Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мамандар жаңа технологияны меңгеруде

Облыста бірегей эндопротездеу үрдісі енгізілмек. Буын аурулары мазалайтындар үшін бұл ота толыққанды өмір дағдысына оралып, өз аяғына нық тұруға таптырмас мүмкіндік бермек

Облыста бірегей эндопротездеу үрдісі енгізілмек. Буын аурулары мазалайтындар үшін бұл ота толыққанды өмір дағдысына оралып, өз аяғына нық тұруға таптырмас мүмкіндік бермек. Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ортопед дәрігерлері эндопротездеу үрдісін бұрын да жасап келген. Алайда қазіргі таңда технологияның дамуына орай дәрігерлер мүмкін емес дүниелерді жүзеге асыруда.
Облыстық ауруханадағы ортопедия бөлімінің меңгерушісі  Сергей Карасевпен бірге Мәскеуден келген қонақ, Ресей халықтар достығы университетінің травматология және ортопедия кафедрасының доценті,  хирург-ортопед маман, медицина ғылымдарының кандидаты  Денис Римашевский ота жасады.  Денис Владимирович Өскеменге науқастардың біріне ота жасасуға көмектесу және жаңа эндопротездеу үрдісін енгізу бойынша шеберлік сыныбын өткізуге келген.

                                                               Аяққа нық тұруға мүмкіндік бар

Ота үстелінде жатқан жас жігіт 27 жаста. Оның аяғынан тұрып кететіні немесе қалған өмірін протезді аяқпен өткізуі дәрігерлердің шеберлігіне тікелей байланысты. 
Бірнеше жыл бұрын бұл азаматқа сүйек онкологиясы диагнозы қойылған. Бірнеше рет протез салған, алайда жанға батқан ауру үдей түсіп, эндопротез ыңғайсыздық танытқан.
- Қазіргі таңда біз пайда болған инфекциямен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тізе буынына арнайы құрылғы орнаттық, эндопротезді заманауи түріне алмастырдық. Бұрын бұндай ота жасап көрмегендіктен, Денису Владимировичтің көмегіне жүгіндік, - дейді облыстық аурухананың хирург-ортопед дәрігері  Сергей Карасев.
Денис Римашевскийдің өзі науқастың аяғын қалпына келтіру үшін барлық жағдайдың жасалғанын айтады. Бұл жас жігіттің аяғын сақтап қалуға бірден-бір мүмкіндік. 
Әзірге қандай да бір болжам айтуға ерте. Егер ота сәтті өтсе, азамат аяғынан нық тұруы мүмкін. 
Бұл эндопротездеудің жаңа технологиясын қолдана отырып жасалған облыстағы алғашқы ота.

                                                                        Қозғалыс еркіндігі


Тізе буындарын эндопротездеуді жарақат алған науқастың жағдайын жақсарту үшін жасайды. Ота үрдісі барысында дәрігерлер буын үстін ауыстырады. Алынып тасталған шеміршек тінінің орнына кобальтты-хромды қаптама орнатылып, ал қаптамалардың ортасына полиэтилен астар салынады. Отадан кейін науқастардың көбінің жанын азаптаған ауруы басылып, белсенді өмір сүре бастайды. 
Жалпы, эндопротездеу жүйесін енгізу елімізде 10 жыл бұрын бастау алған.  Денис Римашевский ол уақытта Қазақстанның әр өңіріне барып, дәрігерлерге кеңес беріп, өз білімі және тәжірибесімен бөліскен. Ол ең ауыр жарақат пен зақымнан кейін де азаматтарды қалпына келтірудің бірегей әдістемелерін меңгеріп үлгерген.
- Осынша уақыт ішінде қаржының жеткіліктілігіне байланысты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Қазақстанның дәрігерлерінің көбі соңғы жылдары өз білімдерін жетілдіріп, шетелдік үздік ауруханалардан шеберлік-сыныптарын өтті, - дейді Денис Владимирович. - Шығыс Қазақстандағы ортопедиялық орталық елдегі мықты орталықтардың бірі саналады. Мен жергілікті дәрігерлермен үнемі серіктестік қарым-қатынастамын.
Айта кеткен жөн, шығысқазақстандық дәрігерлер мамандандыру мен оқытудан өтіп, эндопретезия бойынша оталарды сәтті аяқтауда. Осының арқасында науқастар мен әріптестері тарапынан жоғары баға мен құрметке ие.


                                                               Жаңа технология үміт сыйлайды

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы –  келесі жылдан бастап Stryker фирмасының материалдарын пайдалана отырып эндопротездеудің жаңа әдісін қолданатын елдегі бес аурухананың бірі. 
- Қазір эндопротез буыны өзгеруде, - дейді Денис Римашевский. -  Stryker материалдарын қолданып протездеудің нәтижесі күшті. Бұл әдісте тозбайтын полиэтилен қолданылады. Бұл материалдың мықтылығы бұрын қолданылып келгендерден 98%-ға мықты. Біздің басты арманымыз – отадан кейін науқас тізедегі ауруды мүлдем ұмытса екен. Әзірге кейбір науқастар біраз ауырсыну сезінеді. Алайда біз осы бойынша жұмыс жүргізуді тоқтатпаймыз.
Шығысқазақстандық хирургтер ауыр жарақаттан кейін де науқастың жағдайын қалпына келтіру бойынша бірегей әдістемелерді меңгеріп үлгерді. Денис Римашевскийдің жетекшілігімен жаңа технология бойынша бірнеше ота жасалды. Алдағы уақытта біздің дәрігерлер осындай оталарды өз күштерімен жасайтын болады.
     - Бұл жерде жаңа ештеңе жоқ. Жергілікті мамандар жүйені жақсы біледі. Менің бұл жердегі басты мақсатым тек айрықша сәттерін көрсетіп жіберу еді, - деп атап өтті ресейлік маман.
Ота жасауға қажетті құрал-жабдықтың барлығымен  Stryker фирмасы қамтамасыз етеді. Аурухана тек қажетті мөлшерде эндопротез сатып алатын болады. 
Қалағаныңша қыдыру, спортпен айналысу, билеу сынды  біз үшін әдетке айналған әрекеттер буын аурулары барларға арман екенін біле бермейміз. Бұндай науқастар үнемі ыңғайсыздық сезініп, ауырсынып, барлығынан тыйылып қалады. Алайда жаңа технология бойынша жасалатын ота солардың барлығына аяқтарынан нық тұрып кету мүмкіндігін сыйлайды.

Следующая →