыққан түлектердің ешбірі адвокат болғысы келмейді. Барлығы полиция қызметін, прокуратура, сот саласын көздейді. 

- Біздің қатарымызға қосылу ешқандай мәселе емес, - дейді  Думан Жайдарбекұлы. - Мұнымен қоса, қазақ тілін білетін қорғаушылар саны да санаулы. Бір қаланың өзінде оншақты ғана қорғаушы қазақ тілін біледі. Істі қазақша жүргізетін адам аз. Болашақта латын әліпбиін енгізетін болса, жастар тіптен тапшы болады. Алдыңғы буынға бұл қаріппен жұмыс істеу қиын. Жастар кириллицамен оқыса да, латиницаға әлдеқайда икемді келеді.
Заңгердің айтуынша, статистика тұрғысынан бір қорғаушы басындағы 3000 адамды бөліп-жарып қарау керек.

Атап айтқанда, оның мыңнан астамы кәмелет жасқа толмағандар, тағы бір мыңы кәрі ата-әжелеріміз. Кем дегенде, 500-ге жуығы мемлекеттік қызметкерлер. Сондықтан, қорғаушының еншісіндегі қызметті жоғары төлемді деуге келмейді.
Следующая →