Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мұз жарылса, не істейміз?

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылы қыста мұз жарылып, екі адамның суға кетіп өлім құшқанын айтып, дабыл қаға бастады. Өйткені 2016 жылы облыста мұндай оқыс оқиға болып көрмеген

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылы қыста мұз жарылып, екі адамның суға кетіп өлім құшқанын айтып, дабыл қаға бастады. Өйткені 2016 жылы облыста мұндай оқыс оқиға болып көрмеген.

Оның үстіне, 2017 жылдың желтоқсан айы халыққа біршама жайлы болғаны белгілі. Күн жылынып, қар мен мұз еріді. Содан болса керек, облыста қыс мезгілінде суға кеткен қайғылы оқиғалар тіркеле бастады. Мәселен, 10 жастағы бала Семей қаласындағы Ертіс өзені жағасында, мұздың үстінде ойнап жүріп, суға құлап кеткен. Бала ата-анасының қарауынсыз жалғыз жүрген көрінеді.

Ал қараша айында Бұқтырма су қоймасына балық аулауға барған балықшы да мұздың астына кетіп қайтыс болды. Желтоқсан айында Ұлан ауданындағы Шүлбі су қоймасына барған екі балықшы мұздың астына кетіп, жазатайым бола жаздады. Тек қар кешкіш техникасы мен телефоны, көліктің кілті ғана суға кеткен, өздері аман қалды. Ал құтқарушылар болса, мұздың тым жұқа екендігін айтып, балықшыларға ескерту жасаса да, олар тыңдамаған.

Сондықтан құтқару қызметінің мамандары тұрғындарға тек хабарлама айтып, ескерту жасағаннан басқа ештеңе істей алмай отыр.

Соған орай, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мұздың үстінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін тағы бір мәрте ескертеді.

- Тұрғындар қауіпсіздікке немқұрайлы, жеңілтек қарайды. Ал адам мұзға шығар алдында өзінің амандығын ойлаған жөн. Көбі мұздың қалыңдығын, оның қатқан не қатпағанын, адамды көтере ала ма әлде жоқ па - соны анықтай алмайды. Ал мұны анықтау оңай. Мас болып мұзға шығып кететіндер де көп, - дейді ШҚО ТЖД басшысының міндетін атқарушы Александр Ломыгин.

Ең алдымен, су қоймасы мен өзен бетіндегі мұздың жағдайын жергілікті атқарушы орган тексеріп, оның жарамды не жарамсыз екендігін анықтауы керек. Мұздың үстіне жүретін жол салып, тазалау да, ереже жазып, іліп қою да жергілікті атқарушы органның міндетіне енеді.

Дегенмен, мұздан өтудің, оның қалыңдығын есептеудің қарапайым ғана тәсілдері бар. Бұл - тұрғындар үшін қажет ақпарат.

- Мұзға шығар алдында оның үстінде із бар не жоғын байқап алу қажет. Із жатса, онда бұл мұз адамды не техниканы көтере алады деген сөз. Мұздың қардан аршылып жатқан жерімен жүрген жөн. Өйткені мұздың түсі көрініп тұрады. Мұз жасылдау не ақшыл-көк түстес болса, онда ол қалың болғаны. Ал оның қаттылығын таяқпен не сүйменмен соғып, тексеруге болады. Егер мұз бір рет соққанның өзінде шытынап, бетіне су шығып кетсе, онда дереу артқа қайту керек. Қайтқанның өзінде адымдап емес, артқа қарай ақырыңдап сырғанап қайтқан дұрыс. Мұздың бетіне бұтаның, қияқтың, өсімдіктің өскіні шығып тұрса, мұндай жермен жүрмеген жөн, - дейді департамент мамандары.

Әдетте, мұздың қалыңдығы 7-10 см болуы қажет. Мұндай мұз адамды көтере алады. Оның үстінде жаяу жүруге болады. Ал қалыңдығы 12 см болса, онда конькимен сырғанауға рұқсат.

- Ал балық аулар кезде, бір аумақтан шұбыртып көп шұңқыр қазуға болмайды. Балықшының қолында 12-15 метрлік бау болғаны дұрыс. Оның бір ұшына салмағы 400-500 кг болатын ауыр затты байлап, екінші ұшын өзіне іліп алады, - дейді мамандар.

Аталған амалдың бірде-бірін орындамай, жазатайым басып, суға құлап кеттіңіз делік... Онда судан шығудың амалын жасау қажет.

- Мұз сынып кеткен болса, шапшаң қимылдап, қолыңыз бен аяғыңызды жазып, көлденең жатып, жағаға қарай еңбектеңіз. Ал егер батып бара жатқан адамға көмектескіңіз келсе, оған да еңбектеп, сырғанап бару керек. Әрі мұздың шытынаған бетіне салмақ түсірмеу үшін қатерге душар болған адамға арқан, жіп, баспалдақ, қада, сырғауыл, ағаш, тағы да басқа, қолда бар, құтқаруға мүмкіндік беретін затты ұсына отырып, мұз бен судан шығарып алу қажет. Ал егер қолда мұндай заттар болмаса, онда екі-үш адам бірінің аяғын бірі ұстап, тізбек құрып, жақындап барған жөн. Бірінші болып жақындаған жан оған белбеу, мойынорағыш, киім ұсынып, кері тартады, - деп кеңес етеді мамандар.

Адам суық суда 20-30 минуттың ішінде жантәсілім болып кетуі мүмкін. Сондықтан жағаға алып шыққан адамды тез арада жылы жерге апарып, құрғақ киім кигізу керек.

Облыста өзен мен көл көп, су айдыны ұзын. Қазақстанның бірде-бір аймағында Шығыстағы сынды өзен-көл қоры жоқ. Сондықтан мұз бен судан келетін қауіп те мол. Ал мұндайда құтқару мен қауіпсіздік сақтаудың қарапайым амал-тәсілін біле жүру ешкімге артық етпес.

Следующая →